Спорт

Еуро-2020: Франция – Германия матчы кезінде күтпеген оқиға болды – видео

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуФутбол алаңы, доп
Футбол алаңы, доп - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2021
Жазылу
Парашютшінің кесірінен бірнеше адам зардап шегіп, ауруханаға түсті. Құқық қорғау органдары тиісті шараларды қолға алады

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Мюхнхенде өткен Франция – Германия матчында парашютші футбол алаңына құлап, бірнеше адам жарақат алды.

Еуро-2020 чемпионатының топтық кезеңі аясындағы ойында күтпеген жерден көктен қонақ түсті. Матчтың басталуына санаулы минуттар қалғанда газонға парашютші қонған, деп хабарлайды gazeta.ru.

Футболшылар мен полиция қызметкерлері ер адамға көмекке жүгірді.

Парашютте "Мұнайдан құтыл! Greenpeace!" деген жазу болған.

"Оқиға салдарынан бірнеше адам жарақат алды, қазір олар ауруханада жатыр. Құқық қорғау органдары қажетті шаралар қабылдайды", - деп мәлімдеді УЕФА баспасөз қызметі.

Айта кетсек, Greenpeace – халықаралық тәуелсіз үкіметтік емес экологиялық ұйым. 1971 жылы Канадада құрылған.

Мюнхендегі кездесуде Франция қарсыласын 1:0 есебімен жеңді.

Келесі турда Франция Венгриямен ойнайды. Матч 19 маусымда өтеді. Ал Германия дәл сол күні Португалиямен кездеседі.

Жаңалықтар
0