Спорт

Боксшы жекпе-жек алдында біртүрлі әрекет жасап, ұятқа қалды - видео

CC0 / / Боксерские перчатки
Боксерские перчатки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Спортшы ауыр жарақат алған жоқ. Алайда боксшының мұндай қылығының салдарынан жекпе-жек өткізілген жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан — Sputnik.  Аса ауыр салмақтағы чемпион, Оңтүстік Африканың спортшысы Руанс Виссер титулдық жекпе-жек басталмас бұрын жарақат алды.

Fox Sports-тың хабарлауынша, Виссер Тиан Фикпен кездесу өткізуі керек болатын. Алайда бұл жекпе-жек өткізілмеді. 

Боксшының құлаған сәті видеоға түсіп қалды. Спортшы рингке шығып арқандарды тексере бастағанын көруге болады. Олардың біреуі үзіліп кетіп, боксшы құлады.

Жаңалықтар
0