Спорт

Хоккейшілердің жаппай төбелесінің видеосы желіде тарап кетті

© Photo : ХК "Торпедо"Матч "Алтай" - "Сибирские снайперы"
Матч Алтай - Сибирские снайперы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төбелеске қатысқаны үшін сегіз ойыншыға айыппұл салынды. Барлығы матч кезінде екі команда айыппұл ретінде 258 минут алды

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан — Sputnik. Қазақстандық "Алтай" "Сибирские снайперы" командасын 3:1 есебімен жеңді.

Ойын кезінде Қазақстан және Ресей хоккейшілерінің жаппай төбелесі болды. Матч видеосы Жастар хоккей лигасының (МХЛ) Youtube каналында жарияланған.

Төбелеске екі команданың барлық ойыншысы қатысқан.

Sports.kz хабарлауынша, сегіз хоккейшіге (әр клубтан төртеу) айыппұл салынды. Сондай-ақ, ойын соңына дейін тәртіптік айыппұл болды.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда жанкүйерлер арасында төбелес болды – видео

Барлығы матч кезінде екі команда айыппұл ретінде 258 минут алды (124 алаң иелері және 134 минут қонақтарда).

Жаңалықтар
0