Қамшыбек Қоңқабаев пен Ольга Рыпакова

"Мен үшін ең әдемі ту ұстаушы": Рыпакованың киім үлгісі  көпшілікті тәнті етті

2894
(Жаңартылды 15:20 24.07.2021)
Киім үлгісін дайындауға Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің мамандары атсалысты

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Қазақстан құрамасы Токиодағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында жанкүйерлерді тамсандырды. Қамшыбек Қоңқабаевпен бірге еліміздің туын көтеріп шыққан Ольга Рыпакованың киім үлгісін көпшілік жылы қабылдады. 

Сборная Казахстана на Олимпийском стадионе в Токио
© AFP 2021 / BEN STANSALL
Олимпиада стадионындағы Қазақстан құрамасы

Олимпиаданың ресми түрде ашылуына бірнеше күн қалғанда Forbes шолушысы команданың формасын ең стильді киім үлгілері қатарына жатқызған болатын, деп жазды Olympic.kz. 

Жанкүйерлер мен көрермендер үшін ту ұстайтын спортшыларға арнайы тігілген киім тосынсый болғаны анық.

Ольга Рыпакова мен Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада ауылында

Қазақстан командасы боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлет Ольга Рыпакова бастап шықты. Олардың киім үлгілері Ұлттық Олимпиадалық комитеттің тапсырысы бойынша арнайы тігілді. Киім үлгісін дайындау барысына Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің мамандары атсалысса, дизайн және киімді тігумен танымал алматылық модельер Виолетта Иванова айналысты.

Әдемі көйлек Ольга Рыпакованың ажарын одан әрі аша түсті. Шетелдік жанкүйерлер де олимпиада чемпионының киім үлгісін жоғары бағалап, мақтау сөздерін жаудырып жатыр. 

"Олимпиадашылар костюмінің ішіндегі ең әдемісі. Мен Жапонияданмын. Сіздің командаңызға ойында сәттілік тілеймін". 

Скриншот - комментарии в Сети
Скриншот - Желідегі жазба

"Мен Италияданмын. Бұл қыз мен үшін ең әдемі ту ұстаушы". 

"Ол керемет. Атын білсе бола ма?".

Сондай-ақ, жанкүйерлер ҰОК Instagram парақшасының Direct-не тоқтаусыз жазып жатыр.

"Сондай әдемі! Көптеген жапон осылай ойлайды". 

​Одан бөлек, біздің спортшылар мен ту ұстаушылар олимпиадашылар шеруіне дейін де, кейін де көпшілік назарында болды. Олимпиадалық ауылдағылардың барлығы дерлік біздің Рыпакова және Қоңқабаев сынды спортшыарымызбен суретке түсуге асықты. 

2894
Тақырып:
Токио Олимпиадасы (115)
Сауль Канело Альварес

"Канело" көз түйістіру кезінде төбелесіп кетті видео

1513
(Жаңартылды 11:28 22.09.2021)
"Канело" жекпе-жекке арналған баспасөз конференциясында қарсыласының кеудесінен итеріп жіберді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. WBA, WBO және WBC титулдарының иегері Сауль "Канело" Альварес супер орта салмақтағы IBF титулының иегері америкалық Калеб Плантпен төбелесіп қалды. Оқиға олардың жекпе-жегіне арналған баспасөз конференциясында болды.

​Көз түйістіру кезінде "Канело" қарсыласын қатты итеріп жіберді. Боксшыларды баспасөз конференциясына қатысушылар ажыратты.

Альварес пен Плант арасындағы жекпе-жек 6 қарашада АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Спортшылар супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін таласады.

"Канелоның" соңғы жекпе-жегі 8 мамырда өтті, ол Билли Джо Сондерсті ұтып, WBO чемпионы болды.

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен екі рет жұдырықтасты. Бітіспес қарсыластар алғашқы жекпе-жекте тең түссе, екіншісі Альварестің жеңісімен аяқталды.

Оқи отырыңыз:

1513
Кілт сөздер:
Сауль 'Канело' Альварес, төбелес
Виды столицы

Танымал қазақстандық спортшы карьерасын аяқтады

84
(Жаңартылды 10:59 22.09.2021)
Элизабет Тұрсынбаева ұзақ уақыттан бері денсаулығы мазалап жүргенін жасырмады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2019 жылғы әлем вице-чемпионы Элизабет Тұрсынбаева карьерасын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлады Prosports.kz.

Элизабет Турсынбаева (Казахстан), завоевавшая серебряную медаль в женском одиночном катании на чемпионате мира по фигурному катанию в Сайтаме
© REUTERS / ISSEI KATO
2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева

Элизабет Тұрсынбаева Instagram-парақшасында карьерасын аяқтауға арқасынан алған жарақаты себеп болғанын айтты. Ол ұзақ уақыттан бері денсаулығы мазалап жүргенін жасырмады.

Мәнерлеп сырғанаушы халықаралық сайыстарда барлығы 39 медаль иеленді. Олардың 17-і алтын. 2019 жылы әлем чемпионатында күміс жүлде алды.

Оқи отырыңыз:

84
жолдағы шұңқырлар

Министрлік ресейлік актердің "Атырау-Астрахань" жолына қатысты сынына жауап берді

0
(Жаңартылды 12:18 23.09.2021)
Орталық Азия елдерінен келетін транзиттік көліктің артуына байланысты жолдың жағдайы нашарлады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Ресейлік актер, шоумен Станислав Ярушиннің "Астрахань-Атырау" жолы туралы "мұндай нашар жолды өмірімде бірінші рет көріп тұрмын" деген сөзінен кейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жолдың сапасына қатысты түсініктеме берді. 

"Жалпы ұзындығы 277 шақырымдық "Атырау-Астрахань" автожолы өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған. 8 тоннаға дейінгі салмақты көтеретін III техникалық санаттағы республикалық маңызы бар жол. Жолдың техникалық жағдайы ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары есебінен сақталды. Орталық Азия елдерінен келетін ауыр жүк тасымалдайтын транзиттік көлік құралдарының артуына байланысты жолдың жағдайы нашарлады", - делінген хабарламада.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, 2018-2019 жылдары "Атырау-Астрахань" жолының барлық шақырымына жобалау-сметалық құжат әзірленді.

2019 жылы Ресей Федерациясы шекарасынан Ганюшкино кентіне дейін ұзындығы 60 шақырымдық бірінші учаскені қайта жаңарту басталды.

"Ұзындығы 217 шақырым болатын қалған учаскелерде құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылы басталды. Биыл ұзындығы 92 шақырымдық учаске пайдалануға беріліп, қалған 185 шақырымындағы жұмыстарды келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр", - деді ведомстводағылар.

Оқи отырыңыз: 

 

0
Кілт сөздер:
жол, Атырау, сын
Тақырып бойынша
1 қарашадан бастап Қазақстанда қандай жолдар ақылы болады
Ақылы жолдар мәселесі: көлік жүргізушілерінің наразылығы немен аяқталды
Нұр-Сұлтаннан Балқашқа дейінгі жаңа жол қашан ашылады