Спорт

Тоқаев елордалық хоккейшілерді тамаша жеңісімен құттықтады

© Официальный сайт ХК "Барыс"Барыс - Акбарс ойыны
Барыс - Акбарс ойыны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Барыс" хоккей командасы Қазақстан президенті кубогын ұтып алды

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы президенті кубогын жеңіп алған елордалық "Барыс" командасын құттықтады.

© Официальный сайт ХК "Барыс"Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин "Барыс" командасына Президент кубогын табыс етті
Тоқаев елордалық хоккейшілерді тамаша жеңісімен құттықтады - Sputnik Қазақстан
Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин "Барыс" командасына Президент кубогын табыс етті

"Барыс" хоккей командасы халықаралық клубтық турнирде дәстүрге айналған Президент кубогын ұтып алды. Хоккейшілерді және жаттықтырушыларды тамаша жеңістерімен құттықтаймын!", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы шайбалы хоккейден 10-шы мерейтойлық халықаралық турнирдің ашылу рәсіміне қатысып, "Барыс" пен қазандық "Ак Барс" арасындағы ойынды тамашалаған еді. Бұл ойында елордалық команда "Ак Барсты" ойсырата жеңді – 6:1.

Тағы оқыңыз: Тоқаев "Барыстың" матчына барып, "Ак Барсты" қалай ойсырата жеңгенін тамашалады 

"Барыс Арена" мұз сарайындағы турнир 7-11 тамыз аралығында өтті. Оған "Барыс" пен "Ак Барстан" бөлек, "Нефтехимик" (Нижнекамск), "Автомобилист" (Екатеринбург) және "Салават Юлаев" (Уфа) қатысты.

Жаңалықтар
0