Садриддин Ахмедов

"Ол ашуланды": Садриддин Ахмедовтың жекпе-жегі кезінде күтпеген оқиға болды видео

21020
(Жаңартылды 15:08 30.01.2021)
Садриддин рингке көтерілгеннен кейін Қазақстанның емес, Канаданың әнұраны шырқалды. Боксшы бұл жағдайға наразылық білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Қазақ боксшысы Садриддин Ахмедовтың (12-0, 10 КО) Мексикада өткен жекпе-жегі кезінде ұйымдастырушылар шатасып басқа елдің әнұранын қойып жіберді.  

Садриддин рингке көтерілгеннен кейін Қазақстанның емес, Канаданың әнұраны шырқалды. Ахмедов канадалық Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған және осы елде жаттығады. Сондықтан ұйымдастырушылар оны Канада өкілі деп ойлаған болуы мүмкін.   

Оқи отырыңыз: Қазақ боксшысы Садриддин Ахмедов үш титул үшін өткен жекпе-жекте жеңіске жетті 

Видеодан боксшы бұл жағдайға наразылық білдіргенін көруге болады. Жекпе-жектен кейін ол инстаграмда ұйымдастырушы тарапқа шағымданғанын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Ахмедовтың менеджері Анна Рева Sports.kz сайтына бокс кешінде болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Мексика тарапы әнұранды қойғанда қателесті. Садриддин Канададан ұшып келді. Шапан киіп, Қазақстанның туымен шықты, ал мексикалықтар шатастырып алды. Ол, әрине, ашуланды", - деді Рева.

Айта кетейік, бұл жекпе-жекте 23 жастағы қазақ боксшысы Нидерланды өкілі Стивен Даньоны төрешілер шешімімен жеңген болатын.

21020
Кілт сөздер:
әнұран, Садриддин Ахмедов
Тақырып бойынша
Ахмедов аргентиналықты әбден ұрып-соғып, ақыры жойқын нокаутқа жіберді - видео
Садриддин Ахмедов ұлтына қатысты сұрақтың нүктесін қойды
26 жастағы қазақ боксшысы тағы да қарсыласын сұлатып салды – видео  
Жеңілмеген қазақ боксшысы KeshYou тобының бұрынғы әншісі Ақботаға үйленді – видео
Волейбол

"Сабинадан асып кетті": сұлу волейболшы қыздың суреті мен видеосы жарияланды

8695
(Жаңартылды 20:43 25.02.2021)
Алиса спортпен бірге сән бизнесін де алып жүр, сан алуан шоулар мен сәнді киімдер таныстырылымына жиі қатысып тұрады

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. "Gazzetta" атты грек басылымы ғаламшардағы ең сұлу волейболшы қызды атады. 25 жастағы ресейлік спортшы Алиса Маненок қазақстандық Сабина Алтынбековадан озып кетті. Бойжеткеннің суреті мен видеосы жарияланды.

Алиса 14 жасынан бастап спортпен айналысады. Бас кезінде жүзуге барған. Бірақ артынан волейболға ауысып кетті. Николай Дубинин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында білім алды. "Приморье" командасының құрамында ойнады. Ал Қазан федералдық университетінің журналистика және социология факультетіне түскеннен кейін жоғары оқу орнының құрамасына қабылданды, деп хабарлайды Sports.kz

Алиса спортпен бірге сән бизнесін де алып жүр, сан алуан шоулар мен сәнді киімдер таныстырылымына жиі қатысып тұрады. 2013 жылы алғашғы титулы - "Приморье аруы" атағын жеңіп алды. Екі жылдан кейін тағы екі конкусқа қатысып, Miss Beautiful Body атанды. Сосын "Татарстан аруы" байқауында екінші орынды иеленді. Одан кейін бірінші вице-мисс атанып, Supermodel International конкурсында бір атақ жеңіп алды.

2018 жылы Алиса Маненок Ресейдің атынан World Beauty Queen конкурсына қатысып, бірінші орынға ие болды.

2019 жылы Алиса  "Жер аруы" халықаралық конкурсына қатысты. Ол жерде Беларусьтың атынан шықты. Себебі әкесі осы елде дүниеге келген, туған-туыстарының басым бөлігі де сонда тұрады. Манилада өткен байқауда Алиса төртінші орынды иеленді. 

Алиса жеке өмірі туралы ештеңе айтпайды. Әлеуметтік желіге де ер адаммен бірге түскен сурет салмайды.

Қазіргі кезде Маненок Қазан қаласында тұрады. Қазан университетінің командасында. Сондай-ақ, модель болып жұмыс істейді. Спортшының Instagram парақшасына 97,9 мың адам жазылған.

8695
Кілт сөздер:
видео, сурет, волейбол
Пресс-конференция в студии Sputnik с участием Ильи Ильина

Илья Ильин Қазақстан азаматтығынан айырылған шенеунікке араша түсті

804
Егер Олег Почиваловта Ресей азаматтығы болмаса, оған өңірдегі спортты дамытуды жалғастыруға мүмкіндік беру керек, деп есептейді әлем чемпионы

АЛМАТЫ, 24 ақпан – Sputnik. Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Шымкент қаласы спорт басқармасының басшысы, екі азаматтығы бар Олег Почиваловқа араша түсті. Қазақстанда Полчивалов секілді мамандардың аз екенін айтып, оған екінші мүмкіндік беруді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Олег Почиваловты құрметтеймін. Меніңше, адам өзге елдің азаматтығын алған болса, Қазақстанда тұрып, жұмыс істемей, баяғыда-ақ сол елге кетіп қалар еді. Еліміздегі білікті спорт мамандарын сақтап қалуға тырысу қажет, өйткені бізде мұндай маман көп емес. Егер ол кісіде Ресей азаматтығы болмаса, Олег Почиваловқа өңірдегі спортты дамытуды жалғастыруға мүмкіндік беру керек", - деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Шымкент спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов Қазақстан мен Ресей азаматтығын алғаны 2020 жылдың соңында белгілі болды. Сол кезде спорт басқармасы бұл мәліметті жоққа шығарған.

Оқи отырыңыз: Шымкенттік шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылды

Кейіннен басқарма басшысының қос азаматтығы бар екені анықталып, ол Қазақстан азаматтығынан айырылды.

"Азаматтық туралы" заңның 21-бабына сәйкес, көші-қон қызметі басқармасы Олег Владимирович Почиваловтың Қазақстан азаматтығынан айырылу фактісін тіркеді", - деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінің көші-қон және азаматтық бөлімі мамандары.

Содан кейін шенеунік көші-қон полициясының шешімін сотқа берді, алайда бұл процесте жеңілді.

804
Кілт сөздер:
спортшы, азаматтық, Илья Ильин
Қазақстан мен Қырғызстан тулары

Қырғызстан президенті Нұр-Сұлтанға келеді: Тоқаев пен Жапаров не талқылайды

10
Қазақстан Қырғызстаның жаңа президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен келетін екінші ел болмақ

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстан мен Қырғызстан басшылары мемлекеттік сапар барысында бірқатар екіжақты келісімдерге қол қояды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Садыр Жапаров Нұр-Сұлтанға 2-3 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келеді.

"Шағын және кең құрамдағы келіссөздер барысында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланады деп көзделіп отыр. Сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері сөз болады", - деп хабарлады Тоқаевтың баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, мемлекет басшылары Орталық Азия, ЕАЭО мен өзге де құрылымдарда интеграциялық процестерді дамыту, сонымен қатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасады. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылмақ.

Айта кетсек, Қырғызстанның жаңа президентінің Қазақстанға сапары сайлаудан кейін бірден жоспарланған еді. Бірақ президентікке сайланғаннан кейін Садыр Жапаров алғашқы сапарын Ресейге жасады.

10
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан