Елдос Сметов

Олимпиада жүлдегері жанкүйерлерге үндеу жасады

2805
Елдос Сметов Токио Олимпиадасында еліміздің туын көкке көтеріп, жақсы өнер көрсету үшін барын салуға уәде берді

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, дзюдодан әлем чемпионы Елдос Сметов Токиодадағы додада жанкүйерлердің қолдауы маңызды екенін атап өтті, деп жазады Olympic.kz.

"Қадірлі жанкүйерлер! Біз ең маңызды жарыс - Токио Олимпиадасына ұшып барамыз. Бұл бәсекеде еліміздің туын көкке көтеріп, жақсы өнер көрсету үшін барымызды саламыз. Ал сіздер бізге жанкүйер болып, тақым қысып отырыңыздар. Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін өте маңызды! Алға, Қазақстан", - деді Елдос.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның олимпиада командасы Токиоға ұшып кетті

Айта кетелік, Қазақстанның олимпиада командасы, атап айтқанда, каратэ, бокс, нысана көздеу, стенд ату және тағы да басқа спорт түрлерінен ел намысын қорғайтын спортшылар Токио Олимпиадасына қатысу үшін ұшып кетті.  

Спортшылардың екінші бөлігі Токиоға 28 шілдеде аттанады. 

2805
Василий Левит

Олимпиадада нокаутқа түсіп қалған Василий Левит желіде жазба жариялады

10
(Жаңартылды 20:18 28.07.2021)
Боксшы соққыға жалғыз төтеп беру оңай емес екенін, алайда қазақстандықтардың қолдауын сезінгенін атап өтті

АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында нокаутқа түсіп қалған қазақстандық боксшы Василий Левит қиын сәтте қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Сіздер менімен бірге жеңістен кейінгі қуаныш пен жеңілістен кейінгі қайғыны бөлісіп келесіздер. Спорт – менің өмірім. Боксшылар арасында мынадай даналық бар: төмен құламаған адам жоғары көтерілмейді. Бұл сөз өз мақсатына ұмтылған және алға қарай жүретін кез келген адамның өмірінде қолданылады", - деп жазды Василий Левит.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Василий Левит (@vassiliy_levit)

Ол сондай-ақ соққыға жалғыз төтеп беру оңай емес екенін, алайда қазақстандықтардың қолдауын сезінгеннен кейін өзінің жалғыз емес екенін түсінгенін айтты.

"Әрқашан қолдайтын отбасым, жақын адамдарым бар. Сондай-ақ менімен жеңіс пен жеңілісті бөлісуге дайын қымбатты жанкүйерлер, сіздер барсыздар. Сіздер жолдаған хаттарды оқыған кезде өмірдегі ең құнды дүние сені түсініп, саған сенетін адамдар барын білу екенін түсіндім", - деді боксшы.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшы Василий Левит 91 келі салмақ дәрежесінде шықты. Оның қарсыласы испаниялық боксшы Эммануэль Рейес болды.

Токио Олимпиадасы: Левит нокаутқа түсіп қалды – видео

Бірінші раунд испаниялық боксшы пайдасына шешілді. Ал екінші раундтың басында Левит қарсыластың сериялық соққысынан кейін нокаутқа түсіп қалды. Бірақ аяғына тұрды. Төреші оның теңселіп тұрғанын көріп, жекпе-жекті тоқтатты.

Левит Рио Олимпиадасында күміс жүлдені жеңіп алған болатын.

10
Кілт сөздер:
Василий Левит
Елена Рыбакина

Токио Олимпиадасы: Елена Рыбакина жартылай финалға шықты

29
(Жаңартылды 17:48 28.07.2021)
Жартылай финалда қазақстандық теннисші Елена Рыбакина швециялық Белинда Бенчичпен кездеседі деп күтілуде

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасында төртінші қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ширек финалда Рыбакина испаниялық теннисші Гарбинье Мугуруспен кездесті. Қазақстандық спортшы бірінші сетте 7:5 есебімен қарсыласынан басым түсті. Ал екінші сетте қарсыласын 6:1 есебімен жеңіп кетті. Теннисшілер бұл партияны 1 сағат 33 минут ойнады. Жартылай финалда қазақстандық теннисші швециялық Белинда Бенчичпен кездеседі.

Бұған дейін Рыбакина австралиялық Саманта Стосур, швециялық Ребекка Петерсон мен хорватиялық Донна Векичті жеңген болатын.

Оқи отырыңыз: Олимпиадада бірнеше боксшы жеңілді: құраманың бас бапкері қалай түсіндірді

Айта кетейік, Елена Рыбакинадан басқа қазақстандық теннисшілердің барлығы жекелеген сындардан шығып қалды. Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова аптап ыстық пен күн өту салдарынан жарысты жалғастыра алмаса, Зарина Диястың жарақаты ойыннан шығуына себеп болды. Александр Бублик бірінші раундта ресейлік Даниил Медведевке есе жіберіп қойды. Ал Михаил Кукушкин бүгін беларус Илья Ивашкодан ұтылды. Жалпы, осы жолы қазақстандық теннисшілер 8 бірдей лицензия иеленді. Токиоға 7 спортшы аттанды.

Бүгін жұптық жарыстар басталды. Кортқа Ярослава Шведова мен Андрей Голубев шығады. Олар жапониялық жұп – Ена Шибахара мен Бен МакЛахланмен күш сынасып көреді.

 

29
Кілт сөздер:
жартылай финал, теннис, Токио Олимпиадасы
Тақырып:
Токио Олимпиадасы
Тақырып бойынша
Токио Олимпиадасы: әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов жеңіліп қалды
Токио Олимпиадасы: жалғыз боксшы қызымыз жарыстан шығып кетті
Токио Олимпиадасы: Левит нокаутқа түсіп қалды – видео
Токио Олимпиадасы: Жапаров мен Дениз ширек финалдан аса алмады