Спорт

"Жақында көрісеміз": Головкин желіде жазба қалдырды

© AP Photo / Richard DrewБоксер Геннадий Головкин
Боксер Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2021
Жазылу
Пікір жазғандар GGG-дің алдымен Деметриус Андрадеге қарсы жекпе-жек өткізгенін қалайтынын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. IBF мен IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин әлеуметтік желіде рингке қайта оралуына қатысты жазба қалдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мен рингке өзім және фанаттарым үшін шығамын. Жақында көрісеміз", - деп жазды GGG Twitter парақшасында.

Бірнеше сағаттың ішінде Головкиннің жазбасына жүздеген адам ретвит жасаған. Ал пікір жазғандар GGG-дің алдымен Деметриус Андрадеге қарсы жекпе-жек өткізгенін қалайтынын жеткізді. Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізуге кеңес бергендер де бар.

Оқи отырыңыз: Жәнібек Әлімханұлы Брантты жеңгеннен кейін әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырды 

Айта кетейік, желтоқсан айында Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) орта салмақтағы WBA чемпионы жапон Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Ал Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн GGG-дің қыркүйекте тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтқан.

Головкин рингке соңғы рет өткен жылы желтоқсан айында шыққан болатын. Сол кезде қазақстандық боксшы поляк Камил Шереметаны (21-1,5 КО) нокаутпен жеңді.

Жаңалықтар
0