Альварес Канело

"Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

3476
Сауль "Канело" Альварес 2 мамыр күні рингке оралады деп жоспарланып отыр. Қарсыласының есімі аталмады

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. WBA Super тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес қазіргі уақытта IBF және IBO титулдарының иегері Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегіне қатысты еш нәрсе айта алмайтынын жеткізді.

Альварес 2 мамыр күні рингке оралады деп жоспарланып отыр. Қарсыласының есімі аталмады, деп хабарлайды Sports.kz.

"Головкинмен үшінші жекпе-жекке қатысты біраз сөз болды. Алайда қазір бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Мен 168 фунт салмақта жұдырықтасқым келеді. Кейін орта салмаққа жақындауды жоспарлап отырмын. Мұны ақылмен жүзеге асыру керек. Өйткені жартылай ауыр салмақтан орта салмаққа ауысу радикалды өзгеріс", - деді "Канело" ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, GGG мен "Канелоның" алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйегінде өтіп, тең аяқталды. Бір жылдан кейін қарсыластар қайта жолығып, бұл жолы төрешілер жеңісті Альвареске берді. Екі кездесу де Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтті.

3476
Кілт сөздер:
мәлімдеме, Сауль "Канело" Альварес, Геннадий Головкин
Тақырып бойынша
Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларға үндеу жасады
Мұндай жауап күткен жоқ: Головкин журналистерді қалай састырды?
Мырзағали Айтжанов Данияр Елеусінов туралы ойын ашық айтты
Танымал промоутер Головкин мен Альваресті Жапонияға шақырды
Головкин жарақат алып қалды
Иллюстративті фото

Қазақстанда туып-өскен аралас жекпе-жек шебері қарсыласын нокаутқа жіберді

1061
(Жаңартылды 12:09 11.10.2020)
Ілияс Хамзин Қазақстаннан ата-анасымен бірге Омбыға көшіп кеткен. Ол кикбоксингпен және тай боксымен айналысты, содан кейін аралас жекпе-жекке ауысты

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Қазақстанда туған Ілияс Хамзин Екатеринбургтегі аралас жекпе-жек турнирінде ресейлік Дмитрий Гавриловты мерзімінен бұрын жеңді.

Instagram-дағы MMA Fighters KZ аккаунты хабарлағандай, жекпе-жек бірінші раундта аяқталды.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Official | MMA Fighters KZ 🇰🇿 (@mma_f1ghters_kz)

"Екатеринбургтегі турнирде Ілияс Хамзин қарсыласын нокаутқа түсірді. Мына соққыдан кейін Гаврилов есін жия алмады", - делінген жазбада.

Нәтижесінде Ілияс Хамзин алтыншы жеңісіне қол жеткізді, ол бір рет жеңілген.

Жойқын нокаут: Әлімханұлының АҚШ-тағы жекпе-жегінің видеосы жарияланды

Ілияс Хамзин 32 жаста, ол Қазақстанда туған, содан кейін ата-анасымен Омбыға көшіп кетті. Ол кикбоксингпен және тай боксымен айналысты, бірақ ресейлік файтер Питер Янмен кездескеннен кейін ол аралас жекпе-жекке ауысты.  

1061
Кілт сөздер:
аралас жекпе-жек, ММА
Тақырып бойынша
Чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекте қазақстандық спортшы нокаутқа түсті - видео
Қазақстандық боксшы қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа түсірді - видео
Арман Оспанов ресейлік файтерді жойқын нокаутқа түсірді – толық видео
Макгрегор Серронені жойқын нокаутқа түсірді - видео
Жеңілмеген өзбек боксшысы нокаутшы Жүкембаевты жекпе-жекке шақырды
Жәнібек Әлімханұлы

Жойқын нокаут: Әлімханұлының АҚШ-тағы жекпе-жегінің видеосы жарияланды

5906
(Жаңартылды 09:56 10.10.2020)
Бұл қазақ спортшысының кәсіби карьерасындағы тоғызыншы жекпе-жегі. Бұл жолы аргентиналық "Сиқыршымен" кездескен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан — Sputnik. Жәнібек Әлімханұлы аргентиналық қарсыласын екінші раундта жойқын нокаутпен жеңді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Бұл қазақ спортшысының (8-0, 4 КО) кәсіби карьерасындағы тоғызыншы жекпе-жегі, төртінші рет титул үшін жұдырықтасып отыр, деп хабарлайды Sports.kz. 

Ол Лас-Вегастағы бокс кешінде "Сиқыршы" деген лақап атпен өнер көрсететін аргентиналық Гонсало Кориямен (16-3, 6 КО) кездесті. Әлімханұлының екі чемпиондық белбеуі ортаға салынды. Ол WBC және WBO чемпионы атағын сақтап, жеңіске жетті. 27 жастағы қазақстандық боксшы әлі бірде-бір рет жеңілген жоқ.

Жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын. Алайда Әлімханұлы қарсыласын екінші раундта сұлатты.

5906
Кілт сөздер:
бокс, видео, жекпе-жек, нокаут, Жәнібек Әлімханұлы
Тақырып бойынша
Әлімханұлы өзін Боратқа теңеген қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді – видео
Жәнібек Әлімханұлы екі чемпиондық титулды жеңіп алды – толық видео
"Бұл – басы ғана": Әлімханұлы айшықты жеңісінен кейін маңызды мәлімдеме жасады
Жәнібек Әлімханұлы: Альварес пен Джейкобсты жеңе алатынымды бәрі біледі
Әлімханұлы атақты Пакьяоның промоутерімен келісімшартқа қол қойды
мәжіліс отырысы

Мамин бастаған үкімет мүшелері мәжіліске келді

0
(Жаңартылды 10:45 21.10.2020)
Мәжілісте 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша заң жобасы қаралып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин бастаған үкімет мүшелері мәжіліске келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Отырыстың басында депутаттар экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жұмысқа алды. Депутат Нұртай Сабильяновтың айтуынша, осы құжат аясында 14 кодекске және 67 заңға өзгеріс енгізіледі. Соның ішінде кәсіпкерлік қызмет, бюджет, жер, экология, агроөнеркәсіп, сәулет, құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, микроқаржыландыру, жасанды интеллект және тағы басқа салалар бар.

"Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2021 жылдың 17 наурызына дейін қорытынды әзірлеуге дайын", - Сабильянов.

Осыдан кейін депуттаттар "Ұлттық қордан 2020-2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансфет туралы" заңға өзгеріс енгізу мәселесін қарады. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов нақтыланған бюджет бойынша Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 4 триллион 770 миллиард теңге көлемінде айқындалғанын жеткізді.

"Заң жобасында 2020 жыл бойынша осы соманы қолданыстағы кепілдендірілген трансферт туралы заңда белгілеу көзделеді", - деп атап көрсетті Дәленов.

Мәжіліс кепілдендірілген трансфет туралы заң жобасын бірауыздан мақұлдады. Осыдан кейін депутаттар 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша заң жобасын қарауға кірісті.

Осы мәселе бойынша ұлттық экономика министрі, қаржы министрі мен ұлттық банк басшысы баяндама жасады. Қазіргі кезде талқылау басталып кетті.

0
Кілт сөздер:
Асқар Мамин, үкімет, Мәжіліс