Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасының баспасөз қызметі Назарбаевтың сөзін жариялады

3765
(Жаңартылды 17:16 13.02.2021)
Нұрсұлтан Назарбаев республика жастарын дене шынықтырумен және  спортпен көбірек шұғылдануға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Елбасының баспасөз қызметі Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан бірер жыл бұрын айтқан сөзін жариялады.  

"Спортпен шұғылдану арқылы жеңіске ұмтылыс, күш-қайрат, алға қойған мақсатқа жетуге талпыныс сияқты маңызды қасиеттер жетіледі. Спорт дегеніміз – денсаулық, рухтың күштілігі, отансүйгіштік. Мен жастарымызды дене шынықтырумен және спортпен көбірек шұғылдануға шақырамын", - деген болатын Елбасы Қазақстанның олимпиадалық құрамасы мүшелерімен кездесуде.

Оқи отырыңыз: Назарбаев сымбатты болу үшін не істеу керектігін айтты - видео 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев диетаға деген көзқарасын білдірген еді.

"Менің қағидам – ағзаға қажетті асты жеу керек. Адам өзіне қарауы тиіс, біз дені сау ұлт болуымыз керек. Жастарымыз осыған ұмтылатынын білемін. Өз басым ешқандай диета ұстанбаймын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

3765
Пресс-конференция в студии Sputnik с участием Ильи Ильина

Илья Ильин Қазақстан азаматтығынан айырылған шенеунікке араша түсті

690
Егер Олег Почиваловта Ресей азаматтығы болмаса, оған өңірдегі спортты дамытуды жалғастыруға мүмкіндік беру керек, деп есептейді әлем чемпионы

АЛМАТЫ, 24 ақпан – Sputnik. Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Шымкент қаласы спорт басқармасының басшысы, екі азаматтығы бар Олег Почиваловқа араша түсті. Қазақстанда Полчивалов секілді мамандардың аз екенін айтып, оған екінші мүмкіндік беруді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Олег Почиваловты құрметтеймін. Меніңше, адам өзге елдің азаматтығын алған болса, Қазақстанда тұрып, жұмыс істемей, баяғыда-ақ сол елге кетіп қалар еді. Еліміздегі білікті спорт мамандарын сақтап қалуға тырысу қажет, өйткені бізде мұндай маман көп емес. Егер ол кісіде Ресей азаматтығы болмаса, Олег Почиваловқа өңірдегі спортты дамытуды жалғастыруға мүмкіндік беру керек", - деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Шымкент спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов Қазақстан мен Ресей азаматтығын алғаны 2020 жылдың соңында белгілі болды. Сол кезде спорт басқармасы бұл мәліметті жоққа шығарған.

Оқи отырыңыз: Шымкенттік шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылды

Кейіннен басқарма басшысының қос азаматтығы бар екені анықталып, ол Қазақстан азаматтығынан айырылды.

"Азаматтық туралы" заңның 21-бабына сәйкес, көші-қон қызметі басқармасы Олег Владимирович Почиваловтың Қазақстан азаматтығынан айырылу фактісін тіркеді", - деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінің көші-қон және азаматтық бөлімі мамандары.

Содан кейін шенеунік көші-қон полициясының шешімін сотқа берді, алайда бұл процесте жеңілді.

690
Кілт сөздер:
спортшы, азаматтық, Илья Ильин
Бокс. Архивтегі фото

Жеңілмеген қазақстандық боксшы күтпеген жерден нокаутқа түсіп қалды видео

8054
(Жаңартылды 11:19 22.02.2021)
Константин Брусенский Новосибирск қаласында өткен бокс кешінде жергілікті боксшымен қолғап түйістірді

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан — Sputnik. Қазақстандық боксшы Константин Брусенский  (3-0, 2 КО) кәсіпқой рингтегі төртінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады Sports.kz.

Оқи отырыңыз: Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа түсірді – видео 

Ол Ресейдің Новосибирск қаласында өткен бокс кешінде жергілікті боксшы Артем Ткаченкомен кездесті (5-0, 3 КО). Екінші аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек алты раундқа есептелген, бірақ бірінші раундта Ткаченконың жеңісімен аяқталды. Техникалық нокауттың видеосын төменде көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Осылайша, Артем Ткаченко кәсіби карьерасындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді (төртеуін нокаутпен ұтты), ал Константин Брусенский алғашқы жеңілісіне ұшырады. 25 жастағы қазақстандық 2018 жылдың желтоқсан айында кәсіпқой боксқа келген болатын.  

8054
Кілт сөздер:
видео, боксшы
Тақырып бойынша
Елеусіновтың экс-қарсыласы рингте еңбектеуге мәжбүр болды – видео
Жанкүйерлер тарихтағы ең жылдам нокаутқа куә болды
Садриддин Ахмедов ұлтына қатысты сұрақтың нүктесін қойды
Қарсыласын мазақ етіп тұрған боксшы жойқын нокаутқа түсіп қалды – видео  
2020 жыл: қазақстандық спортшылардың жеңісі мен жеңілісі
Кілт, иллюстративті фото

Тоқаев баспананы арзандатудың жолын ұсынды

18
(Жаңартылды 13:27 25.02.2021)
Қолжетімді әрі сапалы үй салуды жандандыру үшін құрылыс компанияларымен оффтейк, яғни алдын ала сатып алу келісімін жасау керек

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрылыс компанияларымен алдын ала сатып алу келісімін жасасуды ұсынды. Соның нәтижесінде тұрғын үйлер "Нұрлы жер" бағдарламасындағы бағамен сатылады. Бұл туралы президент ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, былтыр тұрғын үй құрылысының қарқыны 11,2 пайызға өскен.  Бұл жақсы көрсеткіш, алайда өңірлердің ахуалы әркелкі. Мәселен, пайдалануға берілген дайын үйлердің 40%-і тек Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында. Оның үстіне бұл үйлердің көпшілігінің бағасы әлі де қымбат.

"Нарықтың өз ережесі бар. Нақты экономикалық факторларға байланысты құрылыс компаниялары қазір арзан үй салуға мүдделі емес. Сол себепті қолжетімді әрі сапалы үй салуды жандандыру үшін құрылыс компанияларымен оффтейк, яғни алдын ала сатып алу келісімін жасау керек. Соған сәйкес, тұрғын үйлер "Нұрлы жер" бағдарламасындағы бағамен сатып алынады", - деді Тоқаев кеңес отырысында.

Ол мұндай тәсіл сынақ жобалары аясында алдын ала пысықталғанын атап өтті. Енді мұны бүкіл ел бойынша жүзеге асыру қажет.

"Бұл қадам аз уақыт ішінде құны қолжетімді жаңа тұрғын үйлер салуға мүмкіндік береді", - деп санайды мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Тоқаев ауылдық жерлердегі тұрғын үй мәселесіне тоқталды.

Ол баспанаға ие болған жастар ауылда тұрақтап қалудан қашпайтынын айтты. Жалпы ауылдық жерде үй салу баспана мәселесін ғана шешпей, экономикалық белсендікті арттыруға және тұрмыс сапасын жақсартуға септігін тигізеді.

Депутат шенеуніктер былығы кесірінен кейбір отбасы үйсіз жүргенін айтты 

"Баспана мәселесі "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен ғана шешілмейді. Бұл іске әлеуметтік жауапкершілігі бар жұмыс берушілерді жұмылдыру керек. Кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның 50 пайызына дейін қайтаратын болады. Бұл қай жағынан алып қарасақ та, бәріне пайдалы", - деді Тоқаев.

Айтуынша, жұмыс дұрыс жолға қойылса, осы бастама ауылды дамытуға жан- жақты септігін тигізеді. Сондай-ақ, қажетті мамандарды, ең алдымен, мұғалімдер мен дәрігерлерді, мал дәрігерлерін ауылға тартуға мүмкіндік береді.

Президент үкіметке бұл тәсілді осы жылдың екінші жартысынан қалдырмай қолданысқа енгізуді тапсырды.

18
Кілт сөздер:
баспана, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Алматыда 8 мыңнан астам пәтер кімдерге беріледі
Қазақстанда процентсіз ипотека алуға болады: жалақы қанша болу керек
Қазақстандықтардың мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысуына шектеу енгізілді
Баспана бағасы шарықтап кетті: депутаттар не дейді