Арман Оспанов ресейлік файтер Расул Мирзаевты бірінші раундта нокаутқа жіберді

Арман Оспанов ресейлік файтерді жойқын нокаутқа түсірді толық видео

3433
Алматыда аралас жекпе-жектен "Absolute Championship Akhmat 105" турнирінде кештің басты жекпе-жегі өтті

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Қазақстандық Арман Оспанов (9-3) Алматыда өткен турнирдегі кездесуде ресейлік қарсыласы Расул Мирзаевты (18-2) нокаутпен жеңді.

Қазақстандықтар көптен күткен жекпе-жек Алматыда аралас жекпе-жектен "Absolute Championship Akhmat 105" турнирі аясында өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық файтер Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевпен кездесті.

Жартылай жеңіл салмақтағы айқас бес раундқа жоспарланған еді, алайда Оспанов Мирзаевты бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді.

Бұл Арман Оспановтың кәсіпқой ММА-дағы оныншы жеңісі, ал Расул Мирзаев үшін карьерасындағы үшінші жеңіліс.

ММА-дың басқа файтерлері мен комментаторлар Оспанов пен Мирзаевтың жекпе-жегіне жоғары баға берді.

3433
Тақырып бойынша
Бірде-бір рет жеңілмеген қазақ боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді: видео желіде жарияланды
Қазақстандық спортшыны қытай жойқын нокаутқа түсірді – видео
Спортшы шынтағымен жойқын соққы жасап, қарсыласын нокаутқа жіберді – видео
Төреші жекпе-жекті тоқтатты: Елеусінов қарсыласын жойқын нокаутқа түсірді - видео
Макгрегор Серронені жойқын нокаутқа түсірді - видео
Жойқын соққы: Батыр Жүкембаев қарсыласын қалай нокаутқа түсірді - видео
Геннадий Головкин

Головкин Елеусіновті неге құттықтаған жоқ боксшының менеджері өз болжамын айтты

946
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов жартылай орта салмақта IBF Intercontinental белбеуін жеңіп алған еді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша — Sputnik. Данияр Елеусіновтің менеджері Зия Әлиев Геннадий Головкиннің отандасын жеңісімен неге құттықтамағанына қатысты өз болжамын айтты, деп жазады sports.kz.

Белгілі қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Голливудта Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өткен кәсіби бокс кешінде болған. Осы кеште оның отандасы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов екінші раундта бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгоны нокаутқа түсірді.

Sports.kz Данияр Елеусіновтің менеджері Зия Әлиевтен Геннадий Головкин отандасын жарқын жеңісімен құттықтап-құттықтамағанын сұраған.

"Жоқ, кірген жоқ, құттықтаған жоқ. Тіпті жолаған жоқ – өйткені Covid-ке қатысты сондай тәртіп", - деді ол.

Оның айтуынша, қазір Геннадий Головкин мейленше өзін вирустан қорғап жүр, өйткені жекпе-жек жақындап қалды.

"Оған рингке шығуға да рұқсат берер еді. Бірақ, білуімше, Геннадий Головкин барынша вирустан сақтанып жүр – лагерьге кіретін адамдардың барлығын тексеріп, тесттен өткізеді. Сондықтан, бұл қалыпты жағдай, оның жекпе-жегі жақындап қалды, Covid жұқтырып алса тағы...", - деді Елеусіновтің менеджері.

Айта кетейік, Головкиннің жекпе-жегі биыл 18 желтоқсанда өтеді. Ол польшалық боксшы Камил Шереметамен жұдырықтасады.

Оқи отырыңыз: Данияр Елеусінов қарсыласын нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеу жеңіп алды

946
Кілт сөздер:
Данияр Елеусінов, Геннадий Головкин
 Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс

Майк Тайсон мен Рой Джонс шаршы алаңда кездесті жекпе-жектің толық видеосы

2059
(Жаңартылды 12:52 29.11.2020)
Аты аңызға айналған боксшылардың жекпе-жегі бүгін қазақстандық уақыт бойынша таңертең АҚШ-та өтті

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Атақты америкалық боксшылар Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс Лос-Анджелесте Staples Center аренасында жекпе-жек өткізді.

Бұл жекпе-жек "Аңыздар шайқасы" кешінің басты оқиғасы болды. Көптен күткен кездесу ерекше регламент бойынша өтті - әрбірі екі минутқа созылған сегіз раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша екі боксшы тең түсті. Бірақ бұл нәтиже спортшылардың көңілінен шықпады. Майк Тайсон наразылық білдіріп, рингтен кетіп қалды. 

Айта кетсек, Майк Тайсон соңғы рет 2005 жылы жұдырықтасқан болатын. Ол кезде Кевин Макбрайдтан жеңіліп қалған еді. Рой Джонс шаршы алаңға 2018 жылы шығып, Скотт Сигмонды жеңді.

2059
Кілт сөздер:
видео, жекпе-жек
Жедел жәрдем көлігі

Жамбыл облысында қайғылы оқиға салдарынан 2 бала көз жұмды

207
(Жаңартылды 16:11 29.11.2020)
Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, балалар Байзақ ауданы Үлгілі ауылындағы суарма арық маңында ойнап жүрген

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша — Sputnik. Жамбыл облысында екі бала мұз астына түсіп кетіп қайтыс болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, 6 және 9 жастағы екі бала Байзақ ауданы Үлгілі ауылындағы суарма арық маңында ойнап жүрген. Сол жерде мұз астына түсіп кетті, балаларды құтқару мүмкін болмады.

"Жамбыл облысы жедел құтқару жасағының үш сүңгуірі олардың денесін 3 метр тереңдіктегі судан шығарды", - деді төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Министрлік қазіргі мұздың жұқа әрі қауіпті екенін ескертті. 

"Мұздың алғашқы қабаты балалар мен жасөспірімдерді қызықтырады. Алайда жұқа мұз өте қауіпті. Мұны балаларға айтып, ескерту керек. Балалардың мұндай жерлерде бақылаусыз жүруіне жол бермеңіз. Қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріңіз", - делінген министрлік хабарламасында.

207
Кілт сөздер:
су, мұз, бала, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
"Қауіпсіздік ережелері сақталмаған": жыл басынан бері 40 бала суға батып кетті
Батыс Қазақстандағы трагедия: көлікте отырған үш бала суға батып кетті
Тоңазытқыштағы бала өлімі: сотталушының адвокаты күтпеген мәлімдеме жасады
"Сіңіріңіз тартылса...": суға батпау үшін не істеу керек?
Марадонамен кездескен қазақстандық бала: құшақтап жібермей тұрды