Хоккей

Басына шайба тиген хоккейші қайтыс болды видео

1225
Мұз айдынында жарақат алған спортшыны Ярославль қаласының ауруханасына жеткізгенде, оның жағдайы ауыр болған

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Санкт-Петербург қаласының "Динамо" хоккей клубының ойыншысы Тимур Файзутдинов қайтыс болды. Бұл туралы ақпарат аталған клубтың желідегі ресми парақшасында жарияланды.

"Бүгін "Динамо Санкт-Петербург" жастар хоккей клубының қорғаушысы Тимур Файзутдинов өмірден өтті. Клуб Тимурдың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады. Ол мәңгі "Динамода" және біздің жүрегімізде сақталады", – делінген хабарламада.

Ресми мәліметке сәйкес, 12 наурызда Ярославль қаласында жастар хоккей лигасының алғашқы плей-офф раунды аясында жергілікті "Локомотив" пен питерлік "Динамо" кездескен. Осы ойында Тимур Файзутдиновтың басына шайба тиген. 

Жарақат алған хоккейші бірден Ярославль қаласының ауруханасына жеткізілді. Спортшының жағдайы ауыр болған. Үш күннен кейін 19 жастағы Тимур Файзутдинов алған жарақатынан көз жұмды.

Жастар хоккей лигасының алдағы ойындары жас ойыншыны бір минут үнсіздікпен еске алудан басталады.

Оқи отырыңыз: Белгілі спорт қайраткері өмірден озды

1225
Кілт сөздер:
хоккей, оқыс оқиға
Тақырып бойынша
Қазақстанда ұлттық спорт түрлері бекітілді
Петропавлда хоккей кортының шатыры опырылып түсті
Мұз айдыны, сырғанақтар мен хоккей корттары
Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені салынады
Ресейдегі хоккей матчына келген Жозе Моуринью ел алдында ұятқа қалды – видео
Қазақстан хоккей федерациясының тұңғыш президенті қайтыс болды
Бокстан құрама жаттығулары

Қазақстандық боксшы қыз Франция чемпионын нокаутпен жеңді видео

755
Айшагүл Елеубаева жекпе-жек кезінде қарсыласын төрт рет нокдаунға түсірді. Соңғысынан кейін төреші қазақстандық спортшының жеңгенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 16 апр — Sputnik. Қазақстандық Айшагүл Елеубаева Польшаның Кельц қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

1/8 финалында 54 келіге дейінгі салмақта ол жасөспірімдер арасындағы Франция чемпионы Зое Куверсельмен кездесіп, қарсыласынан басым түсті.

Жекпе-жек барысында Айшагүл қарсыласын төрт рет нокдаунға түсірді. Төртіншіден кейін төреші қазақ боксшысының мерзімінен бұрын жеңіске жеткенін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа түсірді – видео

Осылайша Айшагүл Елеубаева жастар арасындағы әлем чемпионатында ширек финалға шықты.

Сонымен қатар бұл турнирге Қазақстан қыздар құрамасынан Арайлым Марат (48 келі), Гүлнәр Тұрапбай (51), Назерке Серік (51), Жұлдыз Шаяхметова (60), Милана Аюпова (64), Жасмин Қизатова (69), Дана Дидай (75), Әсел Сағатова (81) және Елдана Талипова (+81) жолдама алды.

755
Кілт сөздер:
Қазақстан, бокс, нокаут
Бокстан құрама команданың дайындық сәтінен

Қазақстандық боксшы Италия чемпионын айқын басымдықпен жеңді видео

369
Польшада өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар кезекті жекпе-жектерін өткізді. Мәди Әміров алғашқы кездесуінде италиялық Лука Тистареллиді жеңді

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір — Sputnik. Польшада өтіп жатқан жастар чемпионатында қазақстандық боксшы Мәди Әміров алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізіп, Италия чемпионын айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек үш раундқа созылды. Сол кезде Мәдидің басымдығы анық байқалды. Осылайша, қазақстандық боксшы Италия чемпионы  Лука Тистареллиді  5:0 есебімен жеңді. Жекпе-жектің соңында қарсыластың мұрны қанап кетті. 

Екінші айналымда Мәди Әміров иорданиялық Турки Аль-Равашдехпен кездеседі. Олардың жекпе-жегі 17 сәуірде өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін тағы екі қазақстандық боксшы алғашқы айналымнан өтті. Алдымен Ерболат Сабыр (56 келіге дейін) венгриялық Герго Шаразды 5:0 есебін жеңді.
Одан кейін Кенже Мұратұлы (52 келіге дейін) Шотландиядан келген Леннон Маллиганды тізе бүктірді. Есеп – 5:0.
Польшадағы жастар чемпионаты 22-23 сәуір күндері аяқталды. Сол кезде финалдық жекпе-жектер өтеді.

369
Кілт сөздер:
Қазақстан құрамасы, бокс, спорт
Тақырып бойынша
Қазақ боксшысы қарсыласын небәрі 70 секундта нокаутқа түсірді – видео
Қазақстандық спортшылар WhiteCard флешмобын қолдады – видео
"Нағыз балуан!": желіде қазақстандық спортшының видеосы қызу талқыланып жатыр
Жанқош Тұраров жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне келген жоқ
Әскери оқу-жаттығу

Жағдай шиеленісіп барады: Ресей мен Украина қатынасы қалай өрбиді

0
Британдық және америкалық радиоэлектронды барлау ұшақтары мен кемеге қарсы ұшақтар Қара теңіздің бейтарап аумағында тынымсыз ұшып жүр

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Соңғы күні Солтүстікатлантикалық альянс шығыс Еуропада күрт белсенділік танытып жатыр. Бұл Киевтің Донбаспен шекараға қосымша бөлімшелер мен техника жеткізуіне қатысты жауапты әрекет екені ешкімге жасырын емес, деп жазады РИА Новости.

Донбастағы жағдайдың кезекті рет өршуіне байланысты НАТО елдерінің авиациясы бұл аймақта жиі төбе көрсетіп жүр. Түйісу орнында RQ-4 Global Hawk барлаушы дрондары тұрақты күзетте тұр. Олар ДХР мен ЛХР әскерінің қорғанысқа даярлығын назардан тыс қалдырмауда. Ұшқышсыз ұшу аппараттары түсірген суреттер сол мезетте киевтік әскери қолбасшылардың үстеліне жететініне еш күмән жоқ.

Украина қарулы күштері де әуе барлауын күшейтті. Сарбаздар Түркиядан сатып алған Bayraktar TB2 соққы жасаушы дрондарын байқаған. УҚК-де мұндай алты дрон бар. Қосымша ұшқышсыз ұшу аппараттарын жеткізу туралы келісімшарт жақында Украина президенті Владимир Зеленскийдің Түркияға сапары кезінде жасалғаны мәлім болды.

Сонымен қатар, батыс авиациясы Қырым жағалауына күн сайын мониторинг жүргізіп отыр. Британдық және америкалық Boeing RC135W және Lockheed P-3COrion радиоэлектронды барлау ұшағы мен P-8APoseidon кемеге қарсы ұшағы Қара теңіздің бейтарап аумағында тынымсыз ұшып жүр. Олардың басты міндеті – Қара теңіз флоты кемелерінің әрекетін қадағалау және түбекте орналасқан әскери топтың әуе шабуылынан қорғаныс жүйелерінің позицияларын анықтау.

НАТО өңірдегі әскери-теңіз қатысуын да күшейтіп жатыр. Сәуірдің соңына дейін АҚШ ӘТК-нің екі зымыран эсминеці Қара теңізге шығуы керек. Пентагонның ресми мәлімдемесі бойынша, кемелерді бағыттау қалыпты сипатқи ие. Алайда Кремль жағдайды назарда ұстап отыр. Себебі бұл эсминецтер елуден астам "Томагавк" қанатты зымыранын тасымалдайды.

"Америка Құрама Штаттарының әскери белсенділігіне, соның ішінде Қара теңізге кеме кіргізуіне келсек, бұл тұрақты болып жатыр. Қазір бұл әсіресе агрессивті қарқында орындалуда", – дейді Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров.

Тағы бір қызық жағдай: АҚШ ӘӘК әскери-көлік авиациясының ұшақтары Киевке қандай жүк жеткізіп жатыр?

Мамандар FlightRadar интернет сервисінің көрсеткішіне назар аударып, АҚШ, Германия мен Балтық маңы елдерінен ұшып шыққан америкалық С-17 мен С-30 Борисполь әуежайына тоқтап, жүк түсіріп, кері қайтып жатқанын анықтады.

Әскери сарапшы Алексей Леонковтың пікірінше, Вашингтон Украинаға радиоэлектронды күрес кешендерін жеткізіп жатыр. Бұл жақын уақытта УҚК шабуыл жасайды дегенді білдіреді. Ресей де қол қусырып отырмайтыны анық.

"Егер жағдай ушығатын болса, онда біз өзіміздің және қай жерде жүрсе де, өз азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлығын жасаймыз. Мұндай өршуге Киев пен оның Батыстағы кураторлары толық жауапты болады. Сондай-ақ біз Қырымнан, Қара теңіздегі жағалаудан аулақ болу туралы АҚШ-қа ескертеміз", – деді СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков.

Батыс елдерінің ресейлік шекара маңында белсенділігінің артуына тағы бір себеп – НАТО әскерлерінің мамырдың ортасында өтетін ең ауқымды Defender Europe 2021 оқу-жаттығуына дайындығы.

Өткен жылмен салыстырғанда 2021 жылғы әскери шара кезінде Шығыс емес, Оңтүстік Еуропаға көп көңіл бөлінеді. Маневрлер Черногория, Косово және Албанияда жоспарланған. Болгария мен Румынияда әуедегі шабуылдан қорғаныс жүйелері мен "жер – жер" тобындағы зымырандардың жаттығуы өтеді. Ал Венгрия тыл қызметін атқарады. Маневрлерге украин әскери қызметшілері де қатысады.

Еуропадағы АҚШ Құрлық әскерінің ресми сайтында жарияланған баспасөз релизіне сәйкес, оқу-жаттығулар "АҚШ, НАТО бойынша одақтастар мен серіктестері арасындағы стратегиялық және жедел дайындық пен өзара әрекеттесуді күшейтуге бағытталған". Бұл маневрлер үшінші мемлекеттер үшін ешқандай қауіп төндірмейтіні жазылған. Алайда Defender Europe 2021 антиресейлік бағытта өрбитіні айдан анық.

Сондықтан Ресей мен Белоруссия қыркүйекте "Батыс-2021" маневрлерін өткізеді. Белоруссияның қорғаныс министрі Виктор Хренин атап өткендей, "бірлескен оқу-жаттығулар жоғары урбанизацияланған елді мекендерде шабуылдау бөлімшелерінің бірлескен іс-қимылдарының жаңа әдістерін сынауға мүмкіндік береді" деп санайды.

0
Кілт сөздер:
Украина, Ресей