Спорт

Қазақстандық танымал футболшы допинг қолданғаны үшін екі жылға шеттетілді

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өту Бауыржан Исламхан
 Бауыржан Исламхан  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық құраманың капитаны Бауыржан Исламхан Азия чемпиондар лигасындағы матчтан кейін допинг-тестен өте алмады

НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Азия футбол конфедерациясының тәртіптік комитеті Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламханды спорттан шеттетті, деп хабарлады журналист Айдын Қожахмет өзінің телеграм-арнасында.

Мұндай шешімді күтпеген Исламхан апелляциялық шағым түсірмекші.  

"Спорттық карьерамда ешқашан допинг қолданған жоқпын және спорт режимін бұзбадым. Сондықтан мына жағдайдан есеңгіреп қалдым.  Мен ақ екенімді дәлелдеуді жалғастырамын және бұл шешімге міндетті түрде шағым түсіремін. Лозанна сотындағы төрешілер менің дәлелдерімді тыңдайтынына сенімдімін", - деп мәлімдеді футболшы.

Оқи отырыңыз: Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат футболшы кім 

Сонымен қатар ол жанкүйерлерді өзін қолдауға шақырды.

"Қазақстанның барлық футбол жанкүйерінен мені қолдауын сұраймын, өйткені дәл қазір сіздердің қолдауларыңыз қатты қажет болып тұр", - деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, Исламхан 16 қыркүйекте Азия чемпиондар лигасындағы "Әл-Саддқа" қарсы матчтан кейін допинг-сынақтан өте алмады, ол кәсіби деңгейдегі ойындардан шеттетілді.

Жаңалықтар
0