Спорт

Геннадий Головкин ұлымен түскен суретін бөлісті

© AFP 2024 / LUCAS BARIOULET Боксер Геннадий Головкин
 Боксер Геннадий Головкин  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин отбасымен Диснейлендке барып, суреттерін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз — Sputnik. Белгілі қазақстандық боасшы, IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин әлеуметтік желіде тұңғыш ұлының суретін бөлісті. Ол отбасымен АҚШ-тағы "Диснейлендке" барған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)

6 наурыз күні GGG екі фото бөлісті. Олардың бірінде Головкин үлкен ұлы Вадиммен түскен.

"Отбасымен өткізген уақыт ең керемет", – деп жазды чемпион.

Тағы оқыңыз: Зал шулап кетті: Головкин жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады

Танымал қазақстандық боксшы отбасымен бірге түскен суреттерін желіге өте сирек салады. Геннадийдің әйелі Алина Головкина екені белгілі. Олар 2007 жылы Қарағандыда отбасын құрған. Қазіргі уақытта Лос-Анджелес қаласында тұрады. Екі баласы бар.

Жаңалықтар
0