Шорт-тректен Әлем кубогы

Спорт министрлігі Қазақстандағы спорт шараларын тоқтатқан жоқ

61
(Жаңартылды 18:56 11.03.2020)
Қазақстан аумағында бұқаралық спорт шараларын өткізуді тоқтату туралы шешім қабылданған жоқ, деп хабарлады ведомство

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі елдегі бұқаралық спорт шаралары тоқтатылғаны туралы хабарламаны жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, әңгіме спортшылардың шетелдік іссапарлары үшін ұсынымдар енгізу туралы болған.

"Қазақстандағы барлық бұқаралық спорт шарасын тоқтату  туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл шешімдер Қазақстан үкіметінің жанындағы ведомствоаралық комиссияның дәйегі негізінде қабылданады, коронавирустың таралуы жоғары елдерге спортшыларды жіберуге тоқтау салу туралы ұсыным берілді", - делінген мәдениет және спорт министрлігінің хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан аумағында спорт шараларын өткізуді тоқтату туралы шешім қабылданған жоқ.

Оқи отырыңыз: Василий Левитке Олимпиадаға жолдама берген жекпе-жектің видеосы жарияланды 

Бұған дейін Қазақстан мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаева Sputnik Қазақстан тілшісіне елдегі бұқаралыр спорт шаралары тоқтатылатынын айтқан болатын.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Sputnik тілшісіне Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі анықталмағанын хабарлады. 

61
Жұдырық, ыза

UFC спортшысы қарсыласына: қазақтың кім екенін және көшпенділер рухын сезінесің

1014
(Жаңартылды 12:50 30.11.2020)
Қазақстандық аралас жекпе-жек шеберінің швециялық қарсыласымен кездесуі Абу-Дабидегі UFC 257 турнирі аясында өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмагұлов UFC-де екінші мәрте октагонға шығуға дайындалып жатыр. Оның Амир Альбазимен кездесуі 28 қарашадан 23 қаңтарға ауыстырылды. 

Кездесу кейінге қалдырылса да, спортшылар әлеуметтік желіде "жекпе-жек" өткізіп үлгерді. 

Амир Альбази Instagram-да қазақстандық қарсыласына: "Жалғас Жұмағұлов, мен саған бара жатырмын", - деп сес көрсетті. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Amir “The Prince 👑” Albazi (@amiralbazi)

Жұмағұлов та бірден жауап қайырды:

"Мен өзім-ақ келемін, қазақтың кім екенін, көшпенділердің рухын сезінесің", - деді ол қарсыласына.

Жекпе-жек 12 желтоқсан күні өтуі мүмкін деген болжам жасалған еді. Бірақ UFC бұл ақпаратты растаған жоқ.

Жекпе-жекке дайындық

Жалғас Жұмағұлов Амир Альбазимен кездесуге дайындалып, Америка визасының рәсімделуін күткен болатын. Ол дайын болды, алайда төлқұжатын дер кезінде қайтармаған. Лас-Вегасқа бара алмайтын болып, ұйымдастырушыларға хабарласты. Енді жекпе-жек Абу-Дабидегі UFC 257 турнирі аясында өтеді.

Биыл шілде айында Жалғас Жұмағұлов UFC-де алғашқы жекпе-жегін өткізді. Ол бразилиялық Раулиан Пайвадан жеңілді. Бұған дейін Жұмағұлов FNG-де төрт рет жеңіске жеткен болатын. Соңғы екі жекпе-жекте Тагир Уланбеков пен Али Багаутиновтен мықты болды.

1014
Кілт сөздер:
қазақтар, спортшы, UFC
Тақырып бойынша
Головкин Елеусіновті неге құттықтаған жоқ – боксшының менеджері өз болжамын айтты
Данияр Елеусінов қарсыласын нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеу жеңіп алды
Жалғас Жұмағұлов кімнің кесірінен жеңілгенін айтты
Жалғас Жұмағұлов ресейлікті жеңіп, чемпиондық титулын қорғап қалды – видео  
Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты
Боксшылар, чемпионат

Бокстан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

558
Турнирде Маңғыстау облысының боксшылары басым түсті. Ал әйелдер арасында астаналық сопртшылар бірінші орынды иеленді

АЛМАТЫ, 29 қараша — Sputnik. Бокстан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Ұлттық олипиадалық комитет. 

Шымкентте бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталды. 2020 жылы респбликалық турнир ерекше өтті - ерлер мен әйелдер жарысы біріктірілді. Пандемияға байланысты тағы бірқатар өзгеріс енгізілді. 

Ресми емес командалық есепте Маңғыстау облысы жеңіске жетті - екі алтын, екі қола. Екінші орында - Нұо-Сұлтан (бір алтын, екі күміс, бір қола). Үшінші орында Жамбыл облысы (бір алтын, бір күміс, үш қола).

Ерлер арасындағы жеңімпаздар:

  • 49 келіге дейін: Даниял Сәбит (Батыс Қазақстан облысы);
  • 52 келіге дейін: Сабырхан Махмуд (Шымкент);
  • 57 келіге дейін: Серік Теміржанов (Павлодар облысы);
  • 60 келіге дейін: Саматәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы);
  • 63 келіге дейін: Ертуған Зейнуллиев (Алматы облысы);
  • 69 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы);
  • 75 келіге дейін: Әбілхан Аманқұл (Жамбыл облысы);
  • 81 келіге дейін: Бекзад Нұрдаулетов (Маңғыстау облысы);
  • 91 келіге дейін: Айбек Оралбай (Нұр-Сұлтан);
  • 91 келіден жоғары: Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда облысы).

Чемпионатта әйелдер арасында астаналық спортшылар басым түсті. Үш алтын, екі күміс, бір қола. Екінші орын Қостанай облысы (екі алтын, бір қола). Үшінші орын Шымкентте (бір алтын, үш күміс, бір қола),

Әйелдер арасындағы жеңімпаздар:

48 келіге дейін: Аяулым Балқыбекова (Жамбыл облысы);

51 келіге дейін: Назым Қызайбай (Алматы);

54 келіге дейін: Дина Жоламан (Ақмола облысы);

57 келіге дейін: Владислава Кухта (Қостанай облысы);

60 келіге дейін: Римма Волосенко (Нұр-Сұлтан);

64 келіге дейін: Милана Сафронова (Қарағанды облысы);

69 келіге дейін: Валентина Хальзова (Нұр-Сұлтан);

75 келіге дейін: Надежда Рябец (Қостанай облысы);

81 келіге дейін: Фариза Шолтай (Шымкент);

81 келіден жоғары: Ләззат Күнгейбаева (Нұр-Сұлтан).

558
Тақырып бойынша
Майк Тайсон мен Рой Джонс шаршы алаңда кездесті – жекпе-жектің толық видеосы
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Головкин Елеусіновті неге құттықтаған жоқ – боксшының менеджері өз болжамын айтты
"Тұрмысқа шыққаннан кейін спорттан кету керек": боксшы Назым Қызайбай сұхбат берді
Қазақстандық боксшы мексикалықты бір минутқа жеткізбей нокаутқа жіберді – видео
Нұр-Сұлтан қаласындағы аяз

Қазақстанда желтоқсанда ауа райы қандай болады

472
(Жаңартылды 16:18 02.12.2020)
Желтоқсан айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы норма шамасында болады, айдың ортасында аяз болады деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Желтоқсан айының ортасында Қазақстанда отыз градус аяз болады. Сынап бағанасы республиканың солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде төмендейді, деп хабарлады Қазгидромет.

Синоптиктердің болжауынша, желтоқсанның бірінші онкүндігінің басында және соңында республиканың солтүстік жартысында, орталығында және шығысында кей жерлерде қар жауады, бұрқасын соғады.

"Ауа температурасы түнде -23-28°С, күндіз -12-20°С болады. Онкүндіктің соңында аяз түнде -13-23°С дейін, күндіз -5-13°С дейін әлсірейді", - делінген хабарламада. 

Еліміздің батысында ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы – түнде -15-25°С, күндіз -7-15°С шамасында. Бірінші онкүндіктің соңында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, жел күшейеді, ауа температурасы түнде -9-15°С, күндіз 0, -5°С дейін көтеріледі. Қазақстанның оңтүстік-батысында температура түнде -2-10°С тан -8-16°С дейін, күндіз -2+3°С тан -3-8°С-қа дейін ауытқиды деп болжанып отыр.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында онкүндіктің басында және соңында жауын-шашын жауады, онкүндіктің басында тау және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын, көбінесе қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады және жел күшейеді. Ауа температурасы түнде -5-13°С-тан  -10-20°С-қа дейін, күндіз -5+5°С-тан -8-13°С-қа дейін төмендейді.

Қазақстанда аяз болады

Қазгидромет республиканың солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде желтоқсан айының ортасында термометр бағанасы түнде -22-30°С-қа дейін, күндіз -10-18°С-қа дейін төмендейтінін хабарлады.

Қазақстанның батысында екінші онкүндіктің басында және соңында ауа температурасы түнде -10-18°С, күндіз -5-13°С-қа дейін айтарлықтай төмендейді.

Елдің оңтүстік бөлігінде екінші онкүндіктің ортасында ауа температурасы түнде -10-20°С-қа дейін, күндіз -5-13°С-қа дейін төмендейді.

Айдың соңында Қазақстанның барлық аумағында аяздың беті қайтады.

Сонымен, Қазақстанның басым бөлігінде желтоқсан айында ауа температурасы норма шамасында, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, Қарағанды облысының шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында нормадан 1°С төмен болады деп болжануда.

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында болады.  

Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады 

Солтүстік Қазақстан облысында, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстік жартысында, Ақмола облысының солтүстігінде, Алматы облысының оңтүстік-шығыс жартысында, Түркістан және Жамбыл облыстарының тау және тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп, Маңғыстау облысында, Ақтөбе облысының оңтүстік жартысында, Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батыс жартысында нормадан аз болады.

Казгидромет бір айға арналған болжамды консультативтік болжам ретінде пайдалану керектігін ескертті. Ол кейіннен онкүндіктің ауа райы болжамдары арқылы нақтыланады.  

472
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, желтоқсан