Головкин - Альварес

Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегіне қатысты жағымсыз дерек шықты

4687
Қазақстандық боксшының командасы кездесудің болатынына күмән келтірді

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің командасы биыл қыркүйекте мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы кездесудің болатынына күмәнданып отыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұдан бұрын көптеген шетелдік сарапшы жазғандай, "Канело" Дэниэл Джейкобсты жеңіп, ал Головкин Стив Роллсты ұтса, қазақстандық пен мексикалық қайта жұдырықтасады. Альварес Джейкобстан басым түсті, Головкин 8 маусымда Роллсқа қарсы шығады. Бірақ GGG командасы үшінші жекпе-жектің болатынына күмән келтіріп, басқа қарсылас тауып қойған көрінеді.

"Канело" Джейкобсты жеңіп, өз шаруасын тындырды. Енді Геннадий Роллсты ұтуы тиіс. Оған шамасы жетсек, "Канеломен" үшінші кездесуге жол ашылады. Мен DAZN және Де ла Хойямен келіссөз жүргіземін. Мәмілеге келе аламыз ба көреміз", - деді Головкиннің промоутері Том Леффлер.

Алайда Леффлер, сонымен бірге, "Канело" – GGG кездесуіне баламаны қоса атады. Оның сөзіне сүйенсек, Геннадий WBC "уақытша" чемпионы Джермалл Чарломен жекпе-жекке шығуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Жанқош Тұраров Головкин мен Елеусіновтің дауына қатысты пікір айтты

"Әлбетте, негізінен ойымызда "Канелоға" қарсы үшінші жекпе-жек, бірақ оны ұйымдастыру қиынға соқса, Чарломен жақсы кездесу өткізуге болады. Мықты боксшы, әлеуметтік желіде танымал, өз-өзіне промоутер", - деді Леффлер.

4687
Кілт сөздер:
Сауль "Канело" Альварес, Геннадий Головкин
Тақырып бойынша
"Артаевқа жол берген..." Геннадий Головкин туралы қызықты деректер
Головкин жеңілмеген боксшы мен бұрынғы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды
Головкин өзіне жаңа бапкер тауып, атын "өзгертіп" тастады  
Данияр Елеусінов Головкин үшін өз жекпе-жегінен бас тартты
Головкин жаңа бапкерін таныстырды
"Іш пыстырды" Головкин Альварес – Джейкобс жекпе-жегі туралы пікір білдірді
 Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс

Майк Тайсон мен Рой Джонс шаршы алаңда кездесті жекпе-жектің толық видеосы

618
(Жаңартылды 12:52 29.11.2020)
Аты аңызға айналған боксшылардың жекпе-жегі бүгін қазақстандық уақыт бойынша таңертең АҚШ-та өтті

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Атақты америкалық боксшылар Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс Лос-Анджелесте Staples Center аренасында жекпе-жек өткізді.

Бұл жекпе-жек "Аңыздар шайқасы" кешінің басты оқиғасы болды. Көптен күткен кездесу ерекше регламент бойынша өтті - әрбірі екі минутқа созылған сегіз раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша екі боксшы тең түсті. Бірақ бұл нәтиже спортшылардың көңілінен шықпады. Майк Тайсон наразылық білдіріп, рингтен кетіп қалды. 

Айта кетсек, Майк Тайсон соңғы рет 2005 жылы жұдырықтасқан болатын. Ол кезде Кевин Макбрайдтан жеңіліп қалған еді. Рой Джонс шаршы алаңға 2018 жылы шығып, Скотт Сигмонды жеңді.

618
Кілт сөздер:
видео, жекпе-жек
Данияр Елеусінов

Данияр Елеусінов қарсыласын нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеу жеңіп алды

4718
(Жаңартылды 10:45 28.11.2020)
Қазақстандық кәсіпқой боксшы намибиялық бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгоны техникалық нокаутпен жеңді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов жартылай орта салмақта IBF Intercontinental белбеуін жеңіп алды.

Елеусінов кәсіпқой бокстағы оныншы жекпе-жегін өткізді. Ол карьерасында алғаш рет белбеу үшін жұдырықтасуға мүмкіндік алды.

Оқи отырыңыз: Дәурен Елеусінов Мексикадағы жекпе-жегі болмайтынын рингке шығар алдында бір-ақ білді  

Елеусінов пен Индонго Голливудтағы кәсіпқой бокс кешінің андеркартында жұдырықтасты, кездесу он раундқа жоспарланды. Кештің басты жекпе-жегі Головкиннің бұрынғы екі қарсыласы – Даниэл Джейкобс пен Габриэль Росадоның кездесуі болмақ. Айта кетейік, Головкин Елеусінов-Индонго жекпе-жегін тамашалады.

Елеусінов бірінші раундта-ақ қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші раундта Индонго екінші рет нокдаун алып, төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Қазақ боксшысы кәсіпқой бокста бірде-бір рет жеңілмеген. Ал Индонго үшін бұл үшінші жеңіліс болды.  

4718
Кілт сөздер:
кәсіпқой бокс, Данияр Елеусінов
Тақырып бойынша
2019 жылғы Қазақстанның ең үздік спортшысы әскер қатарына алынды
Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларға үндеу жасады
Мырзағали Айтжанов Данияр Елеусінов туралы ойын ашық айтты
 Данияр Елеусінов жеңілмеген америкалықты бірінші раундта сұлатып салды – видео
"2 минутта быт-шытын шығарды": Нокаутпен жеңген Елеусіновті Тайсонмен салыстырды