Спорт

Эдди Хирн: Мамырда Головкин мен "Канелоның" жекпе-жегін өткізуге болады

© AP Photo / Isaac BrekkenБой Головкин - Альварес
Бой Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Промоутер келесі аптада Головкинмен кездесіп, "Канеломен" үшінші жекпе-жекті талқылайтынын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы текетіреске мамыр айында нүкте қойылуы мүмкін, деп жазды Prosports.kz.

Промоутер Эдди Хирн Сауль Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы көп күттірген үшінші жекпе-жек жайлы сұраққа жауап берді.

Тағы оқыңыз: Канело Ковалевті нокаутқа түсірді 

"Канело" жартылай ауыр салмақтағы WBO тұжырымының чемпионы Сергей Ковалевті жеңгеннен кейін, өзіне таныс орта салмаққа қайта оралғысы келетіні белгілі болды. Мексикалықтың келесі қарсыласы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин болуы мүмкін. Қарсыластар бұған дейін екі рет кездесті – біріншісінде, тең есеп тіркелді, ал екінші жекпе-жек Альварестің жеңісімен аяқталды.

"Оның келесі қарсыласы Геннадий Головкин болуы керек. Менің ойымша, бұл барлық жанкүйер көргісі келетін жекпе-жек. Головкин екеуміз келесі аптада кездесіп, бәрін талқылаймыз ... Мамыр айында жекпе-жекті өткізуге болады. Менің ойымша, қос боксшының кездесуі үлкен қызығушылық туғызады. Бәлкім, қазіргі уақытта бокс әлеміндегі ең үлкен жекпе-жек шығар", - деп boxingnews24 Хирннің сөзінен үзінді келтірді.

Еске сала кетейік, Головкин соңғы жекпе-жегін 6 қазан күні өткізіп, украиналық Сергей Деревянченконы төрешілер шешімімен ұтқан еді. 

"Канело" – төрт категория бойынша белбеу алған алғашқы боксшы. Бұған дейін ол бірінші орта, орта және екінші орта салмақта чемпион болған. Сауль 3 қараша күні ресейлік Сергей Ковалевпен кездесіп, қарсыласын 11 раундта нокаутқа жіберді. 

Жаңалықтар
0