Токио Олимпиадасы

Олимпиада-2020 қазақстандық телеарна арқылы трансляцияланады

187
Қазақстандық телеарна Токиодағы Олимпиада ойындарын трансляциялайтын болады. Бұған дейін қымбат болғандықтан, бұл құқықты сатып алу мүмкін емес екені хабарланған еді

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде — Sputnik. "Хабар" телеарнасы Токиодағы Олимпиада ойындарын тікелей эфирден көрсетеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Хабар" агенттігі үшін Олимпиада ойындары әрдайым спорт әлеміндегі маңызды оқиға. Телеарна Олимпиаданы трансляциялауға дайындалып жатыр. Комментаторлар мен тілшілер тікелей эфирлерге әзірлік үстінде", - деді спорттық хабар тарату жетекшісі Асқат Жақаев NS радиосының "SPORT TIME" бағдарламасының эфирінде. 

Олимпиада 23 шілде - 8 тамыз аралығында өтеді.

Бұған дейін қымбат болғандықтан, бұл құқықты сатып алу мүмкін емес екені хабарланған еді.

187
Тақырып:
Токио Олимпиадасы (52)
Тақырып бойынша
Токио Олимпиадасында жүлде алған спортшыларға қанша сыйақы беріледі
Токио Олимпиадасы: жарысқа келген спортшыдан COVID-19 табылды
Олимпиада жүлдегері жанкүйерлерге үндеу жасады
Олимпиада-2020: Токио спортшыларды қалай қарсы алып жатыр – видео
Қазақстанның олимпиада командасы Токиоға ұшып кетті
Ярослава Шведова мен Андрей Голубев

Голубев пен Шведова аралас жұптық сында Олимпиададан шығып қалды

38
Елена Рыбакинадан басқа қазақстандық теннисшілердің барлығы жекелеген сындардан шығып қалды – ол ертең швейцариялық Белинда Бенчичке қарсы ойнайды

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Қазақстандық теннисшы Андрей Голубев пен Ярослава Шведова аралас жұптық сайыстың  алғашқы кезеңінде жеңіліп қалды.

Олар 1/8 финалда жапониялық Эна Сибахара және Бен Маклахлан жұбына қарсы шыққан болатын. Бұл матчта қазақстандықтар екі сетте 3:6, 6:7 есебімен қарсыласқа есе жіберді. Осылайша Сибахара мен Маклахлан ширек финалға шықты, енді олар ресейлік Анастасия Павлюченкова және Андрей Рублевпен кездеседі.

Бүгін теннистен әйелдер арасындағы жекелей сында қазақстандық Елена Рыбакина жартылай финалға жолдама алды. Ертең ол швейцариялық Белинда Бенчичке қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Елена Рыбакинадан басқа қазақстандық теннисшілердің барлығы жекелеген сындардан шығып қалды. Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова аптап ыстық пен күн өту салдарынан жарысты жалғастыра алмаса, Зарина Диястың жарақаты ойыннан шығуына себеп болды. Александр Бублик бірінші раундта ресейлік Даниил Медведевке есе жіберіп қойды. Ал Михаил Кукушкин бүгін беларус Илья Ивашкодан ұтылды. Жалпы, осы жолы қазақстандық теннисшілер 8 бірдей лицензия иеленді. Токиоға 7 спортшы аттанды.

38
Тақырып:
Токио Олимпиадасы (52)
Василий Левит

Олимпиадада нокаутқа түсіп қалған Василий Левит желіде жазба жариялады

84
(Жаңартылды 20:18 28.07.2021)
Боксшы соққыға жалғыз төтеп беру оңай емес екенін, алайда қазақстандықтардың қолдауын сезінгенін атап өтті

АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында нокаутқа түсіп қалған қазақстандық боксшы Василий Левит қиын сәтте қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Сіздер менімен бірге жеңістен кейінгі қуаныш пен жеңілістен кейінгі қайғыны бөлісіп келесіздер. Спорт – менің өмірім. Боксшылар арасында мынадай даналық бар: төмен құламаған адам жоғары көтерілмейді. Бұл сөз өз мақсатына ұмтылған және алға қарай жүретін кез келген адамның өмірінде қолданылады", - деп жазды Василий Левит.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Василий Левит (@vassiliy_levit)

Ол сондай-ақ соққыға жалғыз төтеп беру оңай емес екенін, алайда қазақстандықтардың қолдауын сезінгеннен кейін өзінің жалғыз емес екенін түсінгенін айтты.

"Әрқашан қолдайтын отбасым, жақын адамдарым бар. Сондай-ақ менімен жеңіс пен жеңілісті бөлісуге дайын қымбатты жанкүйерлер, сіздер барсыздар. Сіздер жолдаған хаттарды оқыған кезде өмірдегі ең құнды дүние сені түсініп, саған сенетін адамдар барын білу екенін түсіндім", - деді боксшы.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшы Василий Левит 91 келі салмақ дәрежесінде шықты. Оның қарсыласы испаниялық боксшы Эммануэль Рейес болды.

Токио Олимпиадасы: Левит нокаутқа түсіп қалды – видео

Бірінші раунд испаниялық боксшы пайдасына шешілді. Ал екінші раундтың басында Левит қарсыластың сериялық соққысынан кейін нокаутқа түсіп қалды. Бірақ аяғына тұрды. Төреші оның теңселіп тұрғанын көріп, жекпе-жекті тоқтатты.

Левит Рио Олимпиадасында күміс жүлдені жеңіп алған болатын.

84
Кілт сөздер:
Василий Левит
Архивтегі фото

Жүргізушілердің бір-біріне жол бермеуінің кесірінен әкелі-балалы жолаушылар көз жұмды

0
Ақтау ауылынан Теміртау қаласына бағыт алған жүргізуші жолда Howo жүк көлігімен соқтығысып, жолдың қапталына шығып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан әкелі-балалы көз жұмды. Трагедия жүргізушілердің бір-біріне жол бермеуінің кесірінен болған.

36 жастағы ер адам мен 10 жасар ұлы Lada Granta көлігінде жолаушы болып отырған, деп хабарлады КТК.

Ақтау ауылынан Теміртау қаласына бағыт алған жүргізуші жолда Howo жүк көлігімен соқтығысып, жолдың қапталына шығып кетеді. Қатты соққының салдарынан әкесі мен баласы сол арада тіл тартпай кетті. Ал Lada иесі ауруханаға жеткізілді.

Ақтауда жол апаты адам өмірін қиды: көлік ішінде түсірілген видео жарияланды

Howo-ны 34 жастағы жігіт тізгіндеген. Мәліметтерге қарағанда ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан жеңіл көлікке жол бермей солға бұрып жіберген. Оқиғаның анық-қанығын полиция тергеп жатыр.   

0