Олимпиада командасы Токиоға ұшып кетті

Қазақстанның олимпиада командасы Токиоға ұшып кетті

116
(Жаңартылды 13:40 17.07.2021)
Соңғы күндерді спортшылар оқшаулану режимінде өткізіп, сыртқы әлеммен байланысқа түскен жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Қазақстанның олимпиада командасының негізгі бөлігі Жапонияға 16 шілде күні ұшып кетті. Алматыдан бірінші рейспен 128 адам Токионы бетке алды. Олардың қатарында спортшылар, бапкерлер, дәрігерлер, ғылыми-кешенді топ мүшелері, Олимпиададағы Қазақстан миссиясының өкілдері бар.

Токиоға "Ақбұлақ" олимпиада базасынан каратэшілер, садақ атушылар, үстел теннисі мен семсерлесу командасы, ауыр атлеттер мен боксшылар аттанды. Өзге де жаттығу базаларынан жүзу спортының, су добы спортының өкілдері, жеңіл атлеттер, велошабандоздар, стенд ату мен нысана көздеуден құрама командалар, сондай-ақ, дзюдошылар Токиоға жол тартты. 

Олимпийский чемпион по плаванию на 200 метров брассом Дмитрий Баландин перед вылетом в Токио-2020
© Photo : НОК Казахстана
200 метрге жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Токиоға ұшар алдында

Атлеттер екі апталық карантинде болып, соңғы жаттығу жиындарын Алматы қаласы мен Алматы облысында өткізді. Ойын қарсаңындағы соңғы күндерді спортшылар оқшаулану режимінде өткізіп, сыртқы әлеммен байланысқа түскен жоқ. 

"Біз Олимпиада ойындарына қатысушы спортшылардың қауіпсіздігіне бағытталған ХОК пен Токио-2020 ұйымдастыру комитетінің барлық талабын орындадық. Ұлттық олимпиада комитеті пен ұлттық федерациялар спортшылардың сапалы әрі қауіпсіз дайындалуына бар жағдайды жасады.  Біздің командадағы 96 спортшы ортақ еңбегімізді жемісі. Спортшылар мен бапкерлерге, сондай-ақ, спорттық дәрігелерге бірлескен жұмысы үшін рахмет айтамыз", - делінген Ұлттық олимпиада комитетінің жазбасында

Авиация қызметкерлерінің барлығы екі мәрте ПТР сынақтан өтті. 

28 шілдеге жоспарланған екінші рейспен Жапонияға 43 адам жол тартады. Олардың қатарында балуандар, көркем гимнастикадан Қазақстан командасы, әртістік жүзу, бессайыс және жеңіл атлеттердің бір бөлігі бар. 

 Олимпийская команда вылетела в Токио
© Photo : НОК Казастана
Олимпиаданың күміс жүлдегері, дзюдошы Елдос Сметов

Жаттығу кезінде арнайы спорттық базаларды қажет еткен спортшылардың шамамен үштен бір бөлігі карантин мен дайындықтың ақырғы кезеңін шетелде өткізді. Олар тікелей Токионы бетке алады. 

8 шілдеден бастап Жапонияда Олимпиада ойындарындағы Қазақстан миссиясы жұмысын бастады. Қазақстан елшілігі мен СІМ қолдауы арқылы спортшылармен кездесуге қажетті заттар мен жаттығуға керекті қосымша құрылғылардың барлығы да дайындалды. 

 Олимпийская команда вылетела в Токио
© Photo : НОК Казахстана
Олимпиада командасы Токиоға ұшып кетті

Олимпиада ауылындағы тіршілік те карантин талаптарына сай болмақ. Түрлі ел командаларының, әртүрлі спорт түрлеріндегі атлеттердің өзара байлансуына тыйым салынған. Олимпиадалық ауыл мен жаттығу және спорт залдарының арасындағы маршруттан ауытқуға болмайды, қоғамдық көлікті пайдалануға рұқсат жоқ. Коронавирусқа байланысты күн сайын тест тапсыру міндетті саналады. Сонымен қатар спортшылардың жүрген орны мен денсаулық жағдайын бақылайтын бірнеше қосымшаны ұялы телефонға орнату міндеттеледі. 

Қазақстан олимпиада командасының сапында 97 лицензия жеңіп алған 96 спортшы бар. 

Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 23 шілде күні Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де Токио стадионында басталады. 

116
Кілт сөздер:
Токио Олимпиадасы
Тақырып:
Токио Олимпиадасы (72)
Елена Рыбакина

Токио Олимпиадасы: қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жүлдесіз қалды

79
Елена Рыбакина бүгін қола медаль үшін таласты, ол украиналық Элина Светолинамен ойнады

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының қола жүлдесін иелене алмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жартылай финалда швециялық Белинда Бенчичке (7:6, 4:6, 6:3) жол беріп қойған Елена Рыбакина бүгін қола медаль үшін таласты. Ал оған қарсы украиналық Элина Светолина шықты. Бірінші сетте қазақстандық теннисші айқын басымдықпен жеңіске жетті. Есеп – 6:1. Ал екінші сетте екеуі тең түсті. Содан ойын тай-брейкке ауысты. Ол да өте тартысты өтті. Бірақ осы жолы украиналық теннисшінің жолы болды. Есеп - 7:6. Үшінші сетте Рыбакина 3:0 есебімен бірден алға шықты. Алайда Светолина есепті теңестіріп қана қоймай, соңғы сетті өз пайдасына шешіп кетті. Қорытынды есеп - 1:2

Бұған дейін Елена Рыбакина австралиялық Саманта Стосур, швециялық Ребекка Петерсон, хорватиялық Донна Векичті жеңген болатын. Ал ширек финалда испаниялық теннисші Гарбинье Мугурустан басым түсті.

Айта кетейік, Елена Рыбакинадан басқа қазақстандық теннисшілер жекелеген сындардан шығып қалды. Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова аптап ыстық пен күн өту салдарынан жарысты жалғастыра алмаса, Зарина Диястың жарақаты ойыннан шығуына себеп болды. Александр Бублик бірінші раундта ресейлік Даниил Медведевке есе жіберіп қойды. Ал Михаил Кукушкин беларус Илья Ивашкодан ұтылды.

Жұптық жарыстарда Ярослава Шведова мен Андрей Голубев жапониялық жұп – Ена Шибахара мен Бен Маклахланған жол беріп қойды.Осы жолы қазақстандық теннисшілер 8 бірдей лицензия иеленді. Токиоға 7 спортшы аттанған болатын.

79
Тақырып:
Токио Олимпиадасы (72)
Закир Сафиуллин

Сафиуллин жекпе-жексіз Олимпиаданың ширек финалына шықты 

1714
(Жаңартылды 16:33 31.07.2021)
Дүбірлі додада 63 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген Закир Сафиуллин жапониялық боксшымен жұдырықтасуға тиіс еді

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Қазақстандық боксшы Закир Сафиуллин Токио Олимпиадасының ширек финалына жекпе-жексіз өтті. Оның қарсыласы рингке шығудан бас тартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

63 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетіп жүрген Закир Сафиуллин бүгін жапониялық Дайсукэ Наримацумен кездесуге тиіс еді. Алайда Наримацу жарақат алып қалуына байланысты рингке шыққан жоқ. Осылайша қазақстандық боксшы автоматты түрде ширек финалға шығып отыр.

Ширек финалда Сафиуллин аустралиялық Гари Гарсайдпен кездеседі. Жекпе-жек 3 тамызда өтеді.

Бірінші жекпе-жекте Сафиуллин Перу боксшысы Леодан Пезо Сабойяны айқын басымдықпен жеңген еді. 

Оқи отырыңыз: Токио Олимпиадасы: Ольга Рыпакова финалға шыға алмады

Айта кетейік, Олимпиадада төрт боксшымыз қалды. Олар - Закир Сафиуллин (63 келі), Сәкен Бибосынов (52 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі) мен  Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары). Бүгін Сәкен Бибосынов екінші айналымда тағы жеңіске жетіп, ширек финалға шықты.

Қалған төрт боксшы жарыс жолын аяқтаған болатын. Атап айтқанда, Серік Теміржанов (57 келі) екінші айналымнан аса алмаса, 69 келі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жүсіпов америкалық боксшыға жол берді. Ал Василий Левит (91 келі) нокаутпен ұтылды. Әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов те бірінші жекпе-жекте ресейлік боксшыдан жеңіліп қалды. Қазақстанның әйелдер командасы атынан Токио Олимпиадасына барған жалғыз боксшы Надежда Рябец (75 келі) бірінші жекпе-жекте ұтылып қалды.

1714
Кілт сөздер:
Токио Олимпиадасы
Тақырып:
Токио Олимпиадасы (72)
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

0
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

0