Манчестер Юнайтедтің бас бапкері Уле-Гуннар Сульшер

"Манчестер Юнайтедтің" бапкері "Астанадан" неге жеңілгенін айтып берді видео

2231
(Жаңартылды 11:17 29.11.2019)
Уле-Гуннар Сульшер ойын сапасына көңілі толатынын айтты. Матчқа арнайы келген жанкүйерлерге ризашылығын білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша — Sputnik.  "Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері Сульшер баспасөз мәслихатында журналистердің сауалына жауап берді.

"Біз ойынды керемет бастадық. Тамаша гол соқтық. Бүгін мұндай кездесуге алғаш шыққан үш ойыншы керемет матч өткізді. Жеңіс үшін бізге уақыт жетпей қалды", - деді Сульшер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

"МЮ" бапкері жарақаттан соң Джесси Лингардтың оралғанына риза екенін жеткізді. Ол көшбасшылық рөлді керемет атқарды деген баға берді.

Сондай-ақ, норвегиялық бапкер Дмитрий Шомко мен астаналық қорғаушылар жоғары деңгейдегі ойын көрсеткенін атап өтті.

"Егер Эрич 17 жаста болса, оны "Манчестер Юнайтедке" шақыру туралы ойланатын едім", - деді "Астана" қақпашысының ойынына баға берген Сульшер.

"Астана" "Манчестер Юнайтедті" 2:1 есебімен ұтты. 

2231
Кілт сөздер:
матч, видео, "Астана" футбол клубы
Тақырып бойынша
Бұрынғы кәсіби футболшы көше сыпырып кетті – видео
Қазақстандық футболшы отбасымен апатқа ұшырады: куәгерлер табылды – видео   
"Қазақтың Мессиі" атанған футболшы ауыр жарақат алып қалды
"Астана" командасы "Манчестер Юнайтедті" жеңді – фото
Қазақстандық футболшы 25 жасында көз жұмды
Шавкат Рахмонов

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі жекпе-жектен қанша ақша тапқаны белгілі болды

912
(Жаңартылды 11:26 26.10.2020)
Шавкат Рахмонов қылқындыру әдісін қолдану арқылы бірінші раундта-ақ тәжірибесі мол бразилиялық спортшыны берілуге мәжбүр етті

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде бразилиялық Алекс Оливейраны жеңгені үшін қанша қаражат тапқаны белгілі болды, деп хабарлады Sports.kz.

Шетелдік БАҚ ақпараты бойынша, Рахмоновтың гонорары 37 500 долларды (16 125 000 теңге) құрады.

Шавкат октагонға шығар алдында 10 000 доллар алды, жеңіске жеткен кезде дәл осындай қаражат берілген. Оған 3 500 долларды – UFC-дің промоутерлік бонусын қосыңыз. Ал қалған 14 000 долларды қарсыласы Оливейра беруге мәжбүр болды. Себебі салмақ өлшеу кезінде оның салмақ дәрежесі тиісті талапқа сәйкес келмеген.

Ал қазақстандық спортшының қарсыласы бразилиялық Алекс Оливейраның қорытынды гонорары 61 000 долларды (26 230 000 теңге) құрады. Бастапқыда ол 70 мың доллар алуы керек еді, алайда 14 мың долларды қазақстандық Рахмоновқа берді. Сондай-ақ, Алекс UFC-ден 5000 доллар көлемінде промоутерлік бонус алды.

Оқи отырыңыз: UFC-дегі Рахмоновтың жеңісі, Нурмагомедовтің мәлімдемесі

Айта кетейік, Абу-Дабидегі Яс аралында өткен UFC 254 турнирінде қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ол қылқындыру әдісін қолдану арқылы бірінші раундта-ақ тәжірибесі мол бразилиялық спортшыны берілуге мәжбүр етті.

912
Кілт сөздер:
спорт, аралас жекпе-жек
Тақырып бойынша
Қазақстан бюджетіне Google-салықтан қанша ақша түседі – министр жауабы
"Сәттілік серік болды": спорт ардагері жеті бірдей Олимпиадаға қалай барғанын айтты
Мәдиев Головкин – Мартиросян жекпе-жегі андекардынан қанша гонорар алғаны анықталды
Қарин Джеки Чанды шақыруға қанша қаражат кеткенін айтты
Головкин "Канеломен" екінші жекпе-жек үшін қанша гонорар алғаны белгілі болды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов

Кәрім Мәсімов Нурмагомедовті жеңісімен құттықтады видео

712
(Жаңартылды 14:11 25.10.2020)
Хабиб пен Гэтжи кездесуіне Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы көрермен ретінде қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының президенті Кәрім Мәсімов Хабиб Нурмагомедовті жеңісімен құттықтады. 

Нурмагомедов пен Гэтжидің кездесуі 25 қазанға қараған түні Абу-Дабидегі UFC 254 турнирінің басты жекпе-жегі болды. Кездесу екінші раундта Хабибтің жеңісімен аяқталды.

Жеңіске жеткен Нурмагомедов эмоцияға бой алдырып, сегізбұрышта тұрып көзіне жас алды. Ол өзінің 29-шы жеңісті жекпе-жегін әкесіне арнайтынын айтып, кәсіби мансабын аяқтайтынын жариялады.

Оқи отырыңыз: UFC-дегі Рахмоновтың жеңісі, Нурмагомедовтің мәлімдемесі

Айта кетейік, осы турнир аясында қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп, бразилиялық Алекс Оливейраны мерзімінен бұрын жеңді. Бұл оның кәсіпқой спорттағы 13-ші жеңісі болды.  

712
Кілт сөздер:
Кәрім Мәсімов, Хабиб Нұрмагомедов
Тақырып бойынша
Әлімханұлы өзін Боратқа теңеген қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді – видео
Қазақстандық спортшы қарсыласын ерекше тәсілмен тұншықтырып жеңді – видео
Қазақ боксшысы Нұрзат Сабыров мексикалық "Тайсонды" жеңді – видео
Қазақстан бірнеше миллиондық істі жеңді
Қуат Хамитов ресейлік спортшыны тұншықтыру әдісімен жеңді – видео
Сапасыз жол

Жол сапасыз салынса, қайда хабарласу керек?

0
Сапасыз жолдар, көбінесе, облыста, ауданда немесе ауылда салынады. Бұл жерде бюджет қаржысын ұрлау мәселесі ғана емес, сол жолды тексеретін маман тапшылығы проблемасы да бар

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. "Жол активтері сапасының ұлттық орталығының" бас директоры Замир Сағынов халықты жолдардың сапасын бірлесіп бақылауға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"739-739 телефонына (Нұр-Сұлтанда - Sputnik) қоңырау шалуға болады. Бұдан бөлек, ресми сайтымыз, әлеуметтік желілерде парақшаларымыз ашылған. Сол жерде жазып, арыз-шағым түсіруге болады. Біз бірден барып, жолдың сапасын тексере аламыз", - деді Сағынов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Осы орайда орталық басшысы халықты жолдың сапасын бірлесіп бақылауға үндеді. Себебі мамандар барлық жолды тексере алмайды. Ал нақты арыз-шағымдар түссе, орталық қызметкерлері сол жерге барып, зертханалық тексеру жасай алады. 

"Негізі, сапасыз жолдар, көбінесе, облыста, ауданда немесе ауылда салынады. Бұл жерде бюджет қаржысын ұрлау мәселесі ғана емес, сол жолды тексеретін маман тапшылығы проблемасы да бар. Мысалы, аудандық әкімдіктерді алатын болса, бір бөлімде екі-үш адам ғана жұмыс істейді. Сосын жолдың сапасы бойынша арнайы маманы жоқ. Ал арнайы маман болмағасын, құжаттар да дұрыс жасалмайды", - деп атап көрсетті Сағынов.

Оның айтуынша, бүгінде осы салада кәсіби мамандарды даярлау мәселесіне баса назар аударылады. Арнайы акция басталды, жоғары оқу органдарымен бірлескен шаралар қолға алынды. Соның арқасында жас мамандардың саны біртіндеп көбейіп жатыр.

0
Кілт сөздер:
шағым, жол