Спорт

Футболдан Еуропа чемпионаты: Италия құрамасы жеңіске жетті

© Sputnik / Anton Denisov / Медиабанкке өтуСтадион "Уэмбли" в Лондоне
Стадион Уэмбли в Лондоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2021
Жазылу
Осылайша Италия құрамасы екінші рет Еуропа чемпионы атанды

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде - Sputnik. Италияи құарамасы ЕУРО-2020 финалында пенальтиден Англияны жеңіп, Еуропаның чемпионы атанды.

Лондондағы "Уэмбли" стадионында өткен финалдың негізгі уақыты 1-1 есебімен аяқталды. Британдықтардан Люк Шоу (2-минут), итальяндықтардан - Леонардо Бонуччи (67) көзге түсті. Люк Шоу Еуропа чемпионаты тарихындағы ең жылдам гол соқты. Бұл үшін  оған 117 секунд қажет болды.

Оқи отырыңыз: ЕУРО-2020: жасыл алаңдағы қуаныш пен өкініш – фото

Пенальти сериясында итальяндықтар 3-2 есебімен басым түсті. Ағылшындар Маркус Рэшфорд, Джейдон Санчо және Букайо Сака қатарынан үш пенальтиді соға алмады. Финалдың қорытындысы бойынша Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннарума Еуропа чемпионатының үздік ойыншысы деп танылды. ПСЖ қақпашысы осы турнирде ұлттық құрама үшін екі пенальти жеңіп алды. Біріншісі испандықтармен өткен жартылай финалда болса, ағылшындарға қарсы екіншісі финалда еді.

Италия бұған дейін 1968 жылы Еуропа чемпионатын жеңіп алған болатын. Италия үшін бұл алтыншы үлкен жеңіс: төрт әлем чемпионаты (1934, 1938, 1982 және 2006 жылдары) және екі реті Еуропа чемпионаты.

Жаңалықтар
0