Головкин - Альварес

Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі: DAZN кездесудің уақытын таңдады  

1120
WBO чемпионы Билли Джо Сондерс Сауль "Канело" Альвареспен кездескісі келетінін хабарлады. Екі боксшының өкілдері алдын ала келіссөздер өткізген

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Билли Джо Сондерс Сауль "Канело" Альвареспен кездескісі келетінін хабарлады. Ол бұл жекпе-жек үшін жартылай ауыр салмаққа көшуге дайын. Сондай-ақ, Деметриус Андрейдпен жұдырықтасу үшін өзінің бұрынғы салмағы 72,6 келіге келе алатынын жеткізді. Бұл туралы Сондерс DAZN стримингтік қызметі жетекшілігімен кездесуде айтты.

DAZN комментаторы Крис Манникстің айтуынша, Сондерс пен "Канелоның" өкілдері алдын ала келіссөздер өткізген, деп хабарлайды Sports.kz.

Тағы оқыңыз: Головкинге рингке шығуға неге тыйым салынды?

Алайда DAZN Сауль Альварес мамыр айында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуі тиіс деп отыр.

1120
Кілт сөздер:
жекпе-жек, Сауль 'Канело' Альварес, Геннадий Головкин
Тақырып бойынша
"Ашығын айтайын..." Данияр Елеусінов Головкинмен арадағы дауға нүкте қойды
Кеше біртүрлі жағдай болды – Деревянченконың мәлімдемесі жұртты таңғалдырды
Мұндай жауап күткен жоқ: Головкин журналистерді қалай састырды?
"Аузын жаптым": Альварес GGG-мен үшінші жекпе-жек жайлы әңгімеге нүкте қойды  
Деревянченко Головкиннің соққысының салдары ауыр болғанын мойындап таңғалдырды  
Василий Левит

Сәпиев Левиттің спорттық карьерасы жайлы: маған ештеңе айтқан жоқ

42
Токио Олимпиадасында 91 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Василий Левит испаниялық боксшыдан нокаутпен жеңілген еді

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Олимпиадада нокаутпен жеңілген Василий Левит спорттық карьерасын аяқтау туралы шешім қабылдаса, мәдениет және спорт министрлігі оған қолдау көрсетеді. Бұл туралы министрліктің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сәпиев боксшымен әлі сөйлеспегенін айтты.

"Карьерасын жалғастыра ма, аяқтай ма, ол жайлы маған ештеңе айтқан жоқ. Қазақстанға келгеннен кейін мен онымен сөйлесемін. Егер мансабын аяқтағысы келсе, біз спорттан тыс жұмысына көмектесеміз. Егер жалғастырса, министрлік тарапынан қолдау көрсетеміз, федерация да қолдау көрсетеді деген үміттемін", - деді ол баспасөз мәслихатында.

Еске салсақ, Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшы Василий Левит 91 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Отандасымыз испаниялық Эммануэль Рейеспен жұдырықтасты.

Бірінші раунд испаниялық боксшының пайдасына шешілді. Ал екінші раундтың басында Левит қарсыластың бірнеше соққысынан кейін нокаутқа түсіп қалды. Бірақ аяғына тұрды. Төреші оның теңселіп тұрғанын көріп, жекпе-жекті тоқтатты.

Левит Рио Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған болатын.

Оқи отырыңыз: Ермахан Ибраимов Левиттің жеңілуіне төрешіні кінәлады

42
Кілт сөздер:
Серік Сәпиев, Василий Левит
Тақырып:
Токио Олимпиадасы

Токио Олимпиадасында жанжал шықты ұйымдастыру комитеті тергеу жүргізіп жатыр

1373
Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті ресейлік теннисші Даниил Медведевтің ашуына тиген чилилік журналиске қатысты тергеуді бастады

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Токио Олимпиадасында ресейлік спортшы және Чили Республикасынан келген журналистің арасында жанжал туындады. Ұйымдастыру комитеті осы мәселеге қатысты тергеу шараларын бастады.

Сәрсенбі күні Даниил Медведев екінші айналымда италиялық теннисші Фабио Фоньиниді жеңіп, Олимпиаданың 1/8 финалына шыққан болатын. Осы матчтан кейін баспасөз мәслихаты өтті. Ресейлік спортшы журналистердің сұрағына жауап берген. Кездесу барысында Чилиден келген бір журналист барлық ресейлік спортшыны "читер" (өтірікші) деп атап, Медведевтен өзін олардың қатарында қалай сезінетінін сұрады.

Ресейлік теннисші өмірінде алғаш рет журналистің сұрағына жауап беруден бас тартып отырғанын айтып, Халықаралық теннис федерациясынан (ITF) репортерді жарыстарға кіргізбеуді талап етті.

Кремль де Медведевтің ұстанымын қолдады. Ал журналистің алаяқтық жайында айтқан сөзін спортшыларға тіл тигізу деп бағалады. РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, теннисші арандатушылық әрекетке лайықты жауап берген.

Ал Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті ресейлік спортшы мен чилилік журналист арасындағы жанжал бойынша тергеудің басталғанын хабарлады.

"Ұйымдастыру комитеті тергеуді бастады", — деді Ресейдің Олимпиада комитетінің өкілдері РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Фабио Фоньиниге қарсы матчта Даниил Медведев өзін нашар сезініп, дәрігерлер көмегіне жүгінуге мәжбүр болды.

Оқи отырыңыз: Қазақ боксшылары Олимпиадада қанша медаль алуы мүмкін – Сәпиев жауап берді

1373
Кілт сөздер:
жанжал, теннис, Токио Олимпиадасы
Тақырып:
Токио Олимпиадасы
Тақырып бойынша
Токио Олимпиадасы: қазақстандық садақшы 1/8 финалына шықты
Токио Олимпиадасы: 29 шілдеде қазақстандықтар қандай жарыстарға қатысады
Жаңа рекорд, тартысты күрес пен жарқын жеңіс: Олимпиаданың әсерлі сәттері – архив суреттер
"Тұншыға бастадым": қазақстандық теннисші жарыстан неге шығып қалғанын айтты– видео 
тауарлы поезд

Қазақстан, Ресей және Өзбекстан агроөнім тасымалдайтын "жасыл дәліз" құрады

0
Агроэкспресс пойыздар кешікпей, жылдам жүруі керек. Бұл тез бұзылатын өнімдерді жеткізу үшін аса маңызды

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Қазақстан мен Ресей агроөнімдерді тасымалдауға арналған "жасыл дәліз" құру жайын талқылап жатыр.

"Ресей – Өзбекстан" агрологистикалық дәлізі үшжақты болуы керек. Себебі тауарлардың жүк ағыны Қазақстан аумағы арқылы өтіп жатыр", - деді "Ресей экспорт орталығы" АҚ бас директоры Вероника Никишина.

Ол бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевпен кездесу кезінде мәлімдеді, деп хабарлады министрлік.

"Пойыздар кешігусіз, жылдам жүруі үшін бақылаушы органдардың жұмысын үйлестіру керек болады. Себебі бұл жылдам бұзылатын тауарларды жеткізу үшін аса маңызды. Осылайша біз үш елдің бизнесіне бәсекелестік артықшылық ұсынып, мемлекеттер арасындағы тауар айналымын айтарлықтай ұлғайта аламыз", – деді Вероника Никишина.

Өз кезегінде қазақстандық вице-министр екі ел де оңтүстіктен тауар жеткізуді толыққанды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын айтты.

"Бізге осы жұмысты үйлестіріп, біріздендіру керек. Оның ішінде Ресейден Ауғанстанға дейінгі дәліз бойынша тиімді транзиттік тарифтер қалыптастыру мәселесі де бар", - деді Қайрат Төребаев.

Тараптар Орталық Азия – Қазақстан – Ресей тауарлар ағыны мен Еуразиялық тауар өткізуші жүйе қалыптастырудағы екі ел ынтымақтастығының келешегін талқылады.

Сонымен қатар "Қорғас" және "Орталық Азия" сауда-экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық шекара маңындағы орталықтар базасында өнеркәсіптік кооперация бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы қаралды. Оның ішінде Орталық және Оңтүстік Азия мен Қытай сынды үшінші елдің нарығына бірлесіп дайындалған өнімді шығару мәселесі де бар.

Осы аталған мәселелер бойынша жұмысты үйлестіру және тәжірибе алмасу мақсатында тараптар жақын уақытта "Qaztrade" Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ мен "Ресей экспорт орталығы" АҚ арасында әріптестік туралы келісім жасау жөніндегі мәмілеге келді.

Бұл кездесу вице-министр Қайрат Төребаевтың "Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit 2021" ХІІ Халықаралық экономикалық саммитінің жұмысына қатысуы аясында өті. Саммит шеңберінде Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы мен Қазақстан-Ресей бизнес-форумы да өтіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Лавров Ресей – Еуроодақ саммитін өткізуге не кедергі екенін айтты

0
Кілт сөздер:
Өзбекстан, Ресей, Қазақстан
Тақырып бойынша
Досаев Тоқаевқа экономика өсімін 3,9% деңгейде жақсарту туралы айтты
Қазақстан халықаралық көрмеде алғашқы отандық дронды таныстырды
Мерзімі өтіп кеткен қандай азық-түлік өнімдерін жеуге болады