Боксшы қолғабы

Сау-тамтығы қалмады: UFC тарихындағы үздік жекпе-жектің бірі қалай өтті - видео

2532
(Жаңартылды 15:57 08.03.2020)
Twitter қолданушылары спортшының түрін көріп шошыды. Олар қытайлық спортшы қарсыласының сау-тамтығын қалдырмағанын жазды

НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. Аса жеңіл салмақтағы UFC чемпиондық белбеуінің иегері Вэйли Чжан польшалық Йоанна Енджейчикпен жекпе-жек өткізіп, титулын қорғады. 

Жекпе-жек кезінде Чжан қарсыласының бетіне бірнеше рет жойқын соққы жасады. Салдарынан польшалық спортшының бет-аузы қанталап қалды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Twitter қолданушылары Енджейчиктің түрін көріп шошыды. Олар қытайлық спортшы қарсыласының сау-тамтығын қалдырмағанын жазған. Көптеген қолданушылар бұл жекпе-жекке UFC тарихындағы үздік кездесулерді бірі деп бағалады.

Тағы оқыңыз: Бірде-бір рет жеңілмеген қазақ боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді: видео желіде жарияланды

Чжан өзінің титулын алғаш рет қорғап отыр. Ол 21 рет жеңіске жетіп, бір рет жеңілген. Енджейчик 18 рет жеңіп, 4 рет ұтылған. 

 

2532
Тақырып бойынша
Боксшы жекпе-жек алдында біртүрлі әрекет жасап, ұятқа қалды - видео
UFC тарихындағы рекордтық сома: жекпе-жегі үшін Хабибке қанша төледі?
"Оңбай қателесті": ер адам UFC-ге қатысушы қызды тонаймын деп бәлеге қалды
Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео
UFC-дің басты жекпе-жегі жанжалмен аяқталды – видео
Жұдырық, ыза

UFC спортшысы қарсыласына: қазақтың кім екенін және көшпенділер рухын сезінесің

1013
(Жаңартылды 12:50 30.11.2020)
Қазақстандық аралас жекпе-жек шеберінің швециялық қарсыласымен кездесуі Абу-Дабидегі UFC 257 турнирі аясында өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмагұлов UFC-де екінші мәрте октагонға шығуға дайындалып жатыр. Оның Амир Альбазимен кездесуі 28 қарашадан 23 қаңтарға ауыстырылды. 

Кездесу кейінге қалдырылса да, спортшылар әлеуметтік желіде "жекпе-жек" өткізіп үлгерді. 

Амир Альбази Instagram-да қазақстандық қарсыласына: "Жалғас Жұмағұлов, мен саған бара жатырмын", - деп сес көрсетті. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Amir “The Prince 👑” Albazi (@amiralbazi)

Жұмағұлов та бірден жауап қайырды:

"Мен өзім-ақ келемін, қазақтың кім екенін, көшпенділердің рухын сезінесің", - деді ол қарсыласына.

Жекпе-жек 12 желтоқсан күні өтуі мүмкін деген болжам жасалған еді. Бірақ UFC бұл ақпаратты растаған жоқ.

Жекпе-жекке дайындық

Жалғас Жұмағұлов Амир Альбазимен кездесуге дайындалып, Америка визасының рәсімделуін күткен болатын. Ол дайын болды, алайда төлқұжатын дер кезінде қайтармаған. Лас-Вегасқа бара алмайтын болып, ұйымдастырушыларға хабарласты. Енді жекпе-жек Абу-Дабидегі UFC 257 турнирі аясында өтеді.

Биыл шілде айында Жалғас Жұмағұлов UFC-де алғашқы жекпе-жегін өткізді. Ол бразилиялық Раулиан Пайвадан жеңілді. Бұған дейін Жұмағұлов FNG-де төрт рет жеңіске жеткен болатын. Соңғы екі жекпе-жекте Тагир Уланбеков пен Али Багаутиновтен мықты болды.

1013
Кілт сөздер:
қазақтар, спортшы, UFC
Тақырып бойынша
Головкин Елеусіновті неге құттықтаған жоқ – боксшының менеджері өз болжамын айтты
Данияр Елеусінов қарсыласын нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеу жеңіп алды
Жалғас Жұмағұлов кімнің кесірінен жеңілгенін айтты
Жалғас Жұмағұлов ресейлікті жеңіп, чемпиондық титулын қорғап қалды – видео  
Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты
Боксшылар, чемпионат

Бокстан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

558
Турнирде Маңғыстау облысының боксшылары басым түсті. Ал әйелдер арасында астаналық сопртшылар бірінші орынды иеленді

АЛМАТЫ, 29 қараша — Sputnik. Бокстан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Ұлттық олипиадалық комитет. 

Шымкентте бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталды. 2020 жылы респбликалық турнир ерекше өтті - ерлер мен әйелдер жарысы біріктірілді. Пандемияға байланысты тағы бірқатар өзгеріс енгізілді. 

Ресми емес командалық есепте Маңғыстау облысы жеңіске жетті - екі алтын, екі қола. Екінші орында - Нұо-Сұлтан (бір алтын, екі күміс, бір қола). Үшінші орында Жамбыл облысы (бір алтын, бір күміс, үш қола).

Ерлер арасындағы жеңімпаздар:

  • 49 келіге дейін: Даниял Сәбит (Батыс Қазақстан облысы);
  • 52 келіге дейін: Сабырхан Махмуд (Шымкент);
  • 57 келіге дейін: Серік Теміржанов (Павлодар облысы);
  • 60 келіге дейін: Саматәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы);
  • 63 келіге дейін: Ертуған Зейнуллиев (Алматы облысы);
  • 69 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы);
  • 75 келіге дейін: Әбілхан Аманқұл (Жамбыл облысы);
  • 81 келіге дейін: Бекзад Нұрдаулетов (Маңғыстау облысы);
  • 91 келіге дейін: Айбек Оралбай (Нұр-Сұлтан);
  • 91 келіден жоғары: Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда облысы).

Чемпионатта әйелдер арасында астаналық спортшылар басым түсті. Үш алтын, екі күміс, бір қола. Екінші орын Қостанай облысы (екі алтын, бір қола). Үшінші орын Шымкентте (бір алтын, үш күміс, бір қола),

Әйелдер арасындағы жеңімпаздар:

48 келіге дейін: Аяулым Балқыбекова (Жамбыл облысы);

51 келіге дейін: Назым Қызайбай (Алматы);

54 келіге дейін: Дина Жоламан (Ақмола облысы);

57 келіге дейін: Владислава Кухта (Қостанай облысы);

60 келіге дейін: Римма Волосенко (Нұр-Сұлтан);

64 келіге дейін: Милана Сафронова (Қарағанды облысы);

69 келіге дейін: Валентина Хальзова (Нұр-Сұлтан);

75 келіге дейін: Надежда Рябец (Қостанай облысы);

81 келіге дейін: Фариза Шолтай (Шымкент);

81 келіден жоғары: Ләззат Күнгейбаева (Нұр-Сұлтан).

558
Тақырып бойынша
Майк Тайсон мен Рой Джонс шаршы алаңда кездесті – жекпе-жектің толық видеосы
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Головкин Елеусіновті неге құттықтаған жоқ – боксшының менеджері өз болжамын айтты
"Тұрмысқа шыққаннан кейін спорттан кету керек": боксшы Назым Қызайбай сұхбат берді
Қазақстандық боксшы мексикалықты бір минутқа жеткізбей нокаутқа жіберді – видео
(NaN:NaN / NaNMb / )

Мемлекет басшыларының қатысуымен ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысы - трансляция

0
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қауіпсіздік кеңесінің сессиясы видеоконференция форматында өтіп жатыр
0