Аралас жекпе-жек

Қазақстандық спортшының UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі кездесудің толық видеосы

403
Қазақстандық спортшы Сергей Морозов кәсіби карьерасындағы он жетінші және UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізді

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Қазақстандық спортшы Сергей Морозов (16-5) Лас-Вегаста (АҚШ) аралас жекпе-жектен ESPN 26 турнирінде өнер көрсетті.

Морозов немістің файтері Халид Тахамен (13-3-1) кездесу өткізді. Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раунд өтуі тиіс еді. Төрешілердің бірауыздан шешімімен Морозов жеңіске жетті — 30-27, 30-27, 30-27, деп хабарлайды  Sports.kz.

Қазақстандық спортшы Сергей Морозов кәсіби карьерасындағы он жетінші және UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп отыр. Қаңтар айында промоушнде спортшының дебюті болды. Алайда ол екінші раундта ресейлік Умар Нурмагомедовден (13-0) жеңілді. Халид Таха үшін бұл төртінші жеңіліс.

403
Кілт сөздер:
UFC, видео
Тақырып бойынша
"Нағыз балуан!": желіде қазақстандық спортшының видеосы қызу талқыланып жатыр
Америка лигасындағы дебюттік кездесуде қазақстандық спортшы ауыр нокаутқа түсті – видео  
Алматы облысында спортшының 17 жастағы оқушымен жанжалы видеоға түсіп қалды
Армениялық спортшы саусақпен автобусты жылжытты - видео
Қазақстандық спортшы теңіз жағасында үйленді – видео
Василий Левит

Олимпиадада нокаутқа түсіп қалған Василий Левит желіде жазба жариялады

20
(Жаңартылды 20:18 28.07.2021)
Боксшы соққыға жалғыз төтеп беру оңай емес екенін, алайда қазақстандықтардың қолдауын сезінгенін атап өтті

АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында нокаутқа түсіп қалған қазақстандық боксшы Василий Левит қиын сәтте қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Сіздер менімен бірге жеңістен кейінгі қуаныш пен жеңілістен кейінгі қайғыны бөлісіп келесіздер. Спорт – менің өмірім. Боксшылар арасында мынадай даналық бар: төмен құламаған адам жоғары көтерілмейді. Бұл сөз өз мақсатына ұмтылған және алға қарай жүретін кез келген адамның өмірінде қолданылады", - деп жазды Василий Левит.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Василий Левит (@vassiliy_levit)

Ол сондай-ақ соққыға жалғыз төтеп беру оңай емес екенін, алайда қазақстандықтардың қолдауын сезінгеннен кейін өзінің жалғыз емес екенін түсінгенін айтты.

"Әрқашан қолдайтын отбасым, жақын адамдарым бар. Сондай-ақ менімен жеңіс пен жеңілісті бөлісуге дайын қымбатты жанкүйерлер, сіздер барсыздар. Сіздер жолдаған хаттарды оқыған кезде өмірдегі ең құнды дүние сені түсініп, саған сенетін адамдар барын білу екенін түсіндім", - деді боксшы.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшы Василий Левит 91 келі салмақ дәрежесінде шықты. Оның қарсыласы испаниялық боксшы Эммануэль Рейес болды.

Токио Олимпиадасы: Левит нокаутқа түсіп қалды – видео

Бірінші раунд испаниялық боксшы пайдасына шешілді. Ал екінші раундтың басында Левит қарсыластың сериялық соққысынан кейін нокаутқа түсіп қалды. Бірақ аяғына тұрды. Төреші оның теңселіп тұрғанын көріп, жекпе-жекті тоқтатты.

Левит Рио Олимпиадасында күміс жүлдені жеңіп алған болатын.

20
Кілт сөздер:
Василий Левит
Елена Рыбакина

Токио Олимпиадасы: Елена Рыбакина жартылай финалға шықты

31
(Жаңартылды 17:48 28.07.2021)
Жартылай финалда қазақстандық теннисші Елена Рыбакина швециялық Белинда Бенчичпен кездеседі деп күтілуде

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасында төртінші қарсыласын жеңіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ширек финалда Рыбакина испаниялық теннисші Гарбинье Мугуруспен кездесті. Қазақстандық спортшы бірінші сетте 7:5 есебімен қарсыласынан басым түсті. Ал екінші сетте қарсыласын 6:1 есебімен жеңіп кетті. Теннисшілер бұл партияны 1 сағат 33 минут ойнады. Жартылай финалда қазақстандық теннисші швециялық Белинда Бенчичпен кездеседі.

Бұған дейін Рыбакина австралиялық Саманта Стосур, швециялық Ребекка Петерсон мен хорватиялық Донна Векичті жеңген болатын.

Оқи отырыңыз: Олимпиадада бірнеше боксшы жеңілді: құраманың бас бапкері қалай түсіндірді

Айта кетейік, Елена Рыбакинадан басқа қазақстандық теннисшілердің барлығы жекелеген сындардан шығып қалды. Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова аптап ыстық пен күн өту салдарынан жарысты жалғастыра алмаса, Зарина Диястың жарақаты ойыннан шығуына себеп болды. Александр Бублик бірінші раундта ресейлік Даниил Медведевке есе жіберіп қойды. Ал Михаил Кукушкин бүгін беларус Илья Ивашкодан ұтылды. Жалпы, осы жолы қазақстандық теннисшілер 8 бірдей лицензия иеленді. Токиоға 7 спортшы аттанды.

Бүгін жұптық жарыстар басталды. Кортқа Ярослава Шведова мен Андрей Голубев шығады. Олар жапониялық жұп – Ена Шибахара мен Бен МакЛахланмен күш сынасып көреді.

 

31
Кілт сөздер:
жартылай финал, теннис, Токио Олимпиадасы
Тақырып:
Токио Олимпиадасы
Тақырып бойынша
Токио Олимпиадасы: әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов жеңіліп қалды
Токио Олимпиадасы: жалғыз боксшы қызымыз жарыстан шығып кетті
Токио Олимпиадасы: Левит нокаутқа түсіп қалды – видео
Токио Олимпиадасы: Жапаров мен Дениз ширек финалдан аса алмады 
Архивтегі фото

Қазақстан Қырғызстанға QazVac вакцинасының 25 мың дозасын жеткізді

0
Енді қырғызстандықтар Astra Zeneca, Sputnik V және басқа да шетелдік вакциналармен қатар QazVac салдыра алады

АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Қырғызстанға COVID-19 пандемиясымен күрестегі ынтымақтастық шеңберінде QazVac инактивтендірілген вакцинасының 25 000 дозасы жеткізілді, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Бішкекте көмекті тапсыру рәсіміне Қырғызстан денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев, Қазақстан елшісі Рәпіл Жошыбаев пен медицина ұйымдарының өкілдері қатысты.

Вакцинадан кейін вирус жұқтырғандардың Ashyq-тағы статусы қалай өзгереді

Министр Бейшеналиев елде коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына қарсы іс-қимылда маңызды қолдау көрсеткені үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді.

"Енді қырғызстандықтар Astra Zeneca, Sputnik V және басқа да шетелдік вакциналармен қатар QazVac салдыра алады", - деп атап өтті ол.  

Оның айтуынша, қазақстандық вакцина халықты вакциналау пункттеріне жедел таратылады.

Қазақстан елшісі Рәпіл Жошыбаев вакцина Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жеткізілгенін айтты.

"Қырғызстан біздің достарымыз бен халықаралық серіктестеріміздің арасында бірінші болып коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны алады, бұл елдеріміз арасындағы достық пен тату көршілестік қатынастарын тағы да растайды", – деді елші.

Ол сондай-ақ Қазақстанның ізгілік көмегі көптеген адам өмірін құтқаруға және Қырғызстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға көмектесетініне сенім білдірді.

Айта кетейік, QazVac вакцинасын Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты өндірген.

2021 жылдың басынан бері ол ресейлік және қытайлық мамандар әзірлеген препараттармен қатар қазақстандықтарды вакциналау үшін қолданылады. QazVac 18 жастан асқан адамдарға салынады.

0
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина