Олимпиада алауы

Токио Олимпиадасының медалі қандай болады алғашқы суреттер жарияланды

332
(Жаңартылды 11:13 17.02.2021)
Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын дәстүрлі спорт додасы 2020 жылдың жазында өтуі тиіс еді. Алайда, пандемияға байланысты бұл шараны кейінге қалдыру жөнінде шешім қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар жеңімпаз спортшылар мойнына тағылатын медаллдардың үлгісін көпшілік назарына ұсынды. Бұл туралы Olympics ұйымының твиттердегі парақшасында жазылды деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Токио ойындарының эмблемасы мен дәстүрлі итимацу үлгісі медальдың қақ ортасында орналасқан. 

​Айта кетейік, мұндай дизайнды жапондықтар жазғы спорт ойындарын өткізуге дайындық барысында, яғни 2019 жылы ұсынған. Ал дәстүрлі шара былтыр жазда өту тиіс болғанымен, коронавирус пандемиясы оның ұйымдастырылуына өзіндік әсерін тигізді. 

​Бастапқы кезде бұл шараны мүлдем тоқтатып тастау мәселесі көтерілді. Кейіннен ресми Токио Олимпиада өткізу құқығын сақтай отырып, оны жай ғана кейінге шегеру шешімін қабылдады. 

View this post on Instagram

A post shared by Tokyo 2020 (@tokyo2020)

Ал медальдарға қатысты қызықты сәттің бірі 2019 жылы болды: жергілікті тұрғындар медаль жасау үшін екі жыл бойы ақаулы смартфондар мен планшеттерді және компьютерлерді жинауды қолға алды. Сөйтіп, бірлескен күш-жігердің арқасында жиналған 80 мыңнан астам гаджеттің бағалы металдары алынып, медаль жасау үшін балқытылды.

Оқи отырыңыз: Олимпиада чемпионы Шәміл Серіков Қонаевқа қандай сауал қойды

Ал оның жобасын жасауды жапондық дизайнер Дзюнъити Каваниси қолға алды.

332
Кілт сөздер:
Токиодағы Олимпиада, спорт
Тақырып бойынша
"Сәттілік серік болды": спорт ардагері жеті бірдей Олимпиадаға қалай барғанын айтты
"Он мың қазақ отырғандай көрінді": Үшкемпіров ең тартысты жекпе-жегі туралы айтты
"Тұрмысқа шыққаннан кейін спорттан кету керек": боксшы Назым Қызайбай сұхбат берді
2020 жыл: қазақстандық спортшылардың жеңісі мен жеңілісі
2021 жылы Қазақстанда өтетін маңызды шаралар
Волейбол

"Сабинадан асып кетті": сұлу волейболшы қыздың суреті мен видеосы жарияланды

7898
(Жаңартылды 20:43 25.02.2021)
Алиса спортпен бірге сән бизнесін де алып жүр, сан алуан шоулар мен сәнді киімдер таныстырылымына жиі қатысып тұрады

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. "Gazzetta" атты грек басылымы ғаламшардағы ең сұлу волейболшы қызды атады. 25 жастағы ресейлік спортшы Алиса Маненок қазақстандық Сабина Алтынбековадан озып кетті. Бойжеткеннің суреті мен видеосы жарияланды.

Алиса 14 жасынан бастап спортпен айналысады. Бас кезінде жүзуге барған. Бірақ артынан волейболға ауысып кетті. Николай Дубинин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында білім алды. "Приморье" командасының құрамында ойнады. Ал Қазан федералдық университетінің журналистика және социология факультетіне түскеннен кейін жоғары оқу орнының құрамасына қабылданды, деп хабарлайды Sports.kz

Алиса спортпен бірге сән бизнесін де алып жүр, сан алуан шоулар мен сәнді киімдер таныстырылымына жиі қатысып тұрады. 2013 жылы алғашғы титулы - "Приморье аруы" атағын жеңіп алды. Екі жылдан кейін тағы екі конкусқа қатысып, Miss Beautiful Body атанды. Сосын "Татарстан аруы" байқауында екінші орынды иеленді. Одан кейін бірінші вице-мисс атанып, Supermodel International конкурсында бір атақ жеңіп алды.

2018 жылы Алиса Маненок Ресейдің атынан World Beauty Queen конкурсына қатысып, бірінші орынға ие болды.

2019 жылы Алиса  "Жер аруы" халықаралық конкурсына қатысты. Ол жерде Беларусьтың атынан шықты. Себебі әкесі осы елде дүниеге келген, туған-туыстарының басым бөлігі де сонда тұрады. Манилада өткен байқауда Алиса төртінші орынды иеленді. 

Алиса жеке өмірі туралы ештеңе айтпайды. Әлеуметтік желіге де ер адаммен бірге түскен сурет салмайды.

Қазіргі кезде Маненок Қазан қаласында тұрады. Қазан университетінің командасында. Сондай-ақ, модель болып жұмыс істейді. Спортшының Instagram парақшасына 97,9 мың адам жазылған.

7898
Кілт сөздер:
видео, сурет, волейбол
Пресс-конференция в студии Sputnik с участием Ильи Ильина

Илья Ильин Қазақстан азаматтығынан айырылған шенеунікке араша түсті

790
Егер Олег Почиваловта Ресей азаматтығы болмаса, оған өңірдегі спортты дамытуды жалғастыруға мүмкіндік беру керек, деп есептейді әлем чемпионы

АЛМАТЫ, 24 ақпан – Sputnik. Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Шымкент қаласы спорт басқармасының басшысы, екі азаматтығы бар Олег Почиваловқа араша түсті. Қазақстанда Полчивалов секілді мамандардың аз екенін айтып, оған екінші мүмкіндік беруді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Олег Почиваловты құрметтеймін. Меніңше, адам өзге елдің азаматтығын алған болса, Қазақстанда тұрып, жұмыс істемей, баяғыда-ақ сол елге кетіп қалар еді. Еліміздегі білікті спорт мамандарын сақтап қалуға тырысу қажет, өйткені бізде мұндай маман көп емес. Егер ол кісіде Ресей азаматтығы болмаса, Олег Почиваловқа өңірдегі спортты дамытуды жалғастыруға мүмкіндік беру керек", - деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Шымкент спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов Қазақстан мен Ресей азаматтығын алғаны 2020 жылдың соңында белгілі болды. Сол кезде спорт басқармасы бұл мәліметті жоққа шығарған.

Оқи отырыңыз: Шымкенттік шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылды

Кейіннен басқарма басшысының қос азаматтығы бар екені анықталып, ол Қазақстан азаматтығынан айырылды.

"Азаматтық туралы" заңның 21-бабына сәйкес, көші-қон қызметі басқармасы Олег Владимирович Почиваловтың Қазақстан азаматтығынан айырылу фактісін тіркеді", - деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінің көші-қон және азаматтық бөлімі мамандары.

Содан кейін шенеунік көші-қон полициясының шешімін сотқа берді, алайда бұл процесте жеңілді.

790
Кілт сөздер:
спортшы, азаматтық, Илья Ильин
Қазақстан зергерлер лигасы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Қайсар Жұмағалиев

Қазақстандық шеберлер Еуразия зергерлік бюросының ашылуын күтіп жүр

0
Бұл отандық зергерлік бұйымдарды одан әрі дамыту және экспорттау үшін жаңа мүмкіндіктерге жол  ашады

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Қазақстандық зергерлер аз уақыт ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) алаңында Еуразия зергерлік бюросы ашылады деп үміттеніп отыр. Бұл отандық зергерлік бұйымдарды одан әрі дамыту және экспорттау үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Осы жөнінде Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында өткен онлайн-брифинг кезінде "Қазақстан зергерлер лигасы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Қайсар Жұмағалиев мәлімдеді.

"АХҚО алаңында Еуразия зергерлік бюросының ашылуы біздің зергерлердің экспортқа шығуына ықпал етуі керек. Оның үстіне Ресей Федерациясы зергерлік бұйымдарды сүйемелдеу үшін басқа елдердегі өз сауда өкілдіктерін ұсынуға дайын", - деді Жұмағалиев.

АХҚО жанынан бюро ашу туралы мәселеге бизнес те қолдау көрсеткен. Нәтижесінде зергерлер өз бетінше шеше алмайтын мәселелердің шешімі табылады. Сондай-ақ, Ереван мен Мәскеу де өз аумағында Еуразия зергерлік бюросын ашу құқығы үшін таласқан болатын.

"Астана" АХҚО – бұл посткеңестік кеңістіктегі бірегей қаржы орталығы. Мұнда ағылшын құқығы, арбитраж бар. Мұның барлығы шетелдік инвесторлар үшін қызықты болатыны сөзсіз. Сонымен қатар, мұнда салықтық жеңілдіктер жасалып, инвестицияларды тартудың жеңілдетілген тәртібі құрылады және тағы басқа шаралар қабылданады", - деді ол.

Қазіргі жағдайда қазақстандық зергерлерге өндірісті дамыту және нарыққа шығу оңай соқпай жатыр.

"Мысалы, Еуропаға шығу үшін және өз зергерлік бұйымдарыңды таныстыру үшін миллиондаған доллар қажет. Бұл әрбір зергер көтере алатын шығын емес. Біздің жақында құрылатын ұйымымыз (Еуразия зергерлік бюросы) нарыққа талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Біз бірінші қатардағы көрмелерге қатыса аламыз. Бүгінгі күні қазақстандық зергерлер негізінен көпшілікке аса танымал емес екінші және үшінші деңгейдегі көрмелерге қатысып жүр. Сонымен қатар, нарыққа үнемі қатысу қажет. Көрмеге келіп, бір-екі апта тұрып, одан соң кетіп қалу жарамайды. Сені ұмытып кетеді", - деді Лига басшысы.

Ол қазақстандық зергерлердің экспорттық әлеуеті жоғары екенін мәлімдеді. Бұған халықаралық көрмелерде қазақстандық зергерлік бұйымдарға деген жоғары қызығушылық дәлел бола алады.

"Әлі есімде, 2017 жылы Еревандағы халықаралық көрмеге қатыстық. Ол шараға қатысқан француз зергерлер біздің күмістен жасалған бұйымдарымызды түгелдей сатып алды. Француздар мұндай бұйымдарда шебердің саусақ іздері, оның еңбегі көрініп тұрады, қолдан жасалған бұйымның жаны бар деп санайтындарын айтқан", - деді Жұмағалиев.

Жұмағалиев атап өткендей, еуразиялық зергерлік брендті енгізу қосымша ауқымды инвестицияларды қажет етпейді. Себебі  Қазақстанда да сапаға қатысты дәл осындай мемлекеттік стандарттар қолданыста бар.

0