Спорт

18 жастағы қазақстандық спортшы көз жұмды

© Sputnik / Елена БережнаяВыставка уникальных фото и архивных документов, посвященных Холокосту
Выставка уникальных фото и архивных документов, посвященных Холокосту - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас қақпашы ауыр сырқатқа шалдыққан болатын. "Барыс" хоккей клубы қараша айында қайырымдылық акция өткізіп, қаражат жинады

НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан — Sputnik. Астаналық "Снежные барсы" хоккей клубының ойыншысы Вилен Прокофьев көз жұмды. Бұл туралы клубтың Twitter-дегі ресми аккаунтында жарияланды.

Бұған дейін 18 жастағы қақпашы Вилен Прокофьевте қатерлі ісік – Юинг саркомасы анықталған болатын. Оған өте қымбат емдеу қажет болған.

"Біз Виленнің жақындарына, достарына және оны таныған адамдарға көңіл айтамыз. Оны қолдағандарға алғыс білдіреміз", - деп жазды "Барыс" хоккей клубы.

"Барыс" хоккей клубы қараша айында қайырымдылық акция өткізіп,  Вилен Прокофьевтің еміне қаражат жинаған болатын.

Жаңалықтар
0