Жанбота Алдабергенова

Қазақстандық спортшы АҚШ турнирінде алтын медаль иеленді

767
(Жаңартылды 14:53 14.02.2021)
Екінші орын АҚШ спортшысы Таиса Таннерге бұйырды. Үздік үштікті Канада өкілі Жюстин Элли тұйықтады

НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Фристайл-акробатикадан қазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова Солтүстік Америка кубогында жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Турнир АҚШ-тың Юта штатында өтіп жатыр. Қазақстан командасының өкілі Алдабергенова 85,68 балл жинап, алтын медальді қанжығасына байлады. Екінші орынды АҚШ спортшысы Таиса Таннер иеленді. Үздік үштікті канадалық Жюстин Элли тұйықтады.

Қазақстандық Ақмаржан Қалмұрзаева алтыншы орыннан көрінсе, Аяна Жолдас жетінші болып келді.

Еске салсақ, 7 ақпанда Жанбота Алдабергенова АҚШ-та фристайл-акробатикадан әлем кубогы кезеңінде бесінші орын алды. Отандасымыз 71,92 балл жинаған.

Тағы оқыңыз: Әлия Юсупова жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстандық фристайлшы Жанбота Алдабергенова 1995 жылы 23 қыркүйекте Шымкентте туған. Ол – Еуропа кубогы кезеңдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, Еуропаның екі дүркін абсолютті чемпионы, әлем кубогының бірнеше кезеңінің жүлдегері.

Жанбота Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де құқықтану мамандығында оқиды. Сабақтан бос уақытын жаттығулар мен спорттық жиындарда өткізеді.

767
Кілт сөздер:
алтын жүлде, АҚШ, спортшы
Геннадий Головкин

Головкиннің қарсыласы және жекпе-жек өтетін күн белгілі болды

65
(Жаңартылды 16:24 03.03.2021)
Хайме Мунгиамен жекпе-жек 7 мамырда Американың Техас штатында өтеді. Оны DAZN платфорамасы көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Хайме Мунгиамен (36-0, 29 КО) жұдырықтасады. 

Ringpolska порталы таратқан мәліметке сәйкес, жекпе-жек 7 мамырда АҚШ-тың Техас штатында өтеді. Оны DAZN платфорамасы көрсетеді.

Мексикалық Хайме Мунгианың жасы – 24-те. Бұрын супер орта салмақтағы чемпион болған. Ал өткен жылы қаңтар айында орта салмаққа түсіп, екі жекпе-жек өткізді. Екеуінде де жеңіске жетті. Алдымен ирландиялық Гэри О'Салливанды жеңсе, одан кейін Багам аралдарынан келген Туреано Джонсоннан басым түсті.

Оқи отырыңыз: "Канело" Йылдырымды жеңгеннен кейін тосын оқиға болды –  видео 

Ал Головкин  Сауль Альвареске қарсы үшінші жекпе-жекті күтпейді. Себебі Канело супер орта салмаққа ауысып кетті. WBO чемпионы Деметриус Андрадемен жұдырықтасуға мүмкіндік жоқ. Америкалық боксшы өз титулын британдық Лиам Уильямсқа қарсы жекпе-жекте қорғауға міндеттелген.

65
Кілт сөздер:
жекпе-жек, Головкин
Тақырып бойынша
Геннадий Головкин әуесқой бокста өзіне кімдер қарсы болғанын айтты – видео
Назарбаев Головкинді әлем чемпионы атағын қорғап қалуымен құттықтады
Шереметаны жеңген Головкиннің гонорары жарияланды
Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін
Сауль Альварес, архивтегі фото

"Канело" Йылдырымды жеңгеннен кейін тосын оқиға болды  видео

4823
(Жаңартылды 17:29 28.02.2021)
Жанкүйерлер камераның алдына шығып, басқа жекпе-жекті жарнамалап жіберді, бірақ Канело оларды дереу қуып жіберді

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль Альварестің түрік Авни Йылдырымды жеңгеннен кейін берген сұхбаты кезінде тосын оқиға болды, деп хабарлады Sports.kz.  

Блогер Джейк Пол мен бұрынғы ММА шебері Бен Аскреннің суреті бейнеленген футболка киген екі жанкүйер рингке шығып кетті: олар камераның алдында секіріп, басқа жекпе-жекті жарнамалап жіберді, бірақ Канело оларды дереу қуып жіберді. Видеоеы төменде көруге болады.

"Канелоның" командасы шақырылмаған қонақтардың әрекетіне таңғалып тұрып қалды – әуелі мексикалықтың бапкері тіпті не болғанын түсінбеді.

Пол - Аскрен жекпе-жегі бокс ережесі бойынша 17 сәуірде өтеді деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, Альварес Авни Йылдырымды үшінші раундта жеңді: ол алдымен түркиялық боксшыны нокдаунға жіберді, содан кейін Йылдырым жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. 

4823
Кілт сөздер:
боксшы, видео, Канело, Сауль "Канело" Альварес

Астана LRT: сақалды құрылыс тағдыры фото

0
  • Дәл осы тұста AstanaLightRailtransport бағдары өтуі тиіс еді. Жерүсті метроның құрылысы 2011 жылы басталған болатын.
  • Бастапқыда рельстердің жалпы ұзындығы 60 километрден асуы тиіс еді
  • Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша метроның сметалық құны 2,6 миллиард теңгені құрады
  • Қауіпсіздік үшін кейбір аумақтар қоршауға алынған.
  • Күн батып бара жатқан сәттегі Astana LRT конструкциясының суреті жер бетінде тек қирандылар қалған ақырзаманды елестетеді.
  • Құрылысы аяқталса да Астана LRT ешқашан Нұр-Сұлтандағы пайдалы көлікке айналмайтын секілді.
  • Дәл осы тұста қоғамдық көліктің екінші тармағы жатуыс тиіс болатын. Ол елордадағы көлік кептелісін біршама жеңілдетуі тиіс еді.
  • Қала тұрғындарының жұмыс пен үй арасындағы жолын жеңілдетуі тиіс бұл жобаның салдарынан қала көшелері тарыла түсті.
  • Қаладағы ең биік ғимарат құрылысы аяқталмаған жолдың аяқсыз қалған платформасын күтіп-баптауға мәжбүр.
  • Астаналықтар қаланың келбетін тамашалуы үшін Астана LRT жобасының бағдары Орталық Азиядағы ең ірі мешіт болуы тиіс нысанның құрылысы жанынан өтеді.
  • Астана LRT жобасының тіректері жанындағы жол кептелістеріне Нұр-Сұлтан тұрғындары әлдеқашан үйренген.
  • Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов бұл құрылыс қаланың көрікті келбетін бұзып тұрғанын мойындады.
  • Астана LRT жобасының қазірден-ақ қирап бастаған тіректері қала тұрғындарын ашындыратыны жасырын емес.
  • Шулы Astana LRT жобасы жолсыздағы жол атауынан қашан арылып, кәдеге асатыны әзірше белгісіз.
2000 жылдардың ортасында құрылысы басталған Астана LRT жобасы он бес жыл уақыт өткеннен кейін де сыбайлас жемқорлық пен жауапсыздықтың символына айналды

Астанада LRT-ны салу 2005 жылы сөз бола бастады. Сол кезде елорда әкімдігі қала басшысы Өмірзақ Шөкеевтің жетекшілік етуімен "Астананың жаңа көлік жүйесі" бағдарламасын қабылдады.

Осы уақыттан бері біршама уақыт пен қаражат жұмсалды. Елордада жеті әкім ауысты: Шөкеев, Мамин, Тасмағамбетов, Жақсыбеков, Исекешев, Сұлтанов, Көлгінов. Жобаның бірнеше бас мердігерлері де ауысты.

Сол сияқты ел президенттері де ауысып үлгерді: Нұрсұлтан Назарбаевтың орнына қазір Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін қолына алды.

Бас қаланың атауы Астанадан Нұр-Сұлтанға өзгерді. Бірақ LRT ісі алға жылжыған жоқ. Бүгінде "ақылды қаланың" бір бөлшегіне айналуы тиіс құрылыстың аяқсыз қалған қаңқасы елорда тұрғындары мен қонақтарын үрейлендіреді.

Тіпті LRT жобасының өзі де бірнеше рет өзгеріске ұшырағанын бүгінде біреу білсе, біреу білмейді: бастапқыда халық тығыз қоныстанған оң жағалаудағы бекеттен қала орталығына қарай бағыттау жоспарланған. Ал 2011 жылы бұл ойдан айнып, сол жағалаудағы әуежайдан тарту көзделді. Бұл жобаның тиімді болуына Қазақстанның 2012 жылы өтетін "ЭКСПО – 2017" көрмесіне дайындалып жатқаны да әсер етті. Ақыр соңында ол да пайдаға жарамай қалды.

Жоба жайы талқыланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тым қымбат әрі тиімсіз болғаны үшін жобаны қатаң сынға алды. Инаугурация өткеннен кейін бірден мемлекет басшысы тәулігіне 150 мың адам көлеміндегі жолаушылар ағыны оптимизмге толы екенін және бүгінгі тарифтен 70 есе көп екенін ескертті.

Есеп комитеті CityTransportationSystems (ребрендингтен кейінгі "Астана LRT" ЖШС атауы – Sputnik) қаржы-шаруашылық қызметінің аудиторлық қорытындысына талдау жүргізіп, құрылысты одан әрі жалғастырудың тиімділігі туралы мәселе көтерді. Есеп комитетінің сарапшылары жоба өзін ақтамайтынын және оның құрылысын қазір жалғастыру елорда бюджетіне үлкен салмақ екенін айтты.

Жоба құрылысын аяқтау құны 1,3 миллиард доллардан асып түсті.

Кейінірек қала билігі қаржыландыру сызбасын мақұлдап, оған сәйкес облигациялар қазақстандық ішкі нарықта орналастырылды. Облигациялық берешек көлемі 1,5 миллиард долларды құрады. Қазақстан Халық банкі қаржы министрлігінің кепілдемесі арқылы құны 400 миллион доллар болатын облигацияларды сатып алды.

2021 жылғы ақпандағы халық алдындағы есеп беру кездесуінде Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов: "Иә, шын мәнінде, бұл құрылыс қаланың көрікті келбетін бұзып тұр" деп мойындады.

Қала басшысы пандемия кезінде тоқтатылған жобаға қаражат жинау жұмыстары жалғасып жатыр және жерүсті метросының құрылысы аяқталады деп сендірді. Алайда Көлгінов нақты мерзімдерді атай алмады.

Жоба машақаты таусылар емес

Қазақстан астанасына арналған жеңіл рельсті көлік жобасының әзірленгеніне он бес жылдан астам уақыт өтті. Бастапқыда бұл жолдың жалпы ұзындығы шамамен 60 шақырым болуы керек еді.

Бірақ біршама түзетулерден кейін ол айтарлықтай қысқарды. 2019 жылғы жобада LRT желісінің ұзындығы 22 километрден аспады. Осы жолдың бойында әуежай, Әбу-Даби Плаза ауданындағы сол жағалауды жаңа "Нұрлы жол" теміржол бекетімен байланыстыруы керек еді.

Осы бағдар бойынша Нұр-Сұлтанға сұрықсыз реңк беріп тұрған темірбетонды конструкциялар тізіліп тұр.

Оқи отырыңыз: Еуропаға көктем келді: Германияда ғасырлық рекорд жаңарды – фото

Егер мерзім мен километр жайлы сөз қозғайтын болсақ, 90 жылдық тарихы бар, Қазақстанда аты аңызға айналған Түрксібтің 1 145 километрін үш жылда салды. Ол кезде қазақстандықтар рельстерді таулы өзендер, тасты жоталар, ыстық құмдар арқылы құбылмалы ауа райында техникасыз, жалаң қолмен төседі.

Үшінші мыңжылдықтың үшінші онжылдығына қадам басқан шақта еліміздің жаңа астанасы бірнеше жылдан бері темірбетонды бағаналардың салдарынан сұрықсыз кейіпке енді. Ол жолдарды дамытуға кедергі келтіріп, астаналықтардың мазасыздығын тудыруда.

0
  • Дәл осы тұста AstanaLightRailtransport бағдары өтуі тиіс еді. Жерүсті метроның құрылысы 2011 жылы басталған болатын.
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Дәл осы тұста AstanaLightRailtransport бағдары өтуі тиіс еді. Жерүсті метроның құрылысы 2011 жылы басталған болатын.

  • Бастапқыда рельстердің жалпы ұзындығы 60 километрден асуы тиіс еді
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Бастапқыда рельстердің жалпы ұзындығы 60 километрден асуы тиіс еді. Жаңа көлік түрі елорданың қос жағалауын біріктіреді деп жоспарланған болатын.

  • Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша метроның сметалық құны 2,6 миллиард теңгені құрады
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша метроның жоба-сметалық құжаттамасының сметалық құны 2,6 миллиард теңгені құрады. Ал компания 4,2 миллиард теңгеге келісімшарт жасаған.

  • Қауіпсіздік үшін кейбір аумақтар қоршауға алынған.
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Қауіпсіздік үшін кейбір аумақтар қоршауға алынған.

  • Күн батып бара жатқан сәттегі Astana LRT конструкциясының суреті жер бетінде тек қирандылар қалған ақырзаманды елестетеді.
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Күн батып бара жатқан сәттегі Astana LRT конструкциясының суреті жер бетінде тек қирандылар қалған ақырзаманды елестетеді.

  • Құрылысы аяқталса да Астана LRT ешқашан Нұр-Сұлтандағы пайдалы көлікке айналмайтын секілді.
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Құрылысы аяқталса да Астана LRT ешқашан Нұр-Сұлтандағы пайдалы көлікке айналмайтын секілді.

  • Дәл осы тұста қоғамдық көліктің екінші тармағы жатуыс тиіс болатын. Ол елордадағы көлік кептелісін біршама жеңілдетуі тиіс еді.
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Дәл осы тұста қоғамдық көліктің екінші тармағы жатуыс тиіс болатын. Ол елордадағы көлік кептелісін біршама жеңілдетуі тиіс еді.

  • Қала тұрғындарының жұмыс пен үй арасындағы жолын жеңілдетуі тиіс бұл жобаның салдарынан қала көшелері тарыла түсті.
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Қала тұрғындарының жұмыс пен үй арасындағы жолын жеңілдетуі тиіс бұл жобаның салдарынан қала көшелері тарыла түсті.

  • Қаладағы ең биік ғимарат құрылысы аяқталмаған жолдың аяқсыз қалған платформасын күтіп-баптауға мәжбүр.
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Ал мына жерде Астана LRT жерүсті метросының станциясы тұруы тиіс еді. Қаладағы ең биік ғимарат құрылысы аяқталмаған жолдың аяқсыз қалған платформасын күтіп-баптауға мәжбүр.

  • Астаналықтар қаланың келбетін тамашалуы үшін Астана LRT жобасының бағдары Орталық Азиядағы ең ірі мешіт болуы тиіс нысанның құрылысы жанынан өтеді.
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Астаналықтар қаланың келбетін тамашалуы үшін Астана LRT жобасының бағдары Орталық Азиядағы ең ірі мешіт болуы тиіс нысанның құрылысы жанынан өтеді.

  • Астана LRT жобасының тіректері жанындағы жол кептелістеріне Нұр-Сұлтан тұрғындары әлдеқашан үйренген.
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Астана LRT жобасының тіректері жанындағы жол кептелістеріне Нұр-Сұлтан тұрғындары әлдеқашан үйренген.

  • Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов бұл құрылыс қаланың көрікті келбетін бұзып тұрғанын мойындады.
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов бұл құрылыс қаланың көрікті келбетін бұзып тұрғанын мойындады.

  • Астана LRT жобасының қазірден-ақ қирап бастаған тіректері қала тұрғындарын ашындыратыны жасырын емес.
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Астана LRT жобасының қазірден-ақ қирап бастаған тіректері қала тұрғындарын ашындыратыны жасырын емес.

  • Шулы Astana LRT жобасы жолсыздағы жол атауынан қашан арылып, кәдеге асатыны әзірше белгісіз.
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Шулы Astana LRT жобасы "жолсыздағы жол" атауынан қашан арылып, кәдеге асатыны әзірше белгісіз.

Кілт сөздер:
Астана, Астана LRT