Бекзат Нұрдәулетов

Бекзат Нұрдәулетов финалда ресейлікті нокдаунға түсіріп, алтын медаль жеңіп алды видео

14409
(Жаңартылды 09:02 25.04.2021)
Нұрдәулетовтің финалдағы қарсыласы ресейлік Имам Хатаев болды. Қазақ боксшысы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов "Санкт-Петербург губернаторының кубогы-2021" халықаралық турнирінің финалында жұдырықтасты, деп хабарлады Sports.kz.

Финалда Нұрдәулетовтің қарсыласы ресейлік Имам Хатаев болды. Жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шешімімен Нұрдәулетов жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы жекпе-жек барысында қарсыласын нокдаунға жіберді (видеоны төменде көруге болады).

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Осылайша, қазақстандық өз салмағында турнир чемпионы атанды.

Айта кетейік, Бекзат Нұрдәулетов – 2019 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы. Ал Имам Хатаевқа келетін болсақ, екі рет Ресей чемпионы болды (2019, 2020), сонымен қатар студенттер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті (2014).

Толық жекпе-жектің видеосы да жарияланды.

14409
Бой Головкин - Альварес

"Канело" Сондерсті жекпе-жектен бас тартуға мәжбүрледі видео

9664
(Жаңартылды 11:39 09.05.2021)
Жекпе-жек бастапқыда он екі раундқа жоспарланды, алайда Сондерс тоғызыншы раундқа шығудан бас тартты

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. АҚШ-та өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде мексикалық Сауль Альварес (56-1-2, 38 КО) пен Ұлыбритания өкілі Билли Джо Сондерс (30-1, 14 КО) жұдырықтасты, деп хабарлады Sports.kz.

Жекпе-жек бастапқыда он екі раундқа жоспарланды, алайда Сондерс тоғызыншы раундқа шығудан бас тартты. Осылайша "Канело" кәсіпқой бокстағы 56-шы жеңісіне қол жеткізіп, супер орта салмақтағы WBC, WBA Super және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулдарын біріктірді. Ал Сондерс алғаш рет жеңіліске ұшырады.

"Мен оның жақ сүйегін сындырып жіберген сияқтымын. Ол жекпе-жекті жалғастырмайтынын білдім. Эдди Рейносоға оның шықпайтынын айттым. Мен ең үздік бапкермен жұмыс істеймін. Ол маған қалай дайындалу керектігін және рингте не істеу қажеттігін айтады, мен оны орындаймын", - деді Сауль Альварес Сондерспен жекпе-жектен кейін берген сұхбатында .

Еске сала кетейік, Сондерспен жекпе-жектің алдында "Канело" қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) супер орта салмаққа ауысқан жағдайда онымен үшінші жекпе-жек өткізуге келіскен болатын.

Назарларыңызға Сауль "Канело" Альварес – Билли Джо Сондерс жекпе-жегінің видеосын ұсынамыз:

9664
Иллюстративті фото

Мұрнын бет қылды: ММА спортшысы бір ғана соққымен кездесу тағдырын шешті видео

575
(Жаңартылды 18:53 08.05.2021)
Америкалық спортшы күресті жалғастыруды қалағанымен, дәрігерлер жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Аралас жекпе-жек спортшысы британдық Майкл Пэйдж Bellator турнирінде техникалық нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жекпе-жектің видеосы аталған ұйымның Twitter желісіндегі парақшасында жарияланды. 

​34 жастағы Пэйджге америкалық спортшы Дерек Андерсон қарсылас атанған. Бірінші раундта-ақ британдық спортшы қарсыласына сол аяғымен сұмдық соққы жасап, мұрнын бет қып жіберді, деп жазады Lenta.ru.

Андерсон соған қарамастан күресті жалғастырған. Алайда, бірінші раундтан кейін дәрігерлер жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатты. Осылайша, Пэйдж техникалық нокаутпен жеңіске қолжеткізді.

Бұл оның мансабындағы 19-шы жеңісі және 15-ші кездесуін мерзімінен бұрын аяқтап отыр. Осы кезге дейін ол бір рет жеңілген.

Оқи отырыңыз: Қарсыласын "ұйықтатты": Қазақстан ММА-ден әлем чемпионатында 9 медаль жеңіп алды

Айта кетейік, Пэйдж Bellator, Super Fight League және UCMMA турнирлерінде жиі өнер көрсетуімен танымал болған спортшылардың бірі.

Ал осымен төртінші рет жеңіліске ұшыраған америкалық спортшы Андерсонның есебінде 17 жеңіс бар.

575
Кілт сөздер:
спорт, аралас жекпе-жек
Тақырып бойынша
ММА файтері қарсыласын 8 секундта нокаутқа түсірді – әсерлі видео
ММА жекпе-жегінен кейін жаппай төбелес басталды – видео
ММА файтері рингте жеңісін тойлап жатқанда күтпеген оқиға болды – видео
Беларустің сұлу спортшы қызы ММА жекпе-жегінде ауыр нокаутқа түсті – видео
ММА файтерлері бір уақытта бірін-бірі нокдаунға жіберді
Иллюстративті фото

Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарға сот үкімі шықты

0
(Жаңартылды 13:44 14.05.2021)
Бұған дейін сотталушылардың адвокаттары сот процесінде туындаған шиеленісті жағдайды ескеріп, істі қарауды тездетуді сұраған

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. Сот өткен жылы Сәтбаев қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарға үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қарағанды облысының ювеналды сотында 55 адамға қатысты іс қаралды. Себебі, тәртіпсіздік кезінде сотталушылардың үшеуі 18 жасқа толмаған еді.

Сот алдына 49 ер адам мен 6 әйел келді. Оларды екі қылмыстық бап бойынша кінәлі деп таныды: 272-бап "жаппай тәртіпсіздік" және 380-бап "билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық".

Процесс барысында сотталушылар өздеріне тағылған айыпты мойындап, прокурордың соттан сұраған жазасына келісті.

14 мамырда судья Кенжебай Ысқақбаев сотталушыларға қатысты жазаны анықтады. Тоғыз адам үш жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы 44 сотталушы төрт жылға шартты түрде жаза алды, қалған екі адам бір жарым жыл шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Тұрғындар педофилді беруді талап етті

Сәтбаев қаласында жаппай тәртіпсіздік 2020 жылдың 24 шілдесіне қараған түні бес жасар қызды ұрлап, зорлағаннан кейін басталды. Ашуланған жергілікті тұрғындар өздеріне педофилді беруді талап етті. Алайда, полиция күдіктіні үйден байқатпай алып шықты.

Содан жаппай тәртіпсіздік басталды, жағдай ұлттық ұлан жауынгерлері көмекке келгеннен кейін ғана бақылауға алынды. Оған дейін полиция бөлімшесі мен олардың қызметтік көліктері талқандалды. Іс бойынша елуге жуық полиция қызметкері, 13 азаматтық тұлға, облыстық полиция департаментінің бір өкілі жәбірленуші ретінде қатысты.

Оқи отырыңыз: Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздік: адвокат сотталушылардың жүйкесі сыр бергенін айтты

Ал қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адам сотқа дейін тергеу изоляторында қаза тапты. Ол өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланды.

0
Кілт сөздер:
Сәтпаев қаласы, педофил
Тақырып бойынша
Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған экс-депутат ұсталды
Алматыда жаппай вакциналау қайта басталады – денсаулық басқармасы мерзімін атады
Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік: бір адам тергеу изоляторында қайтыс болды
Түркістанда жаппай төбелестен соң қылмыстық іс қозғалды – видео
Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздік: 54 адамға қатысты сот басталды