НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Афины мен Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының қатысушысы Әлия Юсупова Қазақстанның гимнастика федерациясының басшысы болып сайланды. Бұл жөнінде республиканың Ұлттық олимпиада комитетінің сайты хабарлады.
Белгілі болғандай, басшыны сайлау федерацияның есепті конференциясы кезінде өткен. Бұған дейін федерация басшысының қызметін Халық банктің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова атқарып келді. Айта кету керек, Шаяхметова он жыл бойы – 2011 жылдан бері осы қызметте болды.
Юсупова жаңа қызмет ол үшін күтпеген жағдай болғанын және бұл жаңа сынақ екенін атап өтті.
"Мен команданың бас бапкері міндетін де одан әрі жалғастыра беремін. Себебі, менің жаңа қызметім қоғамдық қызмет болып табылады. Менің тәжірибем, білімім мен күш-қуатым, сондай-ақ, федерация мүшелерімен бірлескен жұмыс алда тұрған көптеген міндеттерді шешуге ықпал теді", – деді 36 жастағы Юсупова.
Әлия Юсупова Қазақстанның көркем гимнастика командасының бас бапкері қызметін атқаруда. Ол еңбек сіңірген спорт шебері, Афины (2004) мен Бейжіңдегі (2008) Олимпиада ойындарына қатысушы және Қазақстан мен Азияның, сондай-ақ, Азия ойындарының чемпионы.
Оқи отырыңыз: "Қазақстанда барлығы сатылады" деген спортшы енді не істейтінін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. "Gazzetta" атты грек басылымы ғаламшардағы ең сұлу волейболшы қызды атады. 25 жастағы ресейлік спортшы Алиса Маненок қазақстандық Сабина Алтынбековадан озып кетті. Бойжеткеннің суреті мен видеосы жарияланды.
Алиса 14 жасынан бастап спортпен айналысады. Бас кезінде жүзуге барған. Бірақ артынан волейболға ауысып кетті. Николай Дубинин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында білім алды. "Приморье" командасының құрамында ойнады. Ал Қазан федералдық университетінің журналистика және социология факультетіне түскеннен кейін жоғары оқу орнының құрамасына қабылданды, деп хабарлайды Sports.kz
View this post on Instagram
Алиса спортпен бірге сән бизнесін де алып жүр, сан алуан шоулар мен сәнді киімдер таныстырылымына жиі қатысып тұрады. 2013 жылы алғашғы титулы - "Приморье аруы" атағын жеңіп алды. Екі жылдан кейін тағы екі конкусқа қатысып, Miss Beautiful Body атанды. Сосын "Татарстан аруы" байқауында екінші орынды иеленді. Одан кейін бірінші вице-мисс атанып, Supermodel International конкурсында бір атақ жеңіп алды.
View this post on Instagram
2018 жылы Алиса Маненок Ресейдің атынан World Beauty Queen конкурсына қатысып, бірінші орынға ие болды.
View this post on Instagram
2019 жылы Алиса "Жер аруы" халықаралық конкурсына қатысты. Ол жерде Беларусьтың атынан шықты. Себебі әкесі осы елде дүниеге келген, туған-туыстарының басым бөлігі де сонда тұрады. Манилада өткен байқауда Алиса төртінші орынды иеленді.
Алиса жеке өмірі туралы ештеңе айтпайды. Әлеуметтік желіге де ер адаммен бірге түскен сурет салмайды.
Қазіргі кезде Маненок Қазан қаласында тұрады. Қазан университетінің командасында. Сондай-ақ, модель болып жұмыс істейді. Спортшының Instagram парақшасына 97,9 мың адам жазылған.
АЛМАТЫ, 24 ақпан – Sputnik. Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Шымкент қаласы спорт басқармасының басшысы, екі азаматтығы бар Олег Почиваловқа араша түсті. Қазақстанда Полчивалов секілді мамандардың аз екенін айтып, оған екінші мүмкіндік беруді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Олег Почиваловты құрметтеймін. Меніңше, адам өзге елдің азаматтығын алған болса, Қазақстанда тұрып, жұмыс істемей, баяғыда-ақ сол елге кетіп қалар еді. Еліміздегі білікті спорт мамандарын сақтап қалуға тырысу қажет, өйткені бізде мұндай маман көп емес. Егер ол кісіде Ресей азаматтығы болмаса, Олег Почиваловқа өңірдегі спортты дамытуды жалғастыруға мүмкіндік беру керек", - деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Шымкент спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов Қазақстан мен Ресей азаматтығын алғаны 2020 жылдың соңында белгілі болды. Сол кезде спорт басқармасы бұл мәліметті жоққа шығарған.
Оқи отырыңыз: Шымкенттік шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылды
Кейіннен басқарма басшысының қос азаматтығы бар екені анықталып, ол Қазақстан азаматтығынан айырылды.
"Азаматтық туралы" заңның 21-бабына сәйкес, көші-қон қызметі басқармасы Олег Владимирович Почиваловтың Қазақстан азаматтығынан айырылу фактісін тіркеді", - деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінің көші-қон және азаматтық бөлімі мамандары.
Содан кейін шенеунік көші-қон полициясының шешімін сотқа берді, алайда бұл процесте жеңілді.
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Павлодарда орталық көшелердің бірінде ер адамның 13 жастағы қызды не үшін тепкілеп тастағаны белгілі болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, ер адамның жасөспірімді қуып барып, құлатып, ұрып, теуіп жатқаны сол маңдағы дүкеннің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Алайда ешкім оған араша болмаған. Оқушы қыздың анасы оқиғаның қалай болғанын телефон арқылы айтып берді, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.
"Ол менің қызымды басқа қызбен шатастырып алыпты. Дүкенде 3 қыз тұрған. Қыздардың біреуі онымен сөзге келіп қалып, ер адамға "мал" деп айтқан. Ер адам бұл сөзді менің қызым айтты деп ойлап қалып, оған тап беріпті. Осы сәтте ол дүкеннен қашып шыққан. Кейін қылмысын жасыру үшін жаңағы жігіттің әйелі менің қызыма 2 мың теңге беріпті. Күні бойы күттік. Тіпті, кешірім де сұраған жоқ. Енді тиісті жазасын алуын сұраймын", - дейді зардап шегушінің анасы.
Аты-жөнін атамауды сұраған қыздың анасы баласының түрлі дене жарақатын алғанын айтады. Қолы мен аяғы көгеріп, арқасы ауырып қалған.
Тәртіп сақшылары күдіктіні дереу тапты. Алайда ол кінәсін мойындаудан бас тартқан.
Оқи отырыңыз: Павлодарда жасөспірім қызды қуып жетіп, бір тепкен ер адам тергеуге алынды – видео
Полиция оның қылмысы дәлелденсе, 2 жылға бас бостандығынан айырылуы немесе 2 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелуі мүмкін екенін хабарлады.
Әзірге аталған факті бойынша арнайы сараптама жасалып, тексеруге жөнелтілген.