Спорт

Қазақстандық боксшы қарсыласын өз елінде соққының астына алды – видео

© Sputnik / Тимур БатыршинОткрытая тренировка на алматинском Арбате
Открытая тренировка на алматинском Арбате - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін турнирде тағы екі қазақстандық боксшы Айдос Арапов (52 кг) пен и Ермахан Жақпеков (75 кг) өнер көрсеткен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан — Sputnik. Венгрияның Дебрецен қаласында Иштван Бочкаиді еске алу халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық аса ауыр салмақтағы (91 келіден жоғары) боксшы Дамир Тойбай турнирде өзінің бірінші жекпе-жегін өткізді. 1/16 финалда жерлесіміз венгриялық Ласло Фелфолдимен кездесті. Тойбай айқын жеңіспен келесі кезеңге өтті. Бірінші раундта Дамир қарсыласын нокдаунға жіберді. Ал екінші раундта мажарлық канвасқа құлады. Бұдан соң боксшының командасы рингке орамал лақтырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Бұған дейін турнирде тағы екі қазақстандық боксшы Айдос Арапов (52 кг) пен и Ермахан Жақпеков (75 кг) өнер көрсеткен болатын.

Жаңалықтар
0