ММА шебері, архивтегі фото

Британдық қарсыласын үш секундтың ішінде бір соққымен сұлатты видео

941
Жекпе-жек бар-жоғы үш секундқа созылды. Британдық қарсыласының соққысына жауап қайтарып, оны нокаутқа жіберді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Британдық спортшы Рикки Уайатт RAGED турнирінде аралас жекпе-жек тарихындағы ең жылдам нокауттардың бірін жасады.

Уайатт пен Янник Мезеповс арасындағы жекпе-жектің видеосы спорт ұйымының Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

Жекпе-жек бар-жоғы үш секундқа созылды. Британдық қарсыласының соққысына жауап қайтарып, оны нокаутқа жіберді.  Мазеповс құлап түскеннен кейін, төреші дереу кездесуді тоқтатты.

941
Кілт сөздер:
ММА, видео, нокаут
Тақырып бойынша
Ниндзя стиліндегі ерекше жекпе-жектің видеосы – көрермен мұндайды күтпеді  
Жанкүйерлер тарихтағы ең жылдам нокаутқа куә болды
Ресейлік қазақ қарсыласын 100 секунд ішінде нокаутқа жіберді – видео
Ең жылдам нокаут: Бұрын жеңілмеген файтерді 5 секундта құлатты – видео
Илья Ильин Sputnik студиясында өткен баспасөз мәслихатында

Илья Ильин сүйінші жаңалығын бөлісті

840
Әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде жазды

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Танымал қазақстандық спортшы Илья Ильин Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері болып тағайындалды.

Ауыр атлет сүйінші жаңалығын Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

"Тағайындау! Ильин Илья Александрович ҚР БҒМ "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы" РМҚК дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері лауазымына тағайындалды", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Илья Ильин (@ilyailyinforever)

Биыл 10 қыркүйекте Ильин Қазақстандық спортшылар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқаратынын мәлімдеген еді. Танымал спортшы туған жерінде спортты дамытуға қатысты үлкен жоспарларының бар екенін жеткізді.

Ал 8 қазанда ауыр атлет "Халық алғысы" медалімен марапатталды.

840
Кілт сөздер:
жаңа қызмет, спортшы, Илья Ильин
Тақырып бойынша
Ауруханаға түсіп қалған Илья Ильин видео жариялады
Илья Ильин алтын медаль ұтып алды - видео
Илья Ильин "Халық алғысы" медалімен марапатталды
Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды
Хабиб Нурмагомедов

Хабиб Нурмагомедов Қазақстанда турнир өткізбек

31
(Жаңартылды 11:27 03.12.2020)
EFC-дің екі турнирі келесі жылы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өтуі мүмкін, деп мәлімдеді Хабиб Нурмагомедов

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан — Sputnik. Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов өзінің Eagle Fighting Championship (EFC) промоушенінің жоспарын бөлісті.

Ол келесі жылы Қазақстанда өтуі мүмкін жекпе-жектер туралы айтты.

"Шетелде Ташкентпен келісімшарт бар. Наурыз айында Бішкекте турнир өткіземіз. Келесі жылы Қазақстанда ұйымдастыру жоспарда бар. Саны емес, сапасы мықты болса деймін. Сондықтан жылына 12-14 турнир өтуі мүмкін", - деді Нурмагомедов баспасөз мәслихатында. 

Еске сала кетсек, 24 қазанда Нурмагомедов Джастин Гэтжиді жеңіп, дәл сол күні спорттық карьарасын аяқтайтынын жариялаған болатын. UFC жұлдызының енді жеке промоушені бар.

"Оны әлемдегі үздік ұйымға айналдырғымыз келеді. Бұл алаңда мықты спортшылар, мықты адамдар тәрбиеленеді. Соңғы кезде ММА турнирлері аз, көптеген спортшылар жұмыссыз отыр. Менің халықаралық ұйымда үлесім болды, енді өзіміздің жобаны жүзеге асырамыз", - деді ол.

Нурмагомедов UFC президенті Дэйн Уайтпен сөйлескенін атап өтті.

"Менің промоушенімді UFC-ден көрсету үшін сол ұйыммен келісім жасағым келді. Мәселен, UFC-ге өту үшін спортшы EFC-де қанша кездесу өткізуі керек. Файтер 6 жекпе-жекке келісімшарт жасайды делік. Егер осы уақыт аралығында титул жеңсе, UFC-мен келісімшарт жасасып, қолдау көрсетеміз", - деді ол.

31
Кілт сөздер:
Қазақстан, Хабиб Нурмагомедов
Тақырып бойынша
Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға жасырын келіп, игі іс жасады
Хабиб Нурмагомедов қазақ қызына бағалы сыйлық тарту етті
"Сенбейді". Нурмагомедов өз командасы туралы күтпеген мәлімдеме жасады
"Өте қауіпті": Хабиб Нурмагомедов маңызды мәселені көтерді – видео
Хабиб Нурмагомедов Франция президентіне жауап берді
КамАЗ аударылды

Шымкентте КамАЗ 11 автокөлікті соқты видео

210
Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекті, алайда алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емге жіберілді

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте Тәуке хан даңғылында ірі жол апаты болды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, арматура тиелген жүк көлігінің тежегіші істен шыққан.

Жол-көлік оқиғасы 4 желтоқсан күні кешке болды. Арматура тиелген жүк көлігі 11 автокөлікті соқты. Оған тежегіштің істен шығуы себеп болған.

Апат салдарынан төрт адам зардап шекті, арасында жүк көлігінің жүргізушісі де бар. Дәрігерлер олардың жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты, ауруханаға жатқызылған жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Құқыққорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында жантүршігерлік апаттан екі адамның көз жұмғаны хабарланды. Бетон тиелген көлік жеңіл машина мен бензовозға құлаған.

Жол апаты салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза болды. Олардың денесін құтқарушылар алып шықты.

210
Кілт сөздер:
КамАЗ, жол апаты, Шымкент
Тақырып бойынша
Щучинсктегі жол апаты: министр қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтанда жаппай жол апаты болып, бір адам жарақат алды – видео
Түйе көліктің ішіне кіріп кеткен: Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды
Алматы облысында жол апаты болып, екі адам көз жұмды – видео