Токио Олимпиадасы

Токио Олимпиадасы: Қазақстан спортшылары арасында жүлделі орынға кім ілігеді

573
(Жаңартылды 16:28 23.07.2021)
2016 жылы Рио Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 22-ші орынға ие болды. Сол кезде спортшыларымыз үш алтын, бес күміс және он қола медаль ұтып алған

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Көптен күткен Олимпиада ойындары 23 шілдедет салтанатты түрде ашылады. Осы жолы төрт жылда бір рет өтетін доданы пандемияға байланысты бес жыл күтуге тура келді. Осы уақыт ішінде кейбір спортшылар қосымша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алса, енді біреулер спорттық карьерасындағы соңғы Олимпиаданың тезірек өткенін қалады. Әрбір құрамада ел үмітін ақтайтын спортшылар аз емес. Қазақстан да лайықты командасын жіберіп отыр. Sputnik Қазақстан отандық спортшылардың ішінде кім медаль үшін таласа алатынын зерделеп көрді.

Боксшылар бабында

Сөз жоқ, қазақстандық жанкүйерлер алдымен боксшыларға үлкен үміт артып отыр. Себебі олар осы уақытқа дейін Олимпиададан кем дегенде бір алтын медаль әкеліп отырған. Әсіресе, 69 келі салмақ дәрежесі сәтті болып тұр. Қазақстан төрт бірдей Олимпиадада дәл осы салмақта топ жарды. Боксшыларымыз бірнеше рет Вэл Баркер кубогын да ұтып алған. Токио Олимпидасында 69 келі салмақта ел намысын Абылайхан Жүсіпов қорғайды.

Жалпы ерлер арасындағы бокста қазақстандық спортшылар барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Әрине, жанкүйерлер Василий Левиттің (91 келі) жекпе-жектерін де асыға күтеді. Себебі Рио Олимпиадасында әділетсіз төрешіліктің құрбаны болған боксшымыз осы жолы барын салып, алтын медаль алуға тырысады. 

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Бекзад Нұрдәулетов те бас жүлде үшін таласуы әбден мүмкін. Екі жыл бұрын өткен әлем чемпионатында ол Әділбек Ниязымбетовтің жолын талай кескен кубалық Ла Крузды жеңген болатын. 

Сол чемпионатта Нұрдәулетов финалда өзбек боксшысы Дилшодбек Рузметовтан басым түсіп, әлем чемпионы атанды. Бүгінде көрші елдің бапкерлері де Нұрдәулетовты басты қарсылас ретінде қарастырып отыр. Бірақ биыл Дубайда өткен Азия чемпионатында Бекзад Нұрдәулетов алғашқы жекпе-жекте ұтылып қалды. Төрешілердің басым бөлігі ирандық боксшы жеңді деп шешкен.

Боксшылар командасында Олимпиада жүлдесіне лайықты басқа да спортшыларымыз бар. Олар: Сәкен Бибосынов (52 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келден жоғары). 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Камшыбек Кункабаев (@kamshybek_kunkabayev)

Ал әйелдер арасындағы бокста ел намысын бір ғана спортшы қорғайды. Ол – Надежда Рябец (75 келі). Надежда Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысады. 21 жастағы боксшы қызымыз өз жолдамасын екі жыл бұрын 19 жасында ұтып алған. 

Әрине, Қазақстанның бокс федерациясы тағайындап отырған ақшалай сыйақы да спортшылардың жеңіске деген ынтасын күшейтуі тиіс. Себебі ол ақша негізгі сыйақымен қоса беріледі. Атап айтқанда, алтын медаль иегеріне федерация тарапынан 100 мың доллар табысталады. Сол сияқты күміс медальге – 70 мың доллар, ал қола медаль үшін 50 мың доллар беріледі. Олимпиада чемпионы атанған боксшы барлығы 350 мың доллар сыйақы ала алады.

Татамиге алты дзюдошы шығады 

Токио Олимпиадасында алты қазақстандық дзюдошы өнер көрсетеді. Олар: Елдос Сметов, Ерлан Серікжанов, Жансай Смағұлов, Дидар Хамза, Ислам Бозбаев және Отгонцэцэг Галбадрах. Бас бапкер Ғалымжан Жылгелдиевтің айтуынша, кейбір салмақтарда жеребе ауыр түсті. 

"Иә, кейбір салмақтарда жеребенің ауыр түскенін мойындау керек. Дегенмен, бұл Олимпиада ойындары, осал қарсылас болмайды. Ойынға әлемнің ең мықты спортшылары келді. Бәрі де тарихта қалып, жүлде алуға тырысады", - дейді Жылгелдиев. 

Әсіресе, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, команда көшбасшысы Елдос Сметовтың тобы оңай емес. Оған Жапония мен Грузия балуандарына қарсы шығуға тура келеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от YELDOS SMETOV (@yeldos60kg)

"Жеңіл болады деп айта алмаймын. Әр салмақта өте мықты спортшылар кездеседі. Біз бәріне қарсы дайындалдық, олармен талай рет белдескенбіз", - деп атап көрсетті бас бапкер. 

Айта кеткен жөн, Елдос Сметов Рио Олимпиадасынан кейін 2019 жылы Анталья мен Будапештте өткен гран-при турнирлерінде топ жарған. Ал Токио Олимпиадасына дейін әлем чемпионатында қола медальді жеңіп алды. Сол кезде ол үшінші орын үшін жерлесі Ғұсман Қырғызбаевпен белдескен. Ертең, 24 шілде күні, Сметов алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Татамиге Шымкенттің өкілі Отгонцэцэг Галбадрах та шығады. 

Алексей Александрдың жетістігіне жете ала ма

Токио Олимпиадасында велоспорттан ерлер арасындағы жарыстарға үш қазақстандық спортшы - Алексей Луценко, Дмитрий Груздев және Вадим Пронский қатысады. Үшеуі де алғаш рет Олимпиада ойындарында бақ сынып көреді. Сарапшылар команда капитаны Алексей Луценкоға үлкен үміт артып отыр. Жақында ол "Тур де Франс" додасында жетінші орынға көтерілген. Бұл - отандық велошабандоздың ең үздік нәтижесі. Луценко тағы екі спортшыны артқа тастағанда Александр Винокуровтың жетістігін қайталайтын еді. Вино кезінде "Тур де Франстың" үздік бестігіне ілінген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Lutsenko Alexey (@lutsenko_alexey)

Ертең, 24 шілде күні, қазақстандық велошабандоздар топтық жарысқа қатысады. Дәл осы бәсекеде Александр Винокуров 2000 жылы күміс медальге ие болса, араға 12 жыл салып, Лондон Олимпиадасында алтыннан алқа тақты. 

Айта кеткен жөн, осы жолы қазақстандық велошабандоздар үш лицензия (спринт, омниум және кейрин)  ұтып алды. Ал спринтерлік жарыстарға алғаш рет қатысады. Бұған дейін Қазақстанда ондай лицензия болмаған. 

Рыпакова мен Баландиннен медаль күтеміз

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан ең көп жолдама алған. Бізде 11 лицензия бар. Алайда жүлделі орынға Ольга Рыпакова ғана ілігеді деген болжам айтылып жатыр. Оның жасы 36-да болса да, тәжірибесі мол. Осы уақытқа дейін Олимпиада ойындарының алтын, күміс және қоласын иеленген. Сондықтан жүлдегерлердің қатарынан көрінуі әбден мүмкін. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Olga Rypakova (@olgarypakova_official)

Баландин де бабында. 26 жастағы спортшы Олимпиада тұғырына қайта көтеріледі деген сенім бар. Соңғы бес жылдың ішінде ол бірнеше жарыста топ жарған. Мәселен, 2019 жылы Словенияда өткен халықаралық турнирде брасс әдісімен барлық дистанцияда жеңіске жетіп, топтық жарыспен бірге төрт алтын медаль иеленген. Ал Оңтүстік Кореядағы әлем чемпионатында 100 метрлік қашықтықта Қазақстанның рекордын жаңартты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dmitriy Balandin (@dmitriy_balandin_)

Айта кеткен жөн, Токио Олимпиадасында жүзуден тағы бір қазақстандық спортшы шығады. Ол – Диана Назарова. Биыл Халықаралық Олимпиада комитетінің жаңа ережесіне сәйкес, бір құрамадан ер адам ғана іріктеуден өтсе, жоғары көрсеткіші бар бір әйел спортшыны да жіберуге болады. Назарова дәл осы ереженің арқасында Олимпиадаға жолдама алды. Ол 100 метр қашықтықта шалқалап жүзуден жарысқа түседі. 

Теннисшілер ел үмітін ақтай ма

Биыл қазақстандық теннисшілер де жоғары жетістіктерімен көзге түсіп жүр. Соның арқасында елімізде осы спорт түрінен 8 бірдей лицензия бар. Спорт сарапшылары Александр Бублик пен Елена Рыбакинаға үміт артып отыр. Бірақ жекелеген сындарда мүмкіндік аз сияқты. Мәселен, Қазақстаннның бірінші ракеткасы Александр Бублик ресейлік Даниил Медведевке қарсы шығады. Бұған дейін Бублик осы қарсыласпен үш рет кездескен. Барлық кездесуде ұтылды, бірде-бір сетте жеңе алмады. Бұдан бөлек, Михаил Кукушкин аргентиналық Федерико Кориямен кездеседі. 

Әйелдер арасындағы бәсекеде Елена Рыбакина австралиялық Саманта Стосурамен, ал Юлия Путинцева аргентикалық Надя Подорошкамен жолығады. Дегенмен, жұптық сындарда қазақстандық теннисшілер жеңіске жетуі мүмкін.

Спорттық гимнастикадан да медаль ұтып алуымыз мүмкін. Бұл жарыстарда жерлесіміз Милад Карими өнер көрсетеді. Биыл маусым айында өткен әлем кубогында спортшымыз еркін жаттығудан алтыннан алқа таққан. Қоссырықтан күміс, ал қолды тіреп секіруден қола медаль жеңіп алды. Милади жалғыз өзі Токио Олимпиадасының жеті бірдей лицензиясын ұтқан. Сондықтан жүлделі орынға ілігеді деген сенім бар. 

Олимпиада бағдарламасына енген жарыстарға алғаш рет қатысамыз

Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар бағдарламаға енген жаңа жарыстарға да алғаш рет қатысады. Соның ішінде құзға шығу және карате бар. Мәселен, құзға шығу жарысында ел намысын Ришат Хайбуллин қорғайды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Rishat Khaibullin (@rishat_khaibullin)

Ал каратеде бес бірдей спортшымыз бар. Олар: Мөлдір Жаңбырбай (55 келі), Софья Берульцева (+61 келі), Дархан Асәділов (67 келі), Нұрқанат Әжіқанов (75 келі) және Данияр Юлдашев (+75 келі). 

Сондай-ақ, араға 20 жыл салып, қазақстандық спортшылар садақтан ату бойынша топтық жарыстарға қатысады.  

Айта кетейік, Жапонияның Токио қаласында өтетін XXII Жазғы Олимпиада ойындарына 97 спортшымыз қатысады. Олар 27 спорт түрінен сынға түседі. 

Бүгін кешкі сағат 17:00-де Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Оны "Хабар" телеарнасынан көруге болады. Ал жарыстар үш арнадан көрсетіледі. Олар - "Хабар", Qazaqstan және Qazsport.

 

573
Кілт сөздер:
Токио Олимпиадасы, Қазақстан, спорт
Тақырып:
Токио Олимпиадасы (115)
Тақырып бойынша
Олимпиада ойындарына дайындық кезінде спортшы найзағайдан көз жұмды
Олимпиада жүлдегері жанкүйерлерге үндеу жасады
Олимпиада-2020: Токио спортшыларды қалай қарсы алып жатыр – видео
Армениялық спортшы саусақпен автобусты жылжытты - видео
Қазақстандық спортшы теңіз жағасында үйленді – видео
Сауль Канело Альварес

"Канело" көз түйістіру кезінде төбелесіп кетті видео

1501
(Жаңартылды 11:28 22.09.2021)
"Канело" жекпе-жекке арналған баспасөз конференциясында қарсыласының кеудесінен итеріп жіберді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. WBA, WBO және WBC титулдарының иегері Сауль "Канело" Альварес супер орта салмақтағы IBF титулының иегері америкалық Калеб Плантпен төбелесіп қалды. Оқиға олардың жекпе-жегіне арналған баспасөз конференциясында болды.

​Көз түйістіру кезінде "Канело" қарсыласын қатты итеріп жіберді. Боксшыларды баспасөз конференциясына қатысушылар ажыратты.

Альварес пен Плант арасындағы жекпе-жек 6 қарашада АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Спортшылар супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін таласады.

"Канелоның" соңғы жекпе-жегі 8 мамырда өтті, ол Билли Джо Сондерсті ұтып, WBO чемпионы болды.

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен екі рет жұдырықтасты. Бітіспес қарсыластар алғашқы жекпе-жекте тең түссе, екіншісі Альварестің жеңісімен аяқталды.

Оқи отырыңыз:

1501
Кілт сөздер:
Сауль 'Канело' Альварес, төбелес
Виды столицы

Танымал қазақстандық спортшы карьерасын аяқтады

83
(Жаңартылды 10:59 22.09.2021)
Элизабет Тұрсынбаева ұзақ уақыттан бері денсаулығы мазалап жүргенін жасырмады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2019 жылғы әлем вице-чемпионы Элизабет Тұрсынбаева карьерасын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлады Prosports.kz.

Элизабет Турсынбаева (Казахстан), завоевавшая серебряную медаль в женском одиночном катании на чемпионате мира по фигурному катанию в Сайтаме
© REUTERS / ISSEI KATO
2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева

Элизабет Тұрсынбаева Instagram-парақшасында карьерасын аяқтауға арқасынан алған жарақаты себеп болғанын айтты. Ол ұзақ уақыттан бері денсаулығы мазалап жүргенін жасырмады.

Мәнерлеп сырғанаушы халықаралық сайыстарда барлығы 39 медаль иеленді. Олардың 17-і алтын. 2019 жылы әлем чемпионатында күміс жүлде алды.

Оқи отырыңыз:

83
портфель ұстаған адам

"Айына 643 мың теңге алады": сенатор мәслихат басшыларының жалақасын жариялады