Геннадий Головкин

IBO Головкиннің келесі қарсыласын таңдады

3249
Халықаралық бокс ұйымы әлеуметтік желіде сауалнама жүргізді

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым — Sputnik.  Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы ретінде кімді көргің келеді деген сауалнама IBO-ның Twitter-дегі парақшасында өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сауалнама қорытындысы бойынша бірінші орында – Сауль Альварес (52-1-2, 34 КО). Оған бокссүйер қауымның 59%-і дауыс берген. Одан кейін Деметриус Андраде (27-0, 17 КО), Билли Джо Сондерс (28-0, 13 КО) және Джермалл Чарло (28-0, 17 КО) жайғасты.

​Айта кетейік, Геннадий Головкин IBO белбеуін 2011 жылы жеңіп алған. Қазақстандық боксшы 2018 жылдың қыркүйегінде Сауль Канело Альварестан жеңіліп, белбеуіне айырылып қалды.

Тағы оқыңыз: "Канело" өзін жекпе-жекке шақырған Головкинге күтпеген жауап берді

Головкиннің соңғы жекпегі 9 маусым күні өтті. Ол канадалық боксшы Стив Роллсты (19-1, 10 КО) төртінші раундта нокаутқа түсірді. Кейін отандасымыз мексикалық боксшы Сауль Канело Альвареспен жұдырықтасқысы келетінін айтқан болатын.

3249
Кілт сөздер:
қарсылас, IBO, Геннадий Головкин
Тақырып бойынша
"Біздің дәлеліміз бар" Елеусіновтің командасы Головкинге жауап берді
"Ашығын айтайын..." Данияр Елеусінов Головкинмен арадағы дауға нүкте қойды
Головкиннің даулы жекпе-жегі, "Астананың" жеңісі, допинг дауы: Биыл спортта нендей жаңалық болды?
Голливудтың танымал актері Головкин туралы фильм түсірді
Бұрынғы әлем чемпионы Жанқош Тұраров туралы не ойлайтынын айтты
Бокстан құрама жаттығу

Қазақстандық боксшы мексикалықты бір минутқа жеткізбей нокаутқа жіберді видео

3374
(Жаңартылды 13:02 21.11.2020)
Серік Мұсәділов пен Даниэль Нахераның жоспарланған алты раундтық жекпе-жегі 43 секундтан кейін аяқталды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. "Панда" лақап атымен танылған жеңілмеген қазақстандық боксшы Серік Мұсәділов мексикалық қарсыласы Даниэль Нахераны 43 секунд ішінде нокаутқа түсірді.

Бокс кеші АҚШ-тың Флорида штаты Хайалиа қаласында өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық боксшы мексикалық Даниэль Нахерамен (9-5-1, 4 КО) қолғап түйістірді. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған еді, алайда 43 секундта Мұсәділовтің жеңісімен аяқталды. Нокаутқа түскен мексикалыққа есін жию үшін орындық қажет болды.

Осылайша Серік Мұсәділов өзінің сегізінші жеңісіне қол жеткізді – бүкіл жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған.

Ал Даниэль Нахера кәсіпқой рингте алтыншы рет жеңілді.

3374
Кілт сөздер:
видео, жекпе-жек, боксшы
Тақырып бойынша
Қазақстанда туып-өскен аралас жекпе-жек шебері қарсыласын нокаутқа жіберді
Арман Оспанов ресейлік файтерді жойқын нокаутқа түсірді – толық видео
Бірде-бір рет жеңілмеген қазақ боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді: видео желіде жарияланды
Чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекте қазақстандық спортшы нокаутқа түсті - видео
Геннадий Головкин

Головкин Шеремета жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды

53
(Жаңартылды 12:44 20.11.2020)
Жекпе-жек 18 желтоқсан күні АҚШ-тың Сан-Антониода штатындағы  Alamodome залында өтеді жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. Қазақстандық танымал боксшының промоутері Эдди Хирн IBF және IBO тұжырымдарының орта салмақтағы чемпионы Геннадий Головкин мен Камил Шеремета жекпе-жек өткізетін күнді жариялады.

Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) 18 желтоқсанда АҚШ-та Сан-Антониода Alamodome залында поляк Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасады, деп хабарлайды Sports.kz.

Эдди Хирн мұндай ақпаратты БАҚ өкілдеріне растап, жақын күндері жекпе-жек ресми түрде жариялануы мүмкін екенін жеткізді.

Оқи отырыңыз: "Тұрмысқа шыққаннан кейін спорттан кету керек": боксшы Назым Қызайбай сұхбат берді

Айта кетейік, бастапқыда Головкин-Шеремет жекпе-жегі 2020 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған болатын. Алайда алдымен Геннадийдің жарақатына, кейіннен COVID-19 пандемиясына байланысты кездесу бірнеше рет кейінге шегерілді.

Ал бұған дейін DAZN стримингтік қызметі тек GGG-мен қаржылық шарттар туралы келісуі керек деп хабарлаған.

53
Кілт сөздер:
Геннадий Головкин, спорт, кәсіпқой бокс
Тақырып бойынша
"Майк Тайсон деп айқайлады": боксшы жекпе-жек кезінде қарсыласын тістеп алды
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Видео жарияланды – өзбек боксшы қазақстандықты нокдаунға жіберді
Бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық боксшы желіде видео жариялады
Қазақстандық боксшы қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа түсірді - видео
кітапхана

Қазақстан кітапханаларында электронды кітаптарды ақшаға жүктеу ұсынылды

0
Сенатор кітапханалар мен мұрағаттар мәселесін көтерді, олардың материалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін ұсыныс айтты

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп кітапханаларда электронды кітаптарды жүктеуді ақылы етуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенатордың айтуынша, ұлттық кітапханалар мен мұрағаттарда құжаттар мен жазбаларды сақтау ісіне жеткілікті көңіл бөлінбейді. Ал көне жазбаларды санитарлық нормаларға сай сақтамаса, көзге көрінбейтін әртүрлі паразиттер жеп қояды. Мұндай жағдайда түпнұсқаларды келешек ұрпаққа жеткізу қиындайды.

"Eлордадағы Ұлттық архивке қарасты қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығын алайық. Орталықтың қолжазбалар мен сирек кітапты сақтайтын жері өте тар. Қор көбейген сайын, ғимаратқа сыймай барады. Орталықтың ғимараты еуропалық талаптарға мүлдем сай емес. Көрермендерге арнап дайындаған көрмесі де өте кішкентай", - деді Жүсіп премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында.

Айтуынша, кітапханаларды цифрландыру сапасы да сын көтермейді.

"Шет елдердегі архив, кітапханалар өз қорларын түгел цифрландырып жатыр. Ал бізде көпшілігінің цифрландыру сапасы өте төмен. Цифрландырылған сирек қолжазбалар мен кітаптардың оқылуы қиын. Көшірменің сапасы да нашар, жүктеп алуға келмейді. Сондықтан кітаптардың оқылымын тегін етіп, бірақ жүктеуін ақылы етер болса, бұл олардың материалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік берер еді", - деп санайды депутат.

Ол елімізде реставрация саласы да дамымағанын тілге тиек етті. Нұртөре Жүсіптің пікірінше, реставраторларды арнайы даярлау ісімен бірге, олардың денсаулығына да көңіл бөлінуі тиіс. Себебі қолжазбамен жұмыс істеу, оны реставрациялау денсаулыққа зиянды.

0
Кілт сөздер:
кітапхана