Қуат Хамитов

Қуат Хамитов келесі қарсыласының есімін атады

371
Белгілі қазақстандық файтер Қуат Хамитовтың алдағы жекпе-жектегі қарсыласы белгілі болды, кездесу маусым айында өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов украиналық Антон Радькомен жекпе-жекке шығады. Кездесу Атырауда өтеді.

Айта кетсек, Антон Радько аралас жекпе-жекте он екі кездесу өткізіп, алтауын нокаутпен аяқтады.

Жекпе-жек маусым айына жоспарланған. Бұл туралы қазақстандық файтер Instagram-да хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ★★★𝐍𝐀𝐈𝐌𝐀𝐍★★★ (@kuat__khamitov)

"Ресми! Антон Радько (12-6) vs Қуат Хамитов (20-6-1). MERGEN FIGHTING CHAMPIONSHIP. 19.06.21. Атырау",- деп жазды "Найман".

Әлеуметтік желі қолданушылары спортшының жаңалығынан кейін түрлі пікір білдірді. Көбі Хамитовке жеңіс тілеп жатыр. Жазбаға 11 мыңнан астам адам "лайк" басқан.

Еске салсақ, 22 қаңтарда Fight Nights Global: "Стальное сердце" турнирі аясында өткен жекпе-жекте Хамитов сенсация жасады. Отандасымыз бірінші раундтың 49 секундында ресейлік қарсыласы Максим Пантелеевті нокаутқа түсірді.

371
Кілт сөздер:
қарсылас, аралас жекпе-жек, Қуат Хамитов
Тақырып бойынша
Полиция Қуат "Найман" Хамитов ұсталғанын хабарлады
Қуат Хамитов қарсыласын небәрі 50 секундта нокаутқа түсірді - жекпе-жек видеосы
Қуат "Найман" Хамитовтың басы бәлеге қалды
Қуат Хамитов партия құратынын мәлімдеді
Архивтегі фото

Қазақстандық қарсыласын екі минутта нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеуді иеленді видео

2670
(Жаңартылды 11:55 17.05.2021)
Николай Веретенников ММА-дағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді, ал оның қарсыласы Айви бесінші рет жеңіліске ұшырады

АЛМАТЫ, 17 мамыр – Sputnik. АҚШ-тың Хьюстон қаласында аралас жекпе-жек шебері Николай Веретенников (8-3) жартылай орта салмақтағы Fury Fighting чемпиондық титулын жеңіп алды. Қазақстандық спортшы америкалық Энтони Айвиді (6-4) екі минутта нокаутқа түсірді, деп хабарлады Sports.kz.

Жекпе-жек 17 мамырда жартылай орта салмақта өтті. Осылайша Николай ММА-да тоғызыншы рет жеңіске жетті, ал бұл Айвидің карьерасындағы бесінші жеңіліс ретінде тіркелді.

​Айта кетейік, турнирге UFC президенті Дана Уайт қатысты. Айви бұған дейін оның промоушнында өнер көрсеткен.

Ал қазақстандық спортшы мұның алдындағы жекпе-жек кезінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Стив Джонсты (8-2) жеңді.

2670
Тақырып бойынша
Қазақстандық боксшы қыз Франция чемпионын нокаутпен жеңді – видео
EFC чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жек жойқын нокаутпен аяқталды – видео
50 жастағы экс-әлем чемпионы рингке оралып, қарсыласын нокаутқа түсірді – видео
Боксшы Жанқош Тұраров сүйінші жаңалық жариялады
Қазақ боксшысы қарсыласын небәрі 70 секундта нокаутқа түсірді – видео
Данияр Елеусінов үш салмақтағы әлемнің экс-чемпионымен рингке шықты – видео
Денис Тен

Биыл күзде Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық жарыс өтеді

38
Райымқұлованың айтуынша, халықаралық спорт турнирін былтыр өткізу жоспарланған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты шара 2021 жылға ауыстырылды

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Биыл күзде Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық сайыс өтеді. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәдениет министрінің халыққа есеп беру кездесуінде тұрғындардың бірі атақты спортшы Денис Тенді еске алу жарысын өткізу жоспарда бар ма деп сұрады.

Райымқұлованың айтуынша, Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық спорттық турнирді былтыр өткізу жоспарланған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты шара 2021 жылға ауыстырылды.

"Халықаралық коньки тебушілер одағы 2021 жылы қазан айында "Алматы арена" мұз айдынында Денис Тенге арналған халықаралық жарыс өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл сайысқа 10 мемлекеттен 100-ден аса спортшы қатысады деп жоспарлануда", – деді министр.

Халықаралық шараның қалай өтетіні эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. 

"Десе де, халықаралық деңгейдегі ауқымды шараны осы жылдың күзіне жоспарлап отырмыз", – деді ведомство басшысы.

Денис Теннің өлімі

Денис Тен 2018 жылы 19 шілдеде 25 жасында көз жұмды. Көлігінің айнасын ұрлағандарды тоқтатпақ болған спортшыны ұрылар сан тұсынан пышақпен жарақаттаған.

2019 жылдың 17 қаңтарында сот спортшының өліміне қатысты сотталушыларға үкім шығарды. Қарақшылық және кісі өлтіру бабы бойынша айыпты деп танылған Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов 18 жыл бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ қылмыс болғанын біле тұра, құзырлы органдарға хабар бермегені үшін Жанар Толыбаева 4 жылға сотталды.

Оқи отырыңыз: Жарқ етіп сөнген бір ғұмыр: Денис Тен туралы не білеміз?

38
Кілт сөздер:
мәнерлеп сырғанау, спорт, Денис Тен
Тақырып бойынша
Денис Тен ажал аузынан қалуы мүмкін бе еді?
Денис Тен армандаған академия қайда ашылатыны белгілі болды
Денис Тен қашуды ойлаған да жоқ: күдікті спортшыны қалай өлтіргенін айтып берді
Ресейде Денис Тен туралы фильм түсірілді
Алматыда Денис Тен атындағы мәнерлеп сырғанау академиясы ашылады
Газ терминалы

АҚШ сұйылтылған табиғи газ экспортын арттырды

0
Америкалық сұйылтылған табиғи газ экспорты (СТГ) рекордтық көрсеткішке жетті. Бірақ Вашингтон бұл дүрбелең жақында басылады деп қауіптеніп отыр

Өйткені, "Солтүстік ағын – 2" жобасы іске қосылғаннан кейін Еуропаға ресейлік арзан отын жеткізіле бастайды, деп жазды РИА Новости.

Наурызда америкалықтар шетелге күніне 10,5 миллиард текше фут сұйылтылған газ жөнелтіп отырды, деп хабарлады АҚШ энергетика министрлігінің энергетикалық ақпарат басқармасы (ЕІА). Сәуірде бұл көрсеткіш 9,2 болатын. Оның өзі көктем басындағы мінсіз максимум болды.

Баяндамада көрсетілгендей, өткен жылы және осы жылдың қаңтарында АҚШ-тан жеткізілетін СТГ экспортының басым бөлігі Азияға тиесілі болды. Бірақ ақпан мен наурызда ол газдың жартысын Еуропа сатып алып тұрды. Себебі ол жақтағы спотта баға азиялықпен теңесті.

"Мамырда тәулігіне 8,6 миллиард футқа дейін қысқарады деп күтіп отырмыз. Жаз айларында Еуропа мен Азиядағы сұранысты қанағаттандыру аясында бұл көрсеткіш 9 миллиардтан жоғарылайды деген болжам бар", – дейді ведомствода.

Халықаралық энергетика агенттігі 2024 жылға қарай америкалықтар осы сегментте көшбасшы боулы мүмкін екенін жоққа шығармады. ХЭА есебі бойынша АҚШ, Австралия және Ресейдегі табиғи газды сұйылту бойынша бірлескен қуат ол уақытқа дейін СТГ әлем экспортының 90%-ін құрайды.

Алайда Катар сынды ірі экспорттаушы Азия нарығына АҚШ-қа жол бере қоюы екіталай. 2020 жылы таяушығыстық бұл мемлекет 77,6 миллион тонна СТГ экспорттады. Бұл жалпы жеткізулердің 26,5 процентін құрайды. 2024 жылға қарай Парсы шығанағы жағалауындағы кішкентай монархияның газ өндіру көлемі екі есе артады. Ақпанда Дохада Солтүстік кен орнының шығыс бөлігін пайдалану бойынша инвестициялық соңғы шешім қабылданды.

Катардан кейінгі орында 26 проценттік көрсеткішпен Австралия тұр. Үшінші орынға АҚШ (14,7) және төртінші орынға Ресей (10) жайғасты.

Солтүстік мұзды мұхиттағы мұнай және газ ресурстарын жоспарлы түрде игеру он бес жылдан бері ресейлік биліктің әлеуетінде тұр. Наурызда Ресейдің министрлер кабинеті сұйылтылған табиғи газ өндірісін дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын бекітті. Ол пайдлы қазба көздерін әртараптандыруға, ең алдымен Арктика қайраңы мен Қиыр Шығысты пайдалануға бағытталған.

OilPrice америкалық басылымы жазғандай, егер АҚШ тақтатас өндірісі есебінен ірі экспорттаушының біріне айналса, Ресейге Арктика көмектеседі. Аймақтағы пайдалы қазба қоры үлкен: табиғи газ – 35,7 миллиард текше метр, мұнай мен конденсат – 2,3 миллиард тонна.

Ресей энергетика министрі Александр Новактың айтуынша, 2025 жылға қарай Ресей жылына 68 миллион тонна сұйылтылған табиғи газ өндіріп, әлем нарығындағы үлесін 25 процентке арттыра алады.

OilPrice аналитиктері еуропалықтар үшін ресейлік құбыр желілік газ ғана емес, сондай-ақ сұйылтылған табиғи газ да тартымды екенін атап өтті.

"Ұзақ мерзімді келешекте Ресейдегі СТГ Еуроодақ тұтынушылары үшін оң шешім болады. Себебі АҚШ-қа қарағанда жеткізу жылдамырақ және арзан. Энергетикалық тәуелсіздікті қалайтын Литваның да Ресейден СТГ сатып алуы бекер емес", – деп санайды өнеркәсіптік тәуелсіз сарапшы Леонид Хазанов.

Оның айтуынша, америкалық жеткізушілер үшін Қытай мен Жапония басымдылыққа ие. Себебі бұл мемлекеттерде баға жоғары. Сондықтан ресейлік СТГ мұхиттың арғы жағынан жеткізілетін газды Еуропа нарығынан ысыруы мүмкін.

Қалай болғанда да сын-қатер де жоқ емес. 2025 жылға дейін сұйылтылған табиғи газдың әлем нарығында шамадан тыс көп болуы есебінен бағаның аса жоғары болуын күтудің қажеті жоқ.

0
Кілт сөздер:
мұнай, газ