Спорт

Канело Смиттің белбеулерін тартып алды

© AP Photo / Isaac BrekkenБой Головкин - Альварес
Бой Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Геннадий Головкин Альварес/Смит жұбының жеңімпазымен жұдырықтасуға дайын екенін айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Сауль "Канело" Альварес үш титул үшін өткен жекпе-жекте британиялық боксшы Каллум Смитті жеңді.

Канело мен Смит арасындағы кездесу Техас штатының Сан-Антонио қаласындағы Alamodome стадионында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі болды.   

Үш титул бәске тігілді: Смиттің WBA және орта салмақтағы The Ring белбеулері, сондай-ақ осы салмақта бос тұрған WBC белбеуі.

Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Нәтижесінде Альварес төрешілер шешімімен жеңіске жетті – 119-109, 119-109, 117-111.

"Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге келісті

Бұған дейін Геннадий Головкин Канело/Смит жұбының жеңімпазына қарсы жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеген болатын.

"Келесі қарсылас кім дейсіз бе? Мен ең үздіктермен, чемпиондармен, соның ішінде "Канело" мен Смит жекпе-жегінің жеңімпазымен айқасуға дайынмын. Келесі жолы үздік жекпе-жек өткіземіз деп уәде беремін", - деді Головкин.

Жаңалықтар
0