Боксшы Василий Левит

"Өте ұят шешім": Қазақстан Левиттің жекпе-жегіне қатысты AIBA-ға хат жолдады

3652
(Жаңартылды 10:51 22.09.2019)
Қазақстан бокс федерациясы Екатеринбургте өткен ХХ әлем чемпионатының төрешілеріне наразылық білдірді  

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан бокс федерациясы АІВА президенті міндетін уақытша атқарушы Мұхаммед Мустасанға хат жолдады. Хатты Ұлттық олимпиада комитеті жариялады.  

Қазақстандық тарап Ресейдегі әлем чемпионатының жартылай финалында Василий Левит пен эквадорлық боксшы арасында өткен жекпе-жектің нәтижесіне күмән келтіріп, түсінік беруді сұрады. 

"Іріктеу айналымдарында төрешілердің бірнеше рет күмәнді шешім қабылдағанына куә болдық. Ал әлем біріншілігінің жартылай финалындағы 91 келідегі қазақстандық Василий Левит пен эквадорлық Хулио Цезарь Кастилльо Торрес арасындағы кездесудің шешімі тіпті ақылға қонбайды", - делінген ҚФБ атқарушы директоры Бекжан Бектеновтің хатында.

Ол аталған жекпе-жекті тамашалаған қазақстандық сарапшылардан бөлек, Олег Саитов, Алексей Тищенко, Егор Мехонцев және Григорий Дрозд сынды шетелдік мамандарың өзі бұл сында Василий Левиттің жеңіске жеткеніне сенімді екенін атап өткен.

"Үш раунд бойы қазақстандық боксшысының басым болғанын көзі қарақты жанкүйердің бәрі байқады. Алайда АІВА төрешілері неліктен мұндай шешім қабылдағандарын түсіндірген жоқ. АҚШ, Оңтүстік Корея және Угандадан келген үш төреші жеңісті эквадорлық боксшыға берген. Тіпті, Оңтүстік Кореялық төреші Левиттің қарсыласына 30:27 есебімен жеңісті берген!", - деп жазылған құжатта.  

Тағы оқыңыз: Левит төрешілердің шешіміне аң-таң болды – видео

Трибунадан тамашалаған жанкүйерлерге кездесу толықтай көрінбеуі мүмкін, бірақ сарапшылар телевизиялық және интернет көрсетілім арқылы жекпе-жекті қайта қарап, Левитті жеңімпаз деп танып отыр.

Сондай-ақ хатта Левиттің бапкерлері неліктен наразылық білдіріп, шешімді қайта қаруға қол жеткізе алмағаны түсіндірілген.

"Жаңа ережеге сәйкес, бапкерлердің шағым түсіріп, төрешілер шешімін қайта қарауға мүмкіндік бар. Бірақ эквадорлық боксшының қолын көтергенде өз көзіне сенбеген жаттықтырушылар эмоцияға ерік беріп, шаршы алаңнан кетіп қалған. Бірнеше секундтан соң шағым беруге келген бапкерді төрешілер алқасы қабылдамай қойды", - дейді Бектенов.

Ол сондай-ақ Василий Левитке Рио Олимпиадасында да қиянат жасалғанын еске салды.

"Рио Олимпиадасындағы Евгений Тищенко мен Василий Левит арасындағы жекпе-жек есіңізде шығар?! Төрешілердің өте ұят шешім қабылдағаны бокс мәртебесіне сызат түсіріп, аталған кездесуді бүкіл әлем талқылаған болатын. Осыдан соң АІВА тұтастай реформа жасап, төрешілерді қайта қарайтынын, жемқорлықтың жолын жабатынын мәлімдеген еді. Алайда, Екатеринбургтегі әлемдік сында АІВА бұл уәдесінде тұрмады", - делінген хатта.

Қазақстан ұзақ жылдар бойы АІВА бастамаларын қолдап, тіпті, үздік федерация атанды.

"Бүгін, финалдық бәсекелер қарсаңында сізден әділ әрі таза төрешлікті қамтамасыз етуді сұраймыз. Әлем чемпионаты аяқталған соң Қазақстан бокс федерациясы АІВА жарыстарындағы төрешілікке қатысты ресми түсінік беруді және Сізден қандай шаралар қабылданғанын жеткізуді сұрайды", - деп түйіндеді Бекжан Бектенов. 

3652
Кілт сөздер:
хат, әлем чемпионаты, Василий Левит
Тақырып бойынша
"Алға, Бекзат!": 22 жастағы қазақ боксшысы әлем чемпионы атанды - видео
Қазақстандық WBC чемпионы жеңілмеген америкалықты нокаутқа жіберді - видео
Де ла Хойя GGG – "Канело" үшінші жекпе-жегінің мерзімін ресми жариялады
Қанат Ислам көпбалалы ананың арманын орындады
Василий Левит әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірер емес – видео
Хабиб Нурмагомедов

Қазақстандық спортшы Хабиб Нурмагомедовтің інісімен жекпе-жекке шығады

32
(Жаңартылды 12:51 18.01.2021)
2021 жылдың 20 қаңтарында өтетін кездесу Сергей Морозов пен Омар Нурмагомедов үшін UFC-тегі дебют болады

АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов туысы Омар Нурмагомедов қазақстандық Сергей Морозовқа қарсы жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын айтты.

2021 жылдың 20 қаңтарында өтетін кездесу Сергей Морозов пен Омар Нурмагомедов үшін UFC-тегі дебют болады. 

"Барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр, 20 қаңтарда Омар қуантуы тиіс. Барлық ауыр жаттығулар артта, салмақты реттеу ғана қалды, кестеден озып келе жатырмыз", - деп жазды Хабиб Instagram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Khabib Nurmagomedov (@khabib_nurmagomedov)

Қазақстандық спортшы Сергей Морозов желідегі парақшасында сурет жариялап, жекпе-жекке дайын екенін жазды. 

"Салмақты реттеу ғана қалды, жекпе-жекке дайынмын. Қазақстан, алға", - деп жазды Морозов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сергей Морозов (@morozclub777)

Айта кетейік, бастапқыда жекпе-жек 2020 жылдың аяғында өтеді деп жоспарланды. Алайда қазақстандық спортшының ауырып қалуына байланысты кейінге шегерілді. Бұдан соң жекпе-жек 20 қаңтарға жоспарланған UFC on ESPN 20 турниріне ауысты.

 

32
Кілт сөздер:
Хабиб Нурмагомедов
Тақырып бойынша
Хабиб Нурмагомедов қазақ қызына бағалы сыйлық тарту етті
Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға жасырын келіп, игі іс жасады
Хабиб Нурмагомедов Франция президентіне жауап берді
Хабиб Нурмагомедов Қазақстанда турнир өткізбек
Хабиб Нурмагомедовтың әкесі қайтыс болды
Юлия Путинцева

Қазақстандық теннисші Голливуд жұлдызын тәнті етті видео

301
(Жаңартылды 11:28 18.01.2021)
Юлия Путинцева қонақ үйдегі бөлмесінде карантинде отыр, спортшы теннистен Австралия ашық чемпионатында сынға түседі

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Голливуд жұлдызы, режиссер, "Оскар" сыйлығының лауреаты Рассел Кроу қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваға тәнті болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстандық спортшы Twitter-де қонақ үйдегі бөлмесінде алдағы чемпионатқа қалай дайындалып жатқанын көрсетіп, видео жариялады.

Рассел Кроу Путинцеваның жаттығуына баға беріп, видеоны өз парақшасында бөліскен.

"Australian Open-дағы (теннистен Австралия ашық чемпионаты) менің жаңа сүйікті теннисшім", - деп жазды Голливуд актері.

Рассел Кроу "Гладиатор", "Секреты Лос-Анджелеса", "Ной", "Игры разума", "Отверженные" және "Мумия" фильмдеріндегі рөлі арқылы кеңінен танымал. 2001 жылы "Оскар" сыйлығының лауреаты атанды.

sports.kz хабарлағандай, Юлия Путинцева мінген ұшақта үш жолаушының коронавирусқа қарсы тесті оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты қазақстандық теннисші Мельбурнде қонақ үйдегі нөмірінде карантинде отыр.

301
Кілт сөздер:
видео, Голливуд, теннис
Архивтегі фото

Павлодар облысы әкімдігінде қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді

0
Мемлекеттік мекемелер құрамына жаңа қызметкерлер тартылмайды. Ведомстволардың штат саны қолда бар қызметкерлер есебінен қалыптасады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Павлодар облысында екі басқарма біріктіріліп, жаңа басқармалар құрылды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен индустриялық-инновациялық даму басқармасы біріктірілді.

"Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Павлодар облысының бизнес, өнеркәсіп және инновациялар мәселелеріне бақылау жасайды", - делінген хабарламада.

Өңірде цифрландыруды дамытумен айналысатын цифрлық технологиялар басқармасы жеке құрылымға шығарылды.

Ауыл шаруашылығы басқармасында да өзгеріс болды. Бұрын бұл ведомство ветеринарияға да жауапты болса, енді онымен ветеринария басқармасы айналысады. Сонымен қатар Павлодар облысында дін істері басқармасы қайта құрылды. 

Оқи отырыңыз: 2021 жылы Нұр-Сұлтанда не өзгереді 

Басқарма құрылымдары бекітілді. Ведомстволардың штат саны қолда бар қызметкерлер есебінен қалыптасады. Мемлекеттік мекемелер құрамына жаңа қызметкерлер тартылмайды.

0