НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1 KO) бірінші орта салмақтағы WBC International чемпионы титулын сәтті қорғады, деп хабарлады Sports.kz.
Құлахмет Дубайда (БАӘ) өткен бокс кешінде Венесуэладан келген Эбер Рондонмен (20-0, 13 КО) титулдық жекпе-жек өткізді. Бұл жекпе-жек он раундқа есептелді, алайда Құлахмет бірінші раундта – 70 секундта нокаутпен жеңіске жетті, оған дейін қарсыласын нокдаунға түсірді. Тұрсынбай Құлахмет – Эбер Рондон жекпе-жегінің видеосын төменде көруге болады.
Осылайша, Құлахмет кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді, ол қазірдің өзінде екі титулдық жекпе-жек өткізіп үлгерді. Ал Рондон кәсіпқой карьерасында алғаш рет жеңіліске ұшырады.
НҰР-СҰЛТАН, 16 апр — Sputnik. Қазақстандық Айшагүл Елеубаева Польшаның Кельц қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
1/8 финалында 54 келіге дейінгі салмақта ол жасөспірімдер арасындағы Франция чемпионы Зое Куверсельмен кездесіп, қарсыласынан басым түсті.
Жекпе-жек барысында Айшагүл қарсыласын төрт рет нокдаунға түсірді. Төртіншіден кейін төреші қазақ боксшысының мерзімінен бұрын жеңіске жеткенін мәлімдеді.
Оқи отырыңыз: Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа түсірді – видео
Осылайша Айшагүл Елеубаева жастар арасындағы әлем чемпионатында ширек финалға шықты.
Сонымен қатар бұл турнирге Қазақстан қыздар құрамасынан Арайлым Марат (48 келі), Гүлнәр Тұрапбай (51), Назерке Серік (51), Жұлдыз Шаяхметова (60), Милана Аюпова (64), Жасмин Қизатова (69), Дана Дидай (75), Әсел Сағатова (81) және Елдана Талипова (+81) жолдама алды.
НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір — Sputnik. Польшада өтіп жатқан жастар чемпионатында қазақстандық боксшы Мәди Әміров алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізіп, Италия чемпионын айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек үш раундқа созылды. Сол кезде Мәдидің басымдығы анық байқалды. Осылайша, қазақстандық боксшы Италия чемпионы Лука Тистареллиді 5:0 есебімен жеңді. Жекпе-жектің соңында қарсыластың мұрны қанап кетті.
НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Соңғы күні Солтүстікатлантикалық альянс шығыс Еуропада күрт белсенділік танытып жатыр. Бұл Киевтің Донбаспен шекараға қосымша бөлімшелер мен техника жеткізуіне қатысты жауапты әрекет екені ешкімге жасырын емес, деп жазады РИА Новости.
Донбастағы жағдайдың кезекті рет өршуіне байланысты НАТО елдерінің авиациясы бұл аймақта жиі төбе көрсетіп жүр. Түйісу орнында RQ-4 Global Hawk барлаушы дрондары тұрақты күзетте тұр. Олар ДХР мен ЛХР әскерінің қорғанысқа даярлығын назардан тыс қалдырмауда. Ұшқышсыз ұшу аппараттары түсірген суреттер сол мезетте киевтік әскери қолбасшылардың үстеліне жететініне еш күмән жоқ.Украина қарулы күштері де әуе барлауын күшейтті. Сарбаздар Түркиядан сатып алған Bayraktar TB2 соққы жасаушы дрондарын байқаған. УҚК-де мұндай алты дрон бар. Қосымша ұшқышсыз ұшу аппараттарын жеткізу туралы келісімшарт жақында Украина президенті Владимир Зеленскийдің Түркияға сапары кезінде жасалғаны мәлім болды.
Сонымен қатар, батыс авиациясы Қырым жағалауына күн сайын мониторинг жүргізіп отыр. Британдық және америкалық Boeing RC135W және Lockheed P-3COrion радиоэлектронды барлау ұшағы мен P-8APoseidon кемеге қарсы ұшағы Қара теңіздің бейтарап аумағында тынымсыз ұшып жүр. Олардың басты міндеті – Қара теңіз флоты кемелерінің әрекетін қадағалау және түбекте орналасқан әскери топтың әуе шабуылынан қорғаныс жүйелерінің позицияларын анықтау.
НАТО өңірдегі әскери-теңіз қатысуын да күшейтіп жатыр. Сәуірдің соңына дейін АҚШ ӘТК-нің екі зымыран эсминеці Қара теңізге шығуы керек. Пентагонның ресми мәлімдемесі бойынша, кемелерді бағыттау қалыпты сипатқи ие. Алайда Кремль жағдайды назарда ұстап отыр. Себебі бұл эсминецтер елуден астам "Томагавк" қанатты зымыранын тасымалдайды.
"Америка Құрама Штаттарының әскери белсенділігіне, соның ішінде Қара теңізге кеме кіргізуіне келсек, бұл тұрақты болып жатыр. Қазір бұл әсіресе агрессивті қарқында орындалуда", – дейді Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров.
Тағы бір қызық жағдай: АҚШ ӘӘК әскери-көлік авиациясының ұшақтары Киевке қандай жүк жеткізіп жатыр?
Мамандар FlightRadar интернет сервисінің көрсеткішіне назар аударып, АҚШ, Германия мен Балтық маңы елдерінен ұшып шыққан америкалық С-17 мен С-30 Борисполь әуежайына тоқтап, жүк түсіріп, кері қайтып жатқанын анықтады.
Әскери сарапшы Алексей Леонковтың пікірінше, Вашингтон Украинаға радиоэлектронды күрес кешендерін жеткізіп жатыр. Бұл жақын уақытта УҚК шабуыл жасайды дегенді білдіреді. Ресей де қол қусырып отырмайтыны анық."Егер жағдай ушығатын болса, онда біз өзіміздің және қай жерде жүрсе де, өз азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлығын жасаймыз. Мұндай өршуге Киев пен оның Батыстағы кураторлары толық жауапты болады. Сондай-ақ біз Қырымнан, Қара теңіздегі жағалаудан аулақ болу туралы АҚШ-қа ескертеміз", – деді СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков.
Батыс елдерінің ресейлік шекара маңында белсенділігінің артуына тағы бір себеп – НАТО әскерлерінің мамырдың ортасында өтетін ең ауқымды Defender Europe 2021 оқу-жаттығуына дайындығы.
Өткен жылмен салыстырғанда 2021 жылғы әскери шара кезінде Шығыс емес, Оңтүстік Еуропаға көп көңіл бөлінеді. Маневрлер Черногория, Косово және Албанияда жоспарланған. Болгария мен Румынияда әуедегі шабуылдан қорғаныс жүйелері мен "жер – жер" тобындағы зымырандардың жаттығуы өтеді. Ал Венгрия тыл қызметін атқарады. Маневрлерге украин әскери қызметшілері де қатысады.
Еуропадағы АҚШ Құрлық әскерінің ресми сайтында жарияланған баспасөз релизіне сәйкес, оқу-жаттығулар "АҚШ, НАТО бойынша одақтастар мен серіктестері арасындағы стратегиялық және жедел дайындық пен өзара әрекеттесуді күшейтуге бағытталған". Бұл маневрлер үшінші мемлекеттер үшін ешқандай қауіп төндірмейтіні жазылған. Алайда Defender Europe 2021 антиресейлік бағытта өрбитіні айдан анық.
Сондықтан Ресей мен Белоруссия қыркүйекте "Батыс-2021" маневрлерін өткізеді. Белоруссияның қорғаныс министрі Виктор Хренин атап өткендей, "бірлескен оқу-жаттығулар жоғары урбанизацияланған елді мекендерде шабуылдау бөлімшелерінің бірлескен іс-қимылдарының жаңа әдістерін сынауға мүмкіндік береді" деп санайды.