НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан — Sputnik. Жапонияда бирмалық бокстан өткен Lethwei 14 in Japan турнирінде спортшы төрешіні нокаутқа жіберді. Видео Twitter желісінде жарияланды.
www @AbemaTV で視聴中 https://t.co/brK0Eyuhok pic.twitter.com/qjlIshnPe9
— 渡慶次幸平 ラウェイ (@tokeshikouhei) October 21, 2019
Жекпе-жектің жетінші секундында төреші жұдырықтасып жатқан боксшыларды ажыратпақ болғанда, басынан ауыр соққы алып, тәлтіректеп барып құлайды.
Жекпе-жекті тоқтата тұруға тура келді, өйткені төреші біраз уақытқа дейін өз-өзіне келе алмаған.
Бирмалық бокстың ерекшелігі – қолғаптың орнына дәке орайды, сондай-ақ баспен ұруға рұқсат етіледі.