Архивтегі фото

EFC чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жек жойқын нокаутпен аяқталды видео

1711
(Жаңартылды 11:55 20.03.2021)
Ренат Хавалов кәсіби карьерасындағы төртінші жеңісіне қол жеткізіп, EFC чемпиондық белбеуін сәтті қорғады, ал Шарапудин Магомедов алғаш рет жеңіліске ұшырады

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Ресейдің Краснодар қаласында Eagle Fighting Championship 34 аралас жекпе-жек турнирінде кештің басты жекпе-жегі өтті, онда жеңілмеген ресейлік спортшылар – Ренат Хавалов (3-0) пен Шарапудин Магомедов (4-0) кездесті, деп хабарлады Sports.kz.  

27 жастағы боксшы нокаутқа түскеннен кейін көз жұмды – видео

Хавалов өзінің жеңіл салмақтағы EFC чемпионы белбеуін бәске тікті. Бұл жекпе-жек бес раундқа есептелді, алайда екінші раундта Хаваловтың жеңісімен аяқталды: алдымен Ренат қарсыласын жойқын соққымен есеңгіретіп, содан кейін аяусыз ұрып-соқты. Нокауттың видеосын төменде көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Спортивный журналист (@sportkzsport)

Осылайша Ренат Хавалов кәсіби карьерасындағы төртінші жеңісіне қол жеткізіп, EFC чемпиондық белбеуін сәтті қорғады, ал Шарапудин Магомедов алғаш рет жеңіліске ұшырады.

1711
Тақырып бойынша
Боксшы әжей: қария 74 жасында жұдырықтасып жүр - видео
2020 жыл: қазақстандық спортшылардың жеңісі мен жеңілісі
Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді
Жойқын нокаут: Әлімханұлының АҚШ-тағы жекпе-жегінің видеосы жарияланды
Әлемге әйгілі боксшы қайтыс болды
Қазақстанда туып-өскен аралас жекпе-жек шебері қарсыласын нокаутқа жіберді
Тұрсынбай Құлахмет, архивтегі фото

Қазақ боксшысы қарсыласын небәрі 70 секундта нокаутқа түсірді видео

8024
Құлахмет кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді, ол қазірдің өзінде екі титулдық жекпе-жек өткізіп үлгерді

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1 KO) бірінші орта салмақтағы WBC International чемпионы титулын сәтті қорғады, деп хабарлады Sports.kz.

Құлахмет Дубайда (БАӘ) өткен бокс кешінде Венесуэладан келген Эбер Рондонмен (20-0, 13 КО) титулдық жекпе-жек өткізді. Бұл жекпе-жек он раундқа есептелді, алайда Құлахмет бірінші раундта – 70 секундта нокаутпен жеңіске жетті, оған дейін қарсыласын нокдаунға түсірді. Тұрсынбай Құлахмет – Эбер Рондон жекпе-жегінің видеосын төменде көруге болады.

Осылайша, Құлахмет кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді, ол қазірдің өзінде екі титулдық жекпе-жек өткізіп үлгерді. Ал Рондон кәсіпқой карьерасында алғаш рет жеңіліске ұшырады.  

8024
Кілт сөздер:
видео, нокаут, қазақ боксшысы
Боксшы қолғабы

Жанқош Тұраров жекпе-жекке шықпайды боксшы мән-жайды түсіндірді

1567
(Жаңартылды 18:57 03.04.2021)
Жанқош Тұраров пен Тайрон Маккенна жекпе-жегі бүгін Дубайда Caesars Palace аренасында өтуі керек еді

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров жекпе-жекке шықпайтын болды. Ол коронавирус жұқтырған.

Қазақстандық спортшы британдық Тайрон Маккеннамен кездесу өткізіп, бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental чемпиондық титулын қорғауы  тиіс еді. Бірақ шоу ұйымдастырушысы, D4G Promotions промоутерлік компаниясы Жанқош Тұраровтың жекпе-жекке шықпайтынын хабарлады. Спортшының айтуынша, бұған COVID-19 індетіне шалдығуы себеп болған.

"Дубайға келген күннен бастап ентігу, температура, мұрынның бітуі, дәм сезбеу симптомдары пайда болды. Турнирге шығар алдында міндеттелген ПТР тест оң нәтиже көрсетіп, мені қонақ үйге оқшаулады, салмақ өлшеу рәсіміне шығарылмауымның себебі осы болды", - деп жазды ол инстаграмдағы парақшасында.

Алайда боксшы ештеңеге қарамастан жаттығуын бөлмесінде жалғастырған. Оқшауланған күйде салмақ өлшеу рәсімінен өткен. Өкінішке қарай, екінші рет тапсырған ПТР-тест те оң нәтиже көрсетіпті.

"Айналама, қоршаған ортама деген жауапкершілікті сезіне отырып турнирден шеттетілдім. Егер дәл осы диагноз болмағанда қазіргі жағдайыммен-ақ 3 раунд жеткілікті еді", - дейді спортшы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Janqosh ‘JoJo’ Turarov (@zhankoshturarov)

Желідегі жанкүйерлері спортшыға қолдау білдірді. "Тезірек сауығып кетіңіз", "Жанқош, сен мықтысың", "Әлі жеңіс алда", "Ең бастысы денсаулық" деп жазды олар.

1567
Газодобывающее предприятие, архивное фото

Еуропаға газды кім жеткізеді: Ресей ме, АҚШ па?

0
Осы жылы алыс шетелге газ экспорттаудан "Газпром" табысы 1,7 есе, яғни 42 миллиард долларға дейін ұлғаяды, деп жазды VYGON Consulting

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Ұзаққа созылған қыс еуропаның газ қоймаларын бос қалдырды. Газ қорының үштен бір бөлігі ғана қалды. Америкалықтар осы мүмкіндікті пайдаланып, көп көлемде сұйылтылған газ ұсынды. Алайда коронавирус дағдарысы Еуропаға мұхиттың арғы жағынан келетін қымбат газға шығындалуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан ресейлік шикізатты сатып алуға тура келіп отыр, деп жазды РИА Новости.

Күзде және қыста еуропалықтар 65 миллиард текше метрден астам газ тұтынды. Бұл он жылдық максимумға тең. Бұл туралы Газпром GasInfrastructureEurope-ке сілтеме жасап хабарлады. Алдыңғы жоғары көрсеткіш 2018 жылы болған. Ол кезде ақпан-наурызда Еуропаны қалыптан тыс аяз бен қар жауып қалды.

Ауа райы биыл да тосын мінез көрсетті. Қаңтарда Газпромға аяз құрсауында қалған Еуропаға жеткізілімдерді шұғыл көбейтуіне тура келді. Компания Германияға 32,4 процентке, Францияға 77,3 процентке, Нидерландыға 21,2 процентке, Италияға 100 процентке әдеттегіден артық газ жіберді.

Сонымен қатар суықтың беті қайтпаған Азияға да экспорт артты. Нәтижесінде нарықта тапшылық пайда болып, бұл споттық бағаның шарықтауына алып келді. Ол бойынша тауарлар, бағалы қағаздар немесе валюта шұғыл жеткізу шарты бойынша сатылады.

Мысалы, Азияда баға кесімі мың текше метр үшін 1 000 доллардан асқан сәт болды. Кейбір мәмілелер 1400 бағасы бойынша жасалды. Еуропада баға 300 доллар болып белгіленді. Ал "Газпромның" 2021 жылға арналған бюджетінде 170 деген баға көрсетілген.

Нәтижесінде алыс шетелге жөнелтілген ресейлік экспорт 19,5 миллиард текше метрге дейін артты. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 46 процентке көп.

Ақпан айында да ауа райы қуанта қоймады. Осы айда үш күн қатарынан еуропалық қоймалар тәулігіне миллиард текше метр жіберіп отырды. 25 наурызға қарай қоймадағы газ қорының көрсеткіші 29 процентке дейін түсті. Германия мен Автрияда – 26, Нидерландыда – 23, Францияда – 17.

Алдағы қыста суықтан қорғану үшін еуропалықтарға өткен жылғыдан 57,3 процентке артық газ өндіру қажет. Бұл 2020 жылы Франция мен Нидерландыға жеткізілген экспорт көлеміне тең. Қоймаларды толтыру бойынша басталған газ өндіру науқаны 2011 жылғыдан кейінгі ең ауқымды шараға айналмақ.

Еуропа нарығындағы ресейлік шикізаттың үлесі 2020 жылы шамамен 33 процентті құрады. Бұл жөнінде "Газпром экспорт" бас директоры Елена Бурмистрова мәлімдеді. Оның айтуынша, "үшінші тоқсанда-ақ экспорт көлемі дағдарысқа дейінгі көрсеткіштен асып түсті". Импорттаушылар алдындағы барлық міндет толық орындалды. Жыл соңына қарай келісімшарт бойынша баға еуропалық хабтардағы споттық бағадан төмен болды. Бұл да қосымша жеткізулерді орындауға ықпал етті.

Еуроодаққа көгілдір отын Ресейден бөлек Норвегия, Катар, Алжир, АҚШ пен Нигериядан жеткізіледі. Басты тұтынушылар – Германия, Ұлыбритания және Италия. Немістер мен ағылшындар ресейлік газды "Солтүстік ағын" құбыры арқылы алып отыр. Басқа амал жоқ. Әрине сұйылтылған табиғи газға ауысуға болар еді. Бірақ ол тым қымбат. Сонымен қатар ол үшін арнайы терминалдар керек. Ал Германияда мұндай техника қарастырылмаған. Сұйылтылған табиғи газ ол елге Бельгия мен Нидерланды арқылы жеткізіледі.

Италия мен Ұлыбританияда қажетті терминал бар. Бірақ олар да құбыржол газынан бас тартуға асығар емес. Сол себепті ресейлік энергия ресурсын сатып алушылар АҚШ-тың "Солтүстік ағын – 2" жобасына қарсы ашқан соғысын қолдамай отыр. Жалпы ресейлік жобаның қарсыластары аз емес. Олардың қатарында Чехия, Польша, Венгрия, Словакия, Румыния, Хорватия бар.

Жалпы Варшава 2022 жылға қарай Ресей газынан бас тартуға дайын екенін бұған дейін мәлімдеген болатын. Поляктар Солтүстік теңізде норвегиялық қайраңдағы Baltic Pipe құбырына үміт артып отыр.

Жалпы дағдарыстың беті әлі қайта қойған жоқ. Ал сұйылтылған табиғи газ баяғыдай құбыржол газынан қымбат болып тұр. Оның үстіне "Газпром" бәсекелестеріне қарағанда өндіріс көлемі мен тәуліктік жеткізу көлемін өте жылдам арттыра алады.

Г.В.Плеханов атындағы РЭУ доценті Александр Тимофеев "Солтүстік ағын" жобасының өзін-өзі ақтауы әлі де нақты болмағандықтан, батысеуропалық бағыт басымдықта тұр деп санайды.

"Ұзаққа созылған қыс сұранысты арттырды. Бұл күзге қарай бағаның қымбаттауына алып келеді", - дейді ол.

Ресей ЖЭК даму мәселелері жөніндегі тәуелсіз кеңесшісі VYGONConsulting пікірінше, осы жылы "Газпром" алыс шетелге жөнелтетін экспорт көлемін 210 миллиард текше метрге дейін арттыра алады. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 17 процентке, коронавирус дағдарысына дейінгі 2019 жылғыдан 5,5 процентке артық.

Осылайша бірінші тоқсанда "Газпромның" экспорты 30,7 процентке өсті.

"Бұған дейін жабдықтаушы бюджетке мың текше метр газ үшін 170 доллар көлеміндегі бағаны көрсеткенін ескеру керек. Бірақ содан кейін жоспарлар қайта қаралды. Енді орташа жылдық баға 200 доллар деп болжануда. Себебі ұзақ мерзімді келісімшарттар көбіне еуропалық споттық бағаларға тәуелді. Оның үстіне газ бағасы тікелей тәуелді мұнай бағасы да шарықтап кетті. Сондықтан "Газпром" өз тұтынушыларын жоспарының негізді екеніне сендіре алуы әбден мүмкін", - дейді TeleTrade ақпараттық-талдау орталығының бас экономисі Марк Гойхман.

Жалпы газ бағасы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін де қымбаттай берді. Қазір нидерландтық TTF (Title Transfer Facility Natural Gas Price Index) хабындағы спотта мың текше метр газ бағасы 252 доллар. Бұл 2018 жылдан бері ең жоғарғы көрсеткіш.

Нәтижесінде осы жылы алыс шетелге газ экспорттаудан "Газпром" табысы 1,7 есе, яғни 42 миллиард долларға дейін ұлғаяды, деп жазды VYGON Consulting. Ал бұл Ресейдің мемлекеттік бюджетіне майдай жағады.

0