Спорт

Уайт Поветкинді нокаутқа түсірді – видео

© Sputnik / Тимур БатыршинОткрытая тренировка на алматинском Арбате
Открытая тренировка на алматинском Арбате - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2021
Жазылу
Александр Поветкин мен Диллиан Уайттың алғашқы жекпе-жегінде ресейлік нокаутпен жеңіске жеткен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Ресейлік боксшы Александр Поветкин (36-3-1, 25 КО) британдық Диллиан Уайтпен (28-2, 18 КО) реваншта кездесіп, бұл жолы жеңіліске ұшырады, деп хабарлады Sports.kz.

Жекпе-жектің басында Уайт Поветкинді бірнеше рет есеңгіретіп үлгерді, бірақ ресейлік құлаған жоқ. Дегенмен төртінші раундта бірнеше жойқын соққыдан кейін Поветкин нокаутқа түсті – төреші бірден жекпе-жекті аяқтады. Александр Поветкин — Диллиан Уайт 2 жекпе-жегінің видеосын төменде көруге болады.

Осылайша Поветкин WBC тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы белбеуінен айырылды. Ресей боксшысы үшін бұл үшінші жеңіліс. Уайт болса, 28-ші жеңісіне қол жеткізіп, титулды қайтарып алды.

Жаңалықтар
0