Батыр

Жойқын соққы: Батыр Жүкембаев қарсыласын қалай нокаутқа түсірді - видео

5131
(Жаңартылды 11:50 26.01.2020)
Қазақстан боксшысы Канадада өткен жекпе-жекте 22 рет жеңіс тұғырынан көрінген мексикалық қарсыласын нокаутқа түсірді

НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Канаданың Монреаль қаласында отандасымыз Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) пен мексикалық боксшы Рикардо Лара (22-7, 10 КО) арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұл кездесу ұзаққа созылмады. Жүкембаев екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді. Қазақстан боксшысының шеберлігін, жекпе-жектің қаншалықты тартысты өткенін видеодан да көруге болады.

Осылайша, еліміздің былғары қолғап шебері кәсіби карьерасында 18-ші рет жеңіске жетіп, бірде-бір рет жеңіліп көрмеді. Рикардо Лара болса, сегізінші мәрте жеңіліс тапты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

5131
Кілт сөздер:
нокаут, Батыр Жүкембаев, Қазақстан
Тақырып бойынша
Мәскеуде қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді - видео
Боксшы жекпе-жек алдында біртүрлі әрекет жасап, ұятқа қалды - видео
Сабина Алтынбекова Қазақстаннан кетті: қазір ол немен шұғылданып жүр
Он төрт қарсыласын жеңген қазақ боксшысы алғаш рет нокаутпен ұтылды – видео
Польша боксшысы Головкинмен жекпе-жекке дайындықты бастады
Иллюстративті фото

Қазақстанда туып-өскен аралас жекпе-жек шебері қарсыласын нокаутқа жіберді

1061
(Жаңартылды 12:09 11.10.2020)
Ілияс Хамзин Қазақстаннан ата-анасымен бірге Омбыға көшіп кеткен. Ол кикбоксингпен және тай боксымен айналысты, содан кейін аралас жекпе-жекке ауысты

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Қазақстанда туған Ілияс Хамзин Екатеринбургтегі аралас жекпе-жек турнирінде ресейлік Дмитрий Гавриловты мерзімінен бұрын жеңді.

Instagram-дағы MMA Fighters KZ аккаунты хабарлағандай, жекпе-жек бірінші раундта аяқталды.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Official | MMA Fighters KZ 🇰🇿 (@mma_f1ghters_kz)

"Екатеринбургтегі турнирде Ілияс Хамзин қарсыласын нокаутқа түсірді. Мына соққыдан кейін Гаврилов есін жия алмады", - делінген жазбада.

Нәтижесінде Ілияс Хамзин алтыншы жеңісіне қол жеткізді, ол бір рет жеңілген.

Жойқын нокаут: Әлімханұлының АҚШ-тағы жекпе-жегінің видеосы жарияланды

Ілияс Хамзин 32 жаста, ол Қазақстанда туған, содан кейін ата-анасымен Омбыға көшіп кетті. Ол кикбоксингпен және тай боксымен айналысты, бірақ ресейлік файтер Питер Янмен кездескеннен кейін ол аралас жекпе-жекке ауысты.  

1061
Кілт сөздер:
аралас жекпе-жек, ММА
Тақырып бойынша
Чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекте қазақстандық спортшы нокаутқа түсті - видео
Қазақстандық боксшы қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа түсірді - видео
Арман Оспанов ресейлік файтерді жойқын нокаутқа түсірді – толық видео
Макгрегор Серронені жойқын нокаутқа түсірді - видео
Жеңілмеген өзбек боксшысы нокаутшы Жүкембаевты жекпе-жекке шақырды
Жәнібек Әлімханұлы

Жойқын нокаут: Әлімханұлының АҚШ-тағы жекпе-жегінің видеосы жарияланды

5903
(Жаңартылды 09:56 10.10.2020)
Бұл қазақ спортшысының кәсіби карьерасындағы тоғызыншы жекпе-жегі. Бұл жолы аргентиналық "Сиқыршымен" кездескен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан — Sputnik. Жәнібек Әлімханұлы аргентиналық қарсыласын екінші раундта жойқын нокаутпен жеңді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Бұл қазақ спортшысының (8-0, 4 КО) кәсіби карьерасындағы тоғызыншы жекпе-жегі, төртінші рет титул үшін жұдырықтасып отыр, деп хабарлайды Sports.kz. 

Ол Лас-Вегастағы бокс кешінде "Сиқыршы" деген лақап атпен өнер көрсететін аргентиналық Гонсало Кориямен (16-3, 6 КО) кездесті. Әлімханұлының екі чемпиондық белбеуі ортаға салынды. Ол WBC және WBO чемпионы атағын сақтап, жеңіске жетті. 27 жастағы қазақстандық боксшы әлі бірде-бір рет жеңілген жоқ.

Жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын. Алайда Әлімханұлы қарсыласын екінші раундта сұлатты.

5903
Кілт сөздер:
бокс, видео, жекпе-жек, нокаут, Жәнібек Әлімханұлы
Тақырып бойынша
Әлімханұлы өзін Боратқа теңеген қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді – видео
Жәнібек Әлімханұлы екі чемпиондық титулды жеңіп алды – толық видео
"Бұл – басы ғана": Әлімханұлы айшықты жеңісінен кейін маңызды мәлімдеме жасады
Жәнібек Әлімханұлы: Альварес пен Джейкобсты жеңе алатынымды бәрі біледі
Әлімханұлы атақты Пакьяоның промоутерімен келісімшартқа қол қойды
Көлік қозғалысы

Нұр-Сұлтанда жаңа біржақты көше пайда болады

0
Бұл шешім тұрғындардың елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа жасаған шағымынан кейін қабылданған

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 25 қазаннан бастап Family village ауданында Е652 көшесінде бір бағытты қозғалыс енгізу жоспарланып отыр.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шешім тұрғындардың елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа жасаған шағымынан кейін қабылданды. 

Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп, осы учаскелердің жол-техникалық жағдайын тексерген.

"Қозғалыс сағат тіліне қарсы бағытта болады. Белгіленген учаскеде бір бағытты қозғалысты енгізу көлік легінің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге, қарсы бағытпен қақтығыс жағдайын азайтуға, жол апатын болдырмауға мүмкіндік береді", - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар бұл өзгеріс жол қозғалысын оңтайландыру үшін және көше-жол желісіне жүктемені азайту мақсатында енгізіліп отыр.

0
Кілт сөздер:
көлік қозғалысы, көше, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Көше сыпырып кеткен: Әблязовтің елге оралған сыбайластарының тағдыры белгілі болды
Нұр-Сұлтанда ерекше көше қиылысы пайда болды – видео
Америкалықты бір соққымен құлатқан қазақ па? Көше төбелесінің видеосы
Бұрынғы кәсіби футболшы көше сыпырып кетті – видео
Нұр-Сұлтанда бірнеше көше мен көпір жабылады