НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Ибрагим Ескендір малавилік қарсыласы Мусса Аджибуді нокаутқа жіберді.
Жекпе-жек Мәскеуде, "Крылья Советов" спорт кешенінде өтті. Отандасымыз қарсыласын жетінші раундта жеңді.
Мәскеудегі жеңісіне дейін Ескендір алты рет жеңіске жеткен болса, африкалық қарсыласы Аджибу 28 рет жеңіс тұғырынан көрінген екен.
Аталған кездесу он раундқа жоспарланған болатын, дегенмен Ибрагим Ескендір жетінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіре алды.
Осылайша, 33 жастағы қазақстандық боксшы бірінші ауыр салмақта IBA Asia чемпионы титулын жеңіп алды.
Жекпе-жектен кейін отандасымыз екінші раундта қолын сындырып алғанын, соған қарамастан кездесуді жалғастырғанын және жеңісін Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арнағанын айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Ауыр атлетикадан 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, Қазақстан өкілі Нижат Рахимов допингке қарсы ережені бұзғаны үшін спорттан уақытша шеттетілді, деп хабарлады Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) сайты.
Рахимов 2016 жылы зәрді ауыстырды деген күдікке ілінді.
2017 жылғы Еуропа чемпионы румын Думитру Каптариге осындай айып тағылып, шеттетілді.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионы атағынан айырылды
Рахимов Рио-де-Жанейро Олимпиадасында 77 келіге дейінгі салмақта жеңіске жетті, бұл салмақта ол 2015 жылы әлем чемпионы атанды.
2013 жылы тамызда 27 жаста болған Рахимов допингке қарсы ережені бұзғаны үшін екі жылға шеттетілген болатын.
АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов туысы Омар Нурмагомедов қазақстандық Сергей Морозовқа қарсы жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын айтты.
2021 жылдың 20 қаңтарында өтетін кездесу Сергей Морозов пен Омар Нурмагомедов үшін UFC-тегі дебют болады.
"Барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр, 20 қаңтарда Омар қуантуы тиіс. Барлық ауыр жаттығулар артта, салмақты реттеу ғана қалды, кестеден озып келе жатырмыз", - деп жазды Хабиб Instagram парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстандық спортшы Сергей Морозов желідегі парақшасында сурет жариялап, жекпе-жекке дайын екенін жазды.
"Салмақты реттеу ғана қалды, жекпе-жекке дайынмын. Қазақстан, алға", - деп жазды Морозов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, бастапқыда жекпе-жек 2020 жылдың аяғында өтеді деп жоспарланды. Алайда қазақстандық спортшының ауырып қалуына байланысты кейінге шегерілді. Бұдан соң жекпе-жек 20 қаңтарға жоспарланған UFC on ESPN 20 турниріне ауысты.
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының басқарма төрағасын қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында Ахметжан Есімов акционерлік қоғамның 2020 жылы атқарған жұмыстарының алдын ала қорытындылары туралы баяндады.
"Жаһандық дағдарыс пен пандемияға қарамастан, холдинг өткен жылы өз қызметін табысты атқарды. Қорға қарасты компаниялар қызметкерлерінің жаппай қысқаруына жол берілмеді. Қор компаниялары активтерінің өсімі 800 миллиард теңгеге жетті", - деді ол.
Ахметжан Есімов соңғы 3 жылда "Самұрық-Қазына" займдарды өтеу үшін өз бастамасымен Ұлттық қорға 554 миллиард теңге қаржы аударғанын айтты. Холдингке қарасты компаниялардың бизнес-үдерістерін цифрлық трансформациялау нәтижесінде 171 миллиард теңге пайда түскен.
Сонымен қатар мемлекет басшысына отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған ауқымды жұмыстар туралы ақпарат берілді. 2018-2020 жылдардың қорытындысына сәйкес сатып алулар бойынша үнемделген қаржы 410 миллиард теңге болды.
Атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде "Самұрық-Қазына" холдингінің кредиттік рейтингі BB+/B "тұрақты" деңгейде екенін халықаралық Standart & Poor`s рейтинг агенттігі нақтылады.
Ахметжан Есімовтің айтуынша, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы мұнай бағасының едәуір арзандағанына және OPEC+ компаниясының шектеулеріне қарамастан, қаржылық рейтингте оң көрсеткішін сақтап қалды. "Қазақстан Темір Жолы" акционерлік қоғамы соңғы 6 жылда бірінші рет өткен жылды қаржылық тұрғыдан пайдамен аяқтаған. "Қазатомөнеркәсіп" акционерлік қоғамы активтерінің құны IPO-ға (2018 жылы) шыққалы 2,1 миллиардтан 5,1 миллиард АҚШ долларына дейін көтерілген. "Самұрық–Энерго" акционерлік қоғамының қарызы 100 миллиард теңгеге азайды.
Кездесу соңында президент Есімовке бірқатар нақты тапсырма берді.