Бокс қолғабы

Бокстан Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталды

82
(Жаңартылды 08:08 08.02.2021)
Ақтөбе қаласындағы "Жекпе-жек" спорт кешенінде 14 салмақ бойынша барлығы 284 боксшы бақ сынап, мықтыны анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Ақтөбеде бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ел біріншілігінде 2005-2006 жылдары туған жасөспірім былғары қолғап шеберлері өзара мықтыны анықтады. "Жекпе-жек" спорт кешенінде 14 салмақ бойынша барлығы 284 боксшы бақ сынады.

Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімі:

44 килограмм

1. Кемерхан Темірлан (Қарағанды облысы)

2. Боранбек Бексұлтан (Жамбыл облысы)

3. Нұрлыбек Аманат (БҚО)

3. Сексенбаев Үслам  (ШҚО)

46 килограмм

1. Ізбасаров Жандарбек (Маңғыстау облысы)

2. Байпақов Дамир (Қарағанды облысы)

3. Ермек Сәкен (Жамбыл облысы)

3. Кеңесханов Данияр (Қызылорда облысы)

48 килограмм

1. Қадырхан Айдар (Шымкент қаласы)

2. Машкентаев Ислам (Павлодар облысы)

3. Молдаш Сұлтан (Жамбыл облысы)

3. Сейтхан Мұқаметжан (Маңғыстау облысы)

50 килограмм

1. Қадырхан Айдар (Шымкент қаласы)

2. Машкентаев Ислам (Павлодар облысы)

3. Молдаш Сұлтан (Жамбыл облысы)

3. Сейітхан Мұқаметжан (Маңғыстау облысы)

52 килограмм

1. Сабырхан Төрехан (Шымкент қаласы)

2. Жақсылықов Әкежан (ШҚО)

3. Оралбаев Нұрасыл (Шымкент қаласы)

3. Қалдыбаев Нұрислам (Түркістан облысы)

54 килограмм

1. Ниязбай Адайбек (Маңғыстау облысы)

2. Отар Мадияр (Қарағанды облысы)

3. Жамбек Мейрамбек (Түркістан облысы)

3. Амантаев Райымбек (Ақтөбе облысы)

57 килограмм

1. Анарбаев Бақтияр (Түркістан облысы)

2. Сейілхан Өнер (БҚО)

3. Хаметов Нұрбол (Алматы облысы)

3. Мұстафинов Ерасыл (Ақтөбе облысы)

60 килограмм

1. Тайпақов Мадияр (Қарағанды облысы)

2. Төлеген Ерсұлтан (Түркістан облысы)

3. Әлжан Алтынбек (Маңғыстау облысы)

3. Жақсылықов Жалғас (Ақтөбе облысы)

63 килограмм

1. Абдолда Жасұлан (Алматы обл)

2. Қасымов Әділ (Павлодар облысы)

3. Кучер Денис (Қостанай облысы)

3. Мамасахлисашвили Никита (Қарағанды облысы)

66 килограмм

1. Советов Ислам (Қарағанды облысы)

2. Мәуленов Мырзахан (Нұр-Сұлтан)

3. Меден Шыңғыс (Алматы облысы)

3. Самиголлин Бекзат (БҚО)

70 килограмм

1. Литвинов Виктор (Ақмола облысы)

2. Ерсұлтанов Жандос (Түркістан облысы)

3. Шынжырбеков Бекасыл (Нұр-Сұлтан)

3. Хожамжар Исамедин (Жамбыл облысы)

75 килограмм

1. Төлемісов Дәулет (Ақтөбе облысы)

2. Сайтенов Батырхан (Ақмола облысы)

3. Шайқыбеков Дихан (Павлодар облысы)

3. Сәдуақасов Біржан (Қызылорда облысы)

80 килограмм

1. Бауыржан Нұрасыл (Атырау облысы)

2. Аттиа Хомед Мұхаммед (Алматы қаласы)

3. Бексұлтанов Мадияр (Жамбыл облысы)

3. Арпенов Батыр (Атырау облысы)

+80 килограмм

1. Ермоленко Иван (Алматы қаласы)

2. Думан Нұржан (Қарағанды облысы)

3. Тілекқабыл Қанат (Маңғыстау облысы)

3. Панов Александр (СҚО)

82
Кілт сөздер:
бокс, чемпионат
Тақырып бойынша
Бокстан әлем чемпионы Жанат Жақиянов бухгалтерінің жымысқы әрекетін байқамаған
"Тұрмысқа шыққаннан кейін спорттан кету керек": боксшы Назым Қызайбай сұхбат берді
Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді
Қазақстандық боксшы мексикалықты бір минутқа жеткізбей нокаутқа жіберді – видео
Әйгілі Мұхаммед Әлиді жеңген боксшы қайтыс болды
Сауль Альварес, архивтегі фото

"Канело" Йылдырымды жеңгеннен кейін тосын оқиға болды  видео

4522
(Жаңартылды 17:29 28.02.2021)
Жанкүйерлер камераның алдына шығып, басқа жекпе-жекті жарнамалап жіберді, бірақ Канело оларды дереу қуып жіберді

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль Альварестің түрік Авни Йылдырымды жеңгеннен кейін берген сұхбаты кезінде тосын оқиға болды, деп хабарлады Sports.kz.  

Блогер Джейк Пол мен бұрынғы ММА шебері Бен Аскреннің суреті бейнеленген футболка киген екі жанкүйер рингке шығып кетті: олар камераның алдында секіріп, басқа жекпе-жекті жарнамалап жіберді, бірақ Канело оларды дереу қуып жіберді. Видеоеы төменде көруге болады.

"Канелоның" командасы шақырылмаған қонақтардың әрекетіне таңғалып тұрып қалды – әуелі мексикалықтың бапкері тіпті не болғанын түсінбеді.

Пол - Аскрен жекпе-жегі бокс ережесі бойынша 17 сәуірде өтеді деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, Альварес Авни Йылдырымды үшінші раундта жеңді: ол алдымен түркиялық боксшыны нокдаунға жіберді, содан кейін Йылдырым жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. 

4522
Кілт сөздер:
боксшы, видео, Канело, Сауль "Канело" Альварес
Волейбол

"Сабинадан асып кетті": сұлу волейболшы қыздың суреті мен видеосы жарияланды

9195
(Жаңартылды 20:43 25.02.2021)
Алиса спортпен бірге сән бизнесін де алып жүр, сан алуан шоулар мен сәнді киімдер таныстырылымына жиі қатысып тұрады

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. "Gazzetta" атты грек басылымы ғаламшардағы ең сұлу волейболшы қызды атады. 25 жастағы ресейлік спортшы Алиса Маненок қазақстандық Сабина Алтынбековадан озып кетті. Бойжеткеннің суреті мен видеосы жарияланды.

Алиса 14 жасынан бастап спортпен айналысады. Бас кезінде жүзуге барған. Бірақ артынан волейболға ауысып кетті. Николай Дубинин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында білім алды. "Приморье" командасының құрамында ойнады. Ал Қазан федералдық университетінің журналистика және социология факультетіне түскеннен кейін жоғары оқу орнының құрамасына қабылданды, деп хабарлайды Sports.kz

Алиса спортпен бірге сән бизнесін де алып жүр, сан алуан шоулар мен сәнді киімдер таныстырылымына жиі қатысып тұрады. 2013 жылы алғашғы титулы - "Приморье аруы" атағын жеңіп алды. Екі жылдан кейін тағы екі конкусқа қатысып, Miss Beautiful Body атанды. Сосын "Татарстан аруы" байқауында екінші орынды иеленді. Одан кейін бірінші вице-мисс атанып, Supermodel International конкурсында бір атақ жеңіп алды.

2018 жылы Алиса Маненок Ресейдің атынан World Beauty Queen конкурсына қатысып, бірінші орынға ие болды.

2019 жылы Алиса  "Жер аруы" халықаралық конкурсына қатысты. Ол жерде Беларусьтың атынан шықты. Себебі әкесі осы елде дүниеге келген, туған-туыстарының басым бөлігі де сонда тұрады. Манилада өткен байқауда Алиса төртінші орынды иеленді. 

Алиса жеке өмірі туралы ештеңе айтпайды. Әлеуметтік желіге де ер адаммен бірге түскен сурет салмайды.

Қазіргі кезде Маненок Қазан қаласында тұрады. Қазан университетінің командасында. Сондай-ақ, модель болып жұмыс істейді. Спортшының Instagram парақшасына 97,9 мың адам жазылған.

9195
Кілт сөздер:
видео, сурет, волейбол
ЕуроОдақ туы

Еуропада вакциналау сертификаты енгізіледі

0
Солтүстікатлантикалық Pfizer/BioNTech, Moderna, AstraZeneca үштігіне қатысты бюрократиялық кедергілер болмауы керек. Алайда, Ресей мен Қытай вакцинасына қатысты қиындықтар бар

ЕО дипломатиялық ведомстволары басшыларының селекторлық кеңесінің қорытындысы бойынша сөз сөйлеген фрау канцлерин Ангела Меркель вакциналау сертификатын енгізу қажеттілігі туралы келіскенін мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай сертификаты жоқ азаматтарға ЕО аумағына кіруге тыйым салынады.

Әзірше тек сөз жүзінде келісім бар. Жоба шамамен үш айдан кейін талқылауға ұсынылады, деп хабарлайды РИА Новости.

Негізгі мәселе – вакциналауға қарсы көрсетілімі бар адамдардың жайы не болмақ? Уақытша қарсы көрсетілімдер жайы түсінікті. Мысалы, жақында ғана коронавирусты инфекциямен ауырып шыққан болса. Мұндай жағдайда біршама уақыт өтуін күтіп, содан кейін ғана екпе салғызу керек болады. Алайда, созылмалы ауруы бар адамдар ше?

Іс мұнымен де бітіп тұрған жоқ. Қазір әлемде вакцина көп. Оның саны арта түсетіні анық. Сонда ЕО серификатын алу құқығы нақты қай препараттарға беріледі?

Солтүстікатлантикалық Pfizer/BioNTech, Moderna, AstraZeneca үштігіне қатысты бюрократиялық кедергілер болмауы керек.

Бірақ, ресейлік ("Спутник V" және "ЭпиВакКорона") және қытай (Sinovac Biotech, CanSino Biologics, CNBG — Sinopharm) вакциналарына қатысты біршама қиындық туындайтын секілді. Олар өте жоғары деңгейде тиімді әрііаурудың жалғыз емі болса да, брюссеельдік бақылау органдарымен мақұлданбаған. Сондықтан, осы екі елдің препаратын салғызған азаматтар шекарадан асуы үшін қажетті сертификатқа қол жеткізбеулері ықтимал.

Осы тұста вакцинаның әлемдегі адамдарға тиімділігі емес, оның саяси маңызы жоғары тұрғаны анық. Ал, жаһандық мәселеге саясат араласқан кезде, оның ақыры ешқашан жақсылыққа алып келмеген. Осы сияқты жағдай "Солтүстік ағын – 2" жобасының төңірегінде де белең алып жатыр. Вакцинасы альянс аумағында мойындалмаған елді дәл осы вакцина арқылы қыспаққа алу мүмкін болса, ЕО мұны қалт жібермеуге бел буды.

Жақында ғана Еурокомиссия басшысы Усула фон дер Ляйеннің мәлімдемесі де осыған сәйкес келеді: "Ресейдің кокронавирусқа қарсы вакциналау стратегиясы ақылға қонымсыз. Басқа елдерге вакцинаның миллиондаған дозасын ұсынып отырған Ресей неге өз халқын екпемен толық қамтамасыз ете алмай отыр? Неге өз тұрғындарын вакциналауда тиісті ілгерілеу жоқ? Бұл сұраққа жауап беру керек".

Тиісті ілгерілеу деп нені меңзеп тұрғаны белгісіз. Оның үстіне, ілгерілеу мүлде байқалмайтын Еуропа бұл жайында сөз қозғауы қаншалықты орынды? Әйтпесе, Венгрия "Спутник" вакцинасын сатып алмас еді. Чехия, Австрия, Италия да осы ойда болмас еді.

Сол себепті, елге кіру визасына рұқсатнама ретінде қай вакциналар айқындалатыны туралы дау әлі талай ақиқаттың бетін ашатын секілді.

0