Спорт

ТМД елдерінің спорттық сайысы қашан өтеді?

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуПловчиха, архивное фото
Пловчиха, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Спорттық ойындар жарысы алғаш рет тамыз айында өтеді деп жоспарланған. Алайда, коронавирус пандемиясына байланысты ол кейінге қалдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы ТМД елдерінің спорттық ойындар жарысы 4-11 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарланған, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.

23 жасқа дейінгі спортшылар 21 спорт түрі бойынша бақ сынайтын сайысты ұйымдастырушылар қыркүйек айының алғашқы онкүндігінде өткізуді жоспарлап отыр.  

"Қазіргі кезде жарыстың өтетін күнін нақты белгілеу үшін Ресей федерациясымен келіссөздер жүргізілуде", – делінген хабарламада.

ТМД елдерінің спорттық ойындарына Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина, Ресей құрамалары қатысады.

Ал спортшылар армрестлинг, бадминтон, баскетбол (3х3), бокс, белбеу және кураш, су добы, жағажай волейболы, еркін және грек-рим күресі, гір тасын көтеру, дзюдо, каратэ, мас-рестлинг, үстел теннисі, жүзу, самбо, тай бокс, би спорты, семсерлесу, футзал, көркем гимнастика және шахмат бойынша өзара бақ сынайтын болады.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы спорт кешендері инфекциялық госпиталь ретінде қолданылады

Айта кетейік, ұйымдастырушылар мәліметіне сүйенсек, коронавирус індетіне  байланысты жағдай тұрақсыз күйде қалса, сапорттық шараны өткізу мерзімі де өзгертілуі мүмкін.

Жаңалықтар
0