Геннадий Головкин

Кім ауыр? Головкин мен Деревянченко жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

690
(Жаңартылды 09:35 05.10.2019)
Боксшылар IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеулері үшін таласады, жекпе-жек астана уақытымен таңғы тоғыздар шамасында басталмақ

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) және украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкиннің салмағы — 159,2 фунт (72,21 келі), ал Деревянченконың салмағы — 159 фунт (72,12 келі). Жалпы орта салмақтың лимиті 160 фунтті (72,574 келі) құрайды.

Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченконың жекпе-жегі 6 қазан кні таңертең Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Боксшылар IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеулері үшін таласады.

Тағы оқыңыз: Серік Сәпиев неліктен Головкиннің көмегінен бас тартқанын айтты   

Қазақстанда көптен күткен жекпе-жекті "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Бұл жекпе-жек астана уақытымен тоғыздар шамасында басталады.

690
Кілт сөздер:
Нью-Йорк, Деревянченко, жекпе-жек, Геннадий Головкин
Хабиб Нурмагомедов

Хабиб Нурмагомедов Қазақстанда турнир өткізбек

28
(Жаңартылды 11:27 03.12.2020)
EFC-дің екі турнирі келесі жылы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өтуі мүмкін, деп мәлімдеді Хабиб Нурмагомедов

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан — Sputnik. Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов өзінің Eagle Fighting Championship (EFC) промоушенінің жоспарын бөлісті.

Ол келесі жылы Қазақстанда өтуі мүмкін жекпе-жектер туралы айтты.

"Шетелде Ташкентпен келісімшарт бар. Наурыз айында Бішкекте турнир өткіземіз. Келесі жылы Қазақстанда ұйымдастыру жоспарда бар. Саны емес, сапасы мықты болса деймін. Сондықтан жылына 12-14 турнир өтуі мүмкін", - деді Нурмагомедов баспасөз мәслихатында. 

Еске сала кетсек, 24 қазанда Нурмагомедов Джастин Гэтжиді жеңіп, дәл сол күні спорттық карьарасын аяқтайтынын жариялаған болатын. UFC жұлдызының енді жеке промоушені бар.

"Оны әлемдегі үздік ұйымға айналдырғымыз келеді. Бұл алаңда мықты спортшылар, мықты адамдар тәрбиеленеді. Соңғы кезде ММА турнирлері аз, көптеген спортшылар жұмыссыз отыр. Менің халықаралық ұйымда үлесім болды, енді өзіміздің жобаны жүзеге асырамыз", - деді ол.

Нурмагомедов UFC президенті Дэйн Уайтпен сөйлескенін атап өтті.

"Менің промоушенімді UFC-ден көрсету үшін сол ұйыммен келісім жасағым келді. Мәселен, UFC-ге өту үшін спортшы EFC-де қанша кездесу өткізуі керек. Файтер 6 жекпе-жекке келісімшарт жасайды делік. Егер осы уақыт аралығында титул жеңсе, UFC-мен келісімшарт жасасып, қолдау көрсетеміз", - деді ол.

28
Кілт сөздер:
Қазақстан, Хабиб Нурмагомедов
Тақырып бойынша
Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға жасырын келіп, игі іс жасады
Хабиб Нурмагомедов қазақ қызына бағалы сыйлық тарту етті
"Сенбейді". Нурмагомедов өз командасы туралы күтпеген мәлімдеме жасады
"Өте қауіпті": Хабиб Нурмагомедов маңызды мәселені көтерді – видео
Хабиб Нурмагомедов Франция президентіне жауап берді
Жұдырық, ыза

UFC спортшысы қарсыласына: қазақтың кім екенін және көшпенділер рухын сезінесің

1037
(Жаңартылды 12:50 30.11.2020)
Қазақстандық аралас жекпе-жек шеберінің швециялық қарсыласымен кездесуі Абу-Дабидегі UFC 257 турнирі аясында өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмагұлов UFC-де екінші мәрте октагонға шығуға дайындалып жатыр. Оның Амир Альбазимен кездесуі 28 қарашадан 23 қаңтарға ауыстырылды. 

Кездесу кейінге қалдырылса да, спортшылар әлеуметтік желіде "жекпе-жек" өткізіп үлгерді. 

Амир Альбази Instagram-да қазақстандық қарсыласына: "Жалғас Жұмағұлов, мен саған бара жатырмын", - деп сес көрсетті. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Amir “The Prince 👑” Albazi (@amiralbazi)

Жұмағұлов та бірден жауап қайырды:

"Мен өзім-ақ келемін, қазақтың кім екенін, көшпенділердің рухын сезінесің", - деді ол қарсыласына.

Жекпе-жек 12 желтоқсан күні өтуі мүмкін деген болжам жасалған еді. Бірақ UFC бұл ақпаратты растаған жоқ.

Жекпе-жекке дайындық

Жалғас Жұмағұлов Амир Альбазимен кездесуге дайындалып, Америка визасының рәсімделуін күткен болатын. Ол дайын болды, алайда төлқұжатын дер кезінде қайтармаған. Лас-Вегасқа бара алмайтын болып, ұйымдастырушыларға хабарласты. Енді жекпе-жек Абу-Дабидегі UFC 257 турнирі аясында өтеді.

Биыл шілде айында Жалғас Жұмағұлов UFC-де алғашқы жекпе-жегін өткізді. Ол бразилиялық Раулиан Пайвадан жеңілді. Бұған дейін Жұмағұлов FNG-де төрт рет жеңіске жеткен болатын. Соңғы екі жекпе-жекте Тагир Уланбеков пен Али Багаутиновтен мықты болды.

1037
Кілт сөздер:
қазақтар, спортшы, UFC
Тақырып бойынша
Головкин Елеусіновті неге құттықтаған жоқ – боксшының менеджері өз болжамын айтты
Данияр Елеусінов қарсыласын нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеу жеңіп алды
Жалғас Жұмағұлов кімнің кесірінен жеңілгенін айтты
Жалғас Жұмағұлов ресейлікті жеңіп, чемпиондық титулын қорғап қалды – видео  
Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты
 Қазақстан мен Ресейдің тулары

Көкшетауда өтетін өңіраралық ынтымақтастық форумына Тоқаев пен Путин қатысады

0
Қазақстан-Ресей форумын осы жылдың жылдың қараша айында өткізу жоспарланған болатын, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Кейінге қалдырылған Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы келесі жылы өтеді, деп хабарлады экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Тоқаев пен Путин қатысатын жиын кейінге шегерілді 

Жұма күні Мәскеуде Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ресей Федерациясының табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козловпен кездесті. 

"Кездесу аясында 2021 жылы Көкшетау қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен өтеді деп жоспарланған Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелері де талқыланды", - делінген хабарламада. 

Форум 2021 жылдың қараша айында өтуі керек болатын, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды.

Көкшетаудағы өңіраралық ынтымақтастық форумы

Қазақстан мен Ресейдің ХVII өңіраралық ынтымақтастық форумына экология және "жасыл" өсу тақырыбы арқау болады.

Алғашқы өңіраралық форум 2003 жылы Омбыда өтті, оған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путин қатысты. Содан бері Қазақстан мен Ресей басшыларының шекаралас облыстардың бірінде кездесуі дәстүрге айналды. Алайда бұл жолы форум Ресей Федерациясымен шектеспейтін облыста ұйымдастырылып отыр.   

0
Тақырып бойынша
Тоқаев пен Путин Көкшетауда кездеседі
Путин Тоқаевқа ерекше құрмет көрсетті – видео
Путин мен Тоқаев Омбыда форум өткізіп, сыйлық алмасты – видео
Нұрсұлтан Назарбаев батыл ұсыныс жасады