Жекпе-жек

ММА жекпе-жегінен кейін жаппай төбелес басталды видео

949
(Жаңартылды 10:14 02.02.2021)
Төбелес КSW 58 турнирі кезінде болған. Жекпе-жек Польшаның Лодзи қаласында өткені хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан — Sputnik. Ресейлік жекпе-жек шебері Шамиль Мұсаев словениялық Урос Юришичпен кездесуден кейін төбелес шығарды.

​MMA Junkie жаңалық порталының хабарлауынша, төбелес КSW 58 турнирі кезінде болған. Жекпе-жек Польшаның Лодзи қаласында өтті.

"Кездесуден соң ресейлік және словениялық спортшы келіспей қалды, соңы жаппай төбелеске ұласты", - делінген промоушен мәлімдемесінде.

​Төрешілер жеңісті бірауыздан Мұсаевқа берген болатын. Жекпе-жек қорытындысы жарияланған кезде октагонға екі спортшының да командасы шықты. Словениялық спортшы төрешілер шешімімен келіспеді. Мұсаев оған бас салды. Салдарынан командалар арасында төбелес басталып кетті.

​KSW басшылығы кінәлілер жазаланатынын жеткізді.

949
Кілт сөздер:
ММА, жекпе-жек, төбелес, видео
Тақырып бойынша
"Қазақстанда барлығы сатылады" деген спортшы енді не істейтінін айтты
Қазақстандық спортшы жол апатынан көз жұмды
Чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекте қазақстандық спортшы нокаутқа түсті - видео
Боксшы жекпе-жекте қарсыласын емес, төрешіні нокаутқа түсірді - видео
Қуат Хамитов қарсыласын небәрі 50 секундта нокаутқа түсірді - жекпе-жек видеосы
  Астана - Каспий матчы

"Каспий" жанкүйерлері алаңдағы тәртіпсіздіктен кейін жазаланды

18
"Каспий" футбол клубы маусымның соңына дейін өз алаңындағы барлық матчты көрермендерсіз ойнайды  

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек –  Sputnik. Қазақстан футбол федерациясы бақылау-тәртіптік комитеті "Каспий" футбол клубына Қазақстан чемпионаты матчтарын осы футбол маусымының соңына дейін көрермендерсіз өткізу түрінде санкция салды, деп хабарлады Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметі.

"Жанкүйерлердің орынсыз әрекеті үшін, яғни кездесудің ресми тұлғаларына балағат сөздер айтып, қарсылас команданың ойыншыларына бөтелке лақтырып, алаңға шығып кеткені үшін және ойынның қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуіне байланысты "Каспий" ФК-ға осы футбол маусымының соңына дейін OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының өз алаңындағы ойындарын көрермендерсіз өткізу түрінде санкция салынды", - деп жазды федерация Instagram-дағы аккаунтында.

Естеріңізге сала кетейік, 22 қыркүйекте ақтаулық "Каспий" мен елордалық "Астана" арасындағы футбол матчы ұрыс-керіспен аяқталды, жанжалды жеңілген "Каспий" жанкүйерлері бастады. Ойын аяқталғаннан кейін нәтижеге көңілі толмаған жанкүйерлер ойыншыларға дөрекі сөздер айтып, алаңға бөтелкелер мен басқа заттарды лақтыра бастады.

Сондай-ақ видеодан алаңда жүрген жанкүйерлердің бірі "Астана" клубының жартылай қорғаушысы Тигран Барсегянға допты бір тепкенін көруге болады. Осыдан кейін екі команданың ойыншылары арасында төбелес басталды.

Оқи отырыңыз:

18
Астана - Каспий матчы

Ақтауда өткен матчтан кейін жанкүйерлер полицияға жеткізілді видео

42
(Жаңартылды 08:24 24.09.2021)
Сүйікті командасының ұтылғанына көңілі толмаған жанкүйерлер "Астана" футбол клубы автобусының өтуіне кедергі жасады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек — Sputnik. "Каспий" мен "Астана" матчынан кейін полиция бес жанкүйерді ұстады. Олар Ақтаудың полиция басқармасына жеткізілді, деп жазады "Лада".

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sports.ru Казахстан (@sportsru_kz)

Алаң иелері 0:1 есебімен жеңілген болатын. Жанкүйерлер матч нәтижесіне наразылық танытты. "Каспий" командасының екі жанкүйері алаңға жүгіріп шығып, төрешілер бригадасына барды. Екі-үш минуттан соң полицейлер оларды орнына қайтарды.

"Кездесу аяқталған соң "Каспий" жанкүйерлері стадион аумағының артында жиналып, барабан ұрып, наразылығын білдірді. Олар "Астана" футбол клубы автобусының өтуіне кедергі жасауға тырысты. Полиция ескертуіне мән бермеді. Бес жанкүйер ұсталып, түсіндіру жұмысын жүргізу үшін қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Бұдан соң өзгелері тарқады", - деді полиция департаментінде.

"Астана" футбол клубының екі автобусы полициямен бірге қонақүйге жеткізілді. Футболшыларды тәртіп сақшылары күзетке алды.

Оқи отырыңыз: 

42
Кілт сөздер:
Ақтау, футбол, видео
Тақырып бойынша
Министр сөйлеп тұрған кезде залда футбол көріп отырған шенеунік видеоға түсіп қалды
Қазақстандық футбол клубының директоры қайтыс болды
Футбол ойнай алмағаны үшін мазаққа ұшыраған – оқушы өзіне қол салды
Болашақ Месси: төрт жасар астаналық футбол жаттықтырушысын таңғалдырды - видео
"Ertis" футбол клубының директоры сотталды
Архивтегі форто

Көкшетауда қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген сауналардың әкімшісі ұсталды

0
(Жаңартылды 21:46 24.09.2021)
Олар облыс орталығында 2 және 5 мың теңге көлемінде сыйақыға интимдік қызмет көрсету үшін қыздар ұсынған  

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында қыздарды жезөкшелікке жеккен екі сауна анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Өңірде 19 қыркүйекте басталған "Стоп-трафик" республикалық арнайы операциясы аясында полиция қызметкерлері адам саудасына қатысты 5 қылмысты ашты (оның екеуі жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу қылмысы).

Мысалы, 21 және 23 қыркүйек күндері облыс орталығында полицейлер 2 және 5 мың теңге көлемінде сыйақыға клиенттеріне интимдік қызмет көрсету үшін қыздар ұсынған екі саунаның әкімшілерін ұстады. Олар кінәсін мойындады.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетері, бұл баптың санкциясы мүлікті тәркілей отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сонымен қатар 19 қыркүйекте жедел алдын алу іс-шарасы барысында Көкшетау қаласының 32 жастағы тұрғыны ұсталды, ол жергілікті тұрғынның материалдық жағдайын пайдаланып, жезөкшелікпен айналысуға тартқан.  

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 308-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз:

 

0