Геннадий Головкин

Головкиннің келесі қарсыласы анықталды

652
Геннадий Головкин мен Камил Шеремет соңғы 2 аптада келіссөз жүргізген. Жекпе-жек Чикаго қаласында өтуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша — Sputnik. Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) польшалық боксшы Камил Шереметпен (21-0, 5 КО) жұдырықтасады. 

Қос спортшы бокс кешін ұйымдастыру жөнінде келісімге келді, деп хабарлады Sports.kz.

ESPN журналисі, бокс шолушысы Дэн Рафаэльдің айтуынша, Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен польшалық боксшы Камил Шеремет (21-0, 5 КО) алдағы жылы ақпанның соңында немесе наурыздың басында жұдырықтасуға уәделескен.

Тараптар соңғы 2 аптада келіссөз жүргізген. Егер келісімшартқа қол қойылса, бокс кеші АҚШ-тың Чикаго қаласында өтуі мүмкін. Головкин бұл қаладағы Withtrust аренасын 29 ақпанға брондап қойыпты.

Тағы оқыңыз: Кеше біртүрлі жағдай болды – Деревянченконың мәлімдемесі жұртты таңғалдырды 

Еске сала кетсек, 5 қазан күні Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченконы (13-1, 10 КО) жеңіп, IBF және IBO титулдарына ие болды. Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 12 раундқа созылды.  

652
Кілт сөздер:
кәсіпқой бокс, Головкин
Тақырып бойынша
"Аузын жаптым": Альварес GGG-мен үшінші жекпе-жек жайлы әңгімеге нүкте қойды  
Сәпиевті жеңген боксшы Головкинмен жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді
Головкин мен Деревянченконың жекпе-жектен кейінгі жағдайы туралы ақпарат шықты
Головкинге рингке шығуға неге тыйым салынды?
"Өте жақсы дамыған": Макгрегор Қазақстан туралы сұраққа жауап берді
Бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық боксшы әлемдік рейтингте жоғарылады
Шавкат Рахмонов

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі жекпе-жектен қанша ақша тапқаны белгілі болды

601
(Жаңартылды 11:26 26.10.2020)
Шавкат Рахмонов қылқындыру әдісін қолдану арқылы бірінші раундта-ақ тәжірибесі мол бразилиялық спортшыны берілуге мәжбүр етті

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде бразилиялық Алекс Оливейраны жеңгені үшін қанша қаражат тапқаны белгілі болды, деп хабарлады Sports.kz.

Шетелдік БАҚ ақпараты бойынша, Рахмоновтың гонорары 37 500 долларды (16 125 000 теңге) құрады.

Шавкат октагонға шығар алдында 10 000 доллар алды, жеңіске жеткен кезде дәл осындай қаражат берілген. Оған 3 500 долларды – UFC-дің промоутерлік бонусын қосыңыз. Ал қалған 14 000 долларды қарсыласы Оливейра беруге мәжбүр болды. Себебі салмақ өлшеу кезінде оның салмақ дәрежесі тиісті талапқа сәйкес келмеген.

Ал қазақстандық спортшының қарсыласы бразилиялық Алекс Оливейраның қорытынды гонорары 61 000 долларды (26 230 000 теңге) құрады. Бастапқыда ол 70 мың доллар алуы керек еді, алайда 14 мың долларды қазақстандық Рахмоновқа берді. Сондай-ақ, Алекс UFC-ден 5000 доллар көлемінде промоутерлік бонус алды.

Оқи отырыңыз: UFC-дегі Рахмоновтың жеңісі, Нурмагомедовтің мәлімдемесі

Айта кетейік, Абу-Дабидегі Яс аралында өткен UFC 254 турнирінде қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ол қылқындыру әдісін қолдану арқылы бірінші раундта-ақ тәжірибесі мол бразилиялық спортшыны берілуге мәжбүр етті.

601
Кілт сөздер:
спорт, аралас жекпе-жек
Тақырып бойынша
Қазақстан бюджетіне Google-салықтан қанша ақша түседі – министр жауабы
"Сәттілік серік болды": спорт ардагері жеті бірдей Олимпиадаға қалай барғанын айтты
Мәдиев Головкин – Мартиросян жекпе-жегі андекардынан қанша гонорар алғаны анықталды
Қарин Джеки Чанды шақыруға қанша қаражат кеткенін айтты
Головкин "Канеломен" екінші жекпе-жек үшін қанша гонорар алғаны белгілі болды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов

Кәрім Мәсімов Нурмагомедовті жеңісімен құттықтады видео

602
(Жаңартылды 14:11 25.10.2020)
Хабиб пен Гэтжи кездесуіне Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы көрермен ретінде қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының президенті Кәрім Мәсімов Хабиб Нурмагомедовті жеңісімен құттықтады. 

Нурмагомедов пен Гэтжидің кездесуі 25 қазанға қараған түні Абу-Дабидегі UFC 254 турнирінің басты жекпе-жегі болды. Кездесу екінші раундта Хабибтің жеңісімен аяқталды.

Жеңіске жеткен Нурмагомедов эмоцияға бой алдырып, сегізбұрышта тұрып көзіне жас алды. Ол өзінің 29-шы жеңісті жекпе-жегін әкесіне арнайтынын айтып, кәсіби мансабын аяқтайтынын жариялады.

Оқи отырыңыз: UFC-дегі Рахмоновтың жеңісі, Нурмагомедовтің мәлімдемесі

Айта кетейік, осы турнир аясында қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп, бразилиялық Алекс Оливейраны мерзімінен бұрын жеңді. Бұл оның кәсіпқой спорттағы 13-ші жеңісі болды.  

602
Кілт сөздер:
Кәрім Мәсімов, Хабиб Нұрмагомедов
Тақырып бойынша
Әлімханұлы өзін Боратқа теңеген қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді – видео
Қазақстандық спортшы қарсыласын ерекше тәсілмен тұншықтырып жеңді – видео
Қазақ боксшысы Нұрзат Сабыров мексикалық "Тайсонды" жеңді – видео
Қазақстан бірнеше миллиондық істі жеңді
Қуат Хамитов ресейлік спортшыны тұншықтыру әдісімен жеңді – видео
АҚШ пен Қытай жалауы, иллюстративті фото

Қытай АҚШ-тың ұлттық қарызын сатуға дайын

0
(Жаңартылды 20:41 26.10.2020)
Қытай мен АҚШ арасындағы текетірес қайта өрши түсті: олардың сауда соғысы технологиялық соғысқа айналды

Вашингтон қытайлық жобаларды ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп деп бұғаттаса, ҚХР өзінің басты қаруын еске салды: АҚШ мемлекеттік облигацияларының триллион долларлық портфелін сату – доллар бағамын да, бағалы қағаздар нарығын да төмендетуі мүмкін. Бұл бүкіл әлемдік экономика үшін өте қауіпті сценарий. Пекиннің қандай қадамға баруы мүмкін екенін РИА Новости зерделеп көрді.

Технологиялық соғыс

Қаңтарда әлемнің екі ірі экономикасы сауда соғысын тоқтатуға бағытталған маңызды қадам жасады, яғни бірінші кезең келісіміне қол қойды. Бірақ COVID-19 пандемиясы бәрін жоққа шығарды. Вашингтон Пекинді коронавирусты таратты деп айыптап, қаржылай өтемақы талап етті. Сонымен қатар, америкалықтар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын (ДДҰ) Қытайға пәрмен берді деп сөгіп, одан шығатынын жариялады.

АҚШ президентін сайлау жақындаған сайын шиеленіс күшейе түсуде. Трамп қытайлық компаниялардың Америка экономикасына келтірген экономикалық залалын тағы да еске түсірді. Оның пайымынша, Қытай америкалықтардың өндірісін өздеріне "сүйреп" әкеліп, олардың технологиялық құпияларын ұрлаған.

Тамыз айында Вашингтон Бейжіңді сайлау науқанына интернет және әлеуметтік медиа арқылы араласып отыр деп айыптады. Бұл жерде назар қытайлық TikTok қосымшасына ауды. Оған тыйым салу қажет, әйтпесе ҚХР үкіметі бұл қызметті пайдаланатын америкалық азаматтардың деректеріне қол жеткізе алады, деп хабарлады Ақ үй.

TikTok иесін – Қытайдың ByteDance компаниясын бизнесті америкалық компанияларға сатуға мәжбүрлеп отыр. Мұны 12 қарашаға дейін жасау қажет. Ондай болмаған жағдайда, қызмет бұғатталып қалады, деп қорқытты Трамп.

Пекиннің бұған қалай жауап беретіні әзірге белгісіз. Сарапшылардың пікірінше, Қытай билігінің TikTok-қа ара түсуге айтарлықтай себебі жоқ. Өйткені олар оны "зиянды", "дөрекі контентті" таратады, "социализм құндылықтарына" сәйкес келмейді және қытай жастарының арасын ыдыратады деп есептейді.

Бірақ Вашингтон Қытайдың ең ірі технологиялық компанияларының бірі Huawei-ге де қысым жасауда. Пекин қазірдің өзінде "ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі" мүмкін деген шетелдік компанияларға стратегиялық материалдар мен технологияларды экспорттауға тыйым саламыз деп мәлімдеп отыр.

Байыпты әңгіме

Сонымен қатар, Пекин ҚХР-да ықпал етудің едәуір маңызды тетіктері бар екенін еске салды. Бұл жердегі әңгіме триллион доллар болатын АҚШ мемлекеттік облигациясы туралы болып отыр.

АҚШ-пен болған сауда соғысының әсерінен Қытай бұл бағалы қағаздардан жоспарлы түрде құтыла бастады. 2014 жылдың қарашасында 1,32 триллион долларлық көрсеткіш шыңынан АҚШ-тың ұлттық қарызына салынған инвестиция 200 миллиардтан астам қаржыға төмендеді. Нәтижесінде 2019 жылдың маусымына қарай, шетелдік қазынашылар арасындағы көшбасшылық Жапонияға өтті: Токиода олар 1,12 триллионды құрайды.

АҚШ-тың қаржы минстрлігінің соңғы есебі көрсеткендей, қыркүйектің ортасына қарай Қытай портфелі 1,08 триллионға қысқарды. Бірінші жартыжылдықта Пекин қазынашылық облигацияларын 106 миллиардқа төмендетті. Бұл 2015 жылдан бергі сатылымның ең жылдам қарқынын көрсетеді.

Алайда, мәселе тек экономикалық текетірес туралы ғана емес. Қытайдың АҚШ үкіметінің қарызынан құтылуды жалғастыру себептерінің бірі – баспа машиналарының тынымсыз жұмысы нәтижесінде доллардың құлдырау қаупінің туындауы.

Қарыз да өсіп барады. Сегіз айда АҚШ 7,7 триллион болатын қазынашылық облигацияны шығарды, бұл – рекордтық көрсеткіш. Яғни, экономикаға тек қарыз алу арқылы қолдау көрсетіліп отыр.

Пекин Вашингтонның экономикалық проблемаларды баспа машиналарының көмегінсіз шеше алмайтынын көріп отыр, сондықтан америкалық мемлекеттік қарызға инвестиция салу өте қауіпті, деп атап өтеді қытайлық Global Times.

Үлкен сатылым

АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленістің күшеюі тек "америкалық экономиканың екінші ірі шетелдік несие берушісі бұған шыдамай, қазынаның кең ауқымды сатылымын ұйымдастыруы мүмкін" деген алаңдаушылығын үдетеді. Ал мұндай қадамның салдары сөзсіз, апатты болады. Мұндай бағалы қағаздарды жаппай шығару нарықта дүрбелең тудырады.

Алайда, бұл Қытайдың өзі үшін тиімсіз. Біріншіден, қысқа мерзімде 100-200 миллиард долларлық облигацияларды сату олардың бағаларын төмендететіні сөзсіз. Мұндай жағдайда, Қытайдың сыртқы активтері мен резервтерінің құны, сондай-ақ арзандаған бағалы қағаздарды сатудан түсетін түсімдер де айтарлықтай төмендейді.

Сонымен қатар, доллар құлдырайды, ал ол ҚХР-ға қажет емес. Америкалық валютаның әлсіреуі қытайлық экспортты қымбаттатады.

Сонымен қатар, АҚШ-тың қазынашылық міндеттемелерден шығуы, егер сауда соғысы түбегейлі бақылаудан шығып кетсе, Пекиннің юаньді бақылау мүмкіндігін айтарлықтай шектейді. Ал қазынашылық облигацияларын сатудан түскен доллар бір жерге салынуы қажет, ал бұл оңай емес.

Проблемалар тек Қытайда ғана туындамайды. Ол ешкімге оңай түспесі анық.

"Америкалық облигациялар пирамидасын құлату дегеніміз – бүкіл әлемді қаржылық хаос жағдайына түсіру дегенді білдіреді. Оны 1998 немесе 2008 жылдардағы дағдарыспен салыстырғанда – бұл баланың әңгімесі ғана. Сондықтан жақын аралықта мұндай нәрсенің болуы екіталай", – дейді Chatex криптовалюталық банктің басшысы Майкл Росс-Джонсон.

Доллар мен қазынашылықтан бас тарту кезең-кезеңмен жүруі мүмкін. Бұл процес соңғы бірнеше жылдан бері орын алып келеді. Қытайдың жетекші экономистерінің бірі, Шанхай қаржы және экономика университетінің профессоры Си Цзюньяннің бағалауы бойынша, "оқиғалар қалыпты түрде дамыған жағдайда" Пекин АҚШ-тың қазынашылық облигациялар портфелін шамамен 800 миллиард долларға дейін "біртіндеп қысқартады" деп есептейді. Алайда, күрделі жағдай кезінде ұсынылатын нұсқа әлі де алынып тасталған жоқ, мысалы, әскери қақтығыс жағдайында.

0
Кілт сөздер:
АҚШ, қытай