Спорт

Мадияр Әшкеев кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліске ұшырады – видео

CC0 / / Боксерский ринг
Боксерский ринг - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мадияр Әшкеев алғаш рет жеңіліске ұшырады. Жекпе-жек тоғыз раунд бойы америкалық Чарльз Конуэллдың басымдығымен өтті

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан – Sputnik. Лос-Анджелесте қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (14-0, 7 КО) пен америкалық Чарльз Конуэлл (13-0, 10КО) арасындағы жекпе-жек өтті, деп жазды Prosports.kz.

Бұл жекпе-жекке дейін қос боксшы да жеңілістің ащы дәмін татпаған еді. Мадияр Әшкеев алдыңғы жекпе-жегін 2019 жылдың қарашасында өткізген. Ол кезде жерлесіміз бесінші раундта аргентиналық Родольфо Мартинесті (44-9-3, 16 КО) жеңген болатын.

Оқи отырыңыз: Кім нокаутқа түседі – Головкиннің жекпе-жегіне болжам жасалды 

Америкалық Чарльз Конвэллге келетін болсақ, ол өзінің соңғы жекпе-жегін осы жылдың қазан айында өткізді. Тоғызыншы раундта жерлесі Уэнди Туссейнтті (12-1, 5 КО) нокаутқа жіберді.

23 жастағы америкалық боксшы ринг қожайыны ретінде алғашқы минуттардан үстемдік танытты. Мадиярдың өз мүмкіндігін көрсетуіне мүмкіндік бермеді. Чарльздың үздіксіз бағыттаған соққыларына жерлесіміз қарсылық таныта алмады. 

Жекпе-жек жоспарланған он раундқа созылмады. Тоғызыншы раундтан кейін Әшкеевтің бапкерлері айқасты жалғастырудан бас тартты. Тоғыз раунд бойы жекпе-жек Конуэллдың басымдығымен өтті. 

Осылайша, Әшкеев карьерасындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Чарльз Конуэлл он төртінші жеңісіне қол жеткізді.  

Жаңалықтар
0