Василий Левит-91кг.  Тренировка сборной по боксу

Токио Олимпиадасы: Левит нокаутқа түсіп қалды видео

2058
(Жаңартылды 16:37 27.07.2021)
91 келі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек өте тартысты басталды. Бірінші раунд испаниялық боксшы Эммануэль Рейестің пайдасына шешілді

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшы Василий Левит алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

91 келі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек өте тартысты басталды. Бірінші раунд испаниялық боксшы Эммануэль Рейестің пайдасына шешілді. Ал екінші раундтың басында Левит қарсыластың сериялық соққысынан кейін нокаутқа түсіп қалды. Бірақ аяғына тұрды. Төреші оның теңселіп тұрғанын көріп, жекпе-жекті тоқтатты.

  
Левит Рио Олимпиадасында күміс жүлдені жеңіп алған болатын. 

Токио Олимпиадасында бұған дейін Серік Теміржанов (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі) мен Сәкен Бибосынов (52 келі) алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізген еді. Ал Абылайхан Жүсіпов (69 келі) америкалық боксшыдан жеңілді.

Одан бөлек, Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) бар. Ал әйелдер арасындағы бокста ел намысын жалғыз Надежда Рябец (75 келі) қана қорғайды.

2058
Кілт сөздер:
Василий Левит, олимпиада, Токио Олимпиадасы, бокс, нокаут
Тақырып:
Токио Олимпиадасы (115)
Тақырып бойынша
Зал шулап кетті: Левит төрешілердің шешіміне аң-таң болды – видео
Василий Левит Азия чемпионатының күміс медалін тағудан бас тартты – видео
Василий Левитке Олимпиадаға жолдама берген жекпе-жектің видеосы жарияланды
Қазақстан үшін сәтті салмақтағы боксшы алғашқы жекпе-жекте ұтылды
  Астана - Каспий матчы

"Каспий" жанкүйерлері алаңдағы тәртіпсіздіктен кейін жазаланды

18
"Каспий" футбол клубы маусымның соңына дейін өз алаңындағы барлық матчты көрермендерсіз ойнайды  

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек –  Sputnik. Қазақстан футбол федерациясы бақылау-тәртіптік комитеті "Каспий" футбол клубына Қазақстан чемпионаты матчтарын осы футбол маусымының соңына дейін көрермендерсіз өткізу түрінде санкция салды, деп хабарлады Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметі.

"Жанкүйерлердің орынсыз әрекеті үшін, яғни кездесудің ресми тұлғаларына балағат сөздер айтып, қарсылас команданың ойыншыларына бөтелке лақтырып, алаңға шығып кеткені үшін және ойынның қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуіне байланысты "Каспий" ФК-ға осы футбол маусымының соңына дейін OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының өз алаңындағы ойындарын көрермендерсіз өткізу түрінде санкция салынды", - деп жазды федерация Instagram-дағы аккаунтында.

Естеріңізге сала кетейік, 22 қыркүйекте ақтаулық "Каспий" мен елордалық "Астана" арасындағы футбол матчы ұрыс-керіспен аяқталды, жанжалды жеңілген "Каспий" жанкүйерлері бастады. Ойын аяқталғаннан кейін нәтижеге көңілі толмаған жанкүйерлер ойыншыларға дөрекі сөздер айтып, алаңға бөтелкелер мен басқа заттарды лақтыра бастады.

Сондай-ақ видеодан алаңда жүрген жанкүйерлердің бірі "Астана" клубының жартылай қорғаушысы Тигран Барсегянға допты бір тепкенін көруге болады. Осыдан кейін екі команданың ойыншылары арасында төбелес басталды.

Оқи отырыңыз:

18
Астана - Каспий матчы

Ақтауда өткен матчтан кейін жанкүйерлер полицияға жеткізілді видео

42
(Жаңартылды 08:24 24.09.2021)
Сүйікті командасының ұтылғанына көңілі толмаған жанкүйерлер "Астана" футбол клубы автобусының өтуіне кедергі жасады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек — Sputnik. "Каспий" мен "Астана" матчынан кейін полиция бес жанкүйерді ұстады. Олар Ақтаудың полиция басқармасына жеткізілді, деп жазады "Лада".

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sports.ru Казахстан (@sportsru_kz)

Алаң иелері 0:1 есебімен жеңілген болатын. Жанкүйерлер матч нәтижесіне наразылық танытты. "Каспий" командасының екі жанкүйері алаңға жүгіріп шығып, төрешілер бригадасына барды. Екі-үш минуттан соң полицейлер оларды орнына қайтарды.

"Кездесу аяқталған соң "Каспий" жанкүйерлері стадион аумағының артында жиналып, барабан ұрып, наразылығын білдірді. Олар "Астана" футбол клубы автобусының өтуіне кедергі жасауға тырысты. Полиция ескертуіне мән бермеді. Бес жанкүйер ұсталып, түсіндіру жұмысын жүргізу үшін қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Бұдан соң өзгелері тарқады", - деді полиция департаментінде.

"Астана" футбол клубының екі автобусы полициямен бірге қонақүйге жеткізілді. Футболшыларды тәртіп сақшылары күзетке алды.

Оқи отырыңыз: 

42
Кілт сөздер:
Ақтау, футбол, видео
Тақырып бойынша
Министр сөйлеп тұрған кезде залда футбол көріп отырған шенеунік видеоға түсіп қалды
Қазақстандық футбол клубының директоры қайтыс болды
Футбол ойнай алмағаны үшін мазаққа ұшыраған – оқушы өзіне қол салды
Болашақ Месси: төрт жасар астаналық футбол жаттықтырушысын таңғалдырды - видео
"Ertis" футбол клубының директоры сотталды
 Ақорда ғимараты

Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға шала жұмыстар кесірін тигізбеу керек президент

0
Тоқаев Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға қатысты бюджетаралық қатынастардың нақты механизмдерін анықтап алу керек деп есептейді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Ақордадағы реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында ұлттық жобаларды қаржыландыру мәселесі қарастырылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Қаржыландыруға қатысты мәселе бар. Презентацияға сәйкес, жекелеген іс-шараларды жүзеге асыру шығынының бір бөлігін көтеру, яғни 3,3 триллион теңге қаржы бөлу жергілікті бюджетке жүктеліпті. Бұл аз қаражат емес. Жергілікті бюджет бұған дайын ба? Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға қатысты бюджетаралық қатынастардың нақты механизмдерін анықтап алу керек", – деді президент.

Оқи отырыңыз: Инфляция бекітілген межеден әлдеқашан шығып кеткен – Тоқаев 

Тоқаев жеке инвестицияларға қатысты мәселені де қозғады. Оның айтуынша, ұлттық жобаларды қаржыландыруға қажетті 49 триллион теңгенің 33 триллионы немесе жалпы соманың 67 пайызы бюджеттен тыс қаражатқа тиесілі.

"Бұл қаржылар егжей-тегжейлі пысықталып, нақты жобаларға бағытталған және қаржыландыру көздері анықталған деп ойлаймын. Жеке инвесторлармен арадағы шала жүргізілген жұмыстардың кесірінен ұлттық жобалардың жүзеге асырылмай қалуына жол бермеу қажет. Жеке инвестицияларды тиімді тарту мәселесі бюджет қаржысын ақылға қонымды пайдалану сияқты маңызды екенін естеріңізге саламын", – деді мемлекет басшысы.   

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі талқылаулар мен президент әкімшілігінің ескертпелерін ескере отырып, жалпы ұсынылған ұлттық жобаларды мақұлдауды ұсынды. Үкіметке бекіту туралы тиісті қаулыны екі апта ішінде қабылдауға тапсырма берілді.

"Үкімет пен Агенттік сараптама қоғамдастығы мен халық арасында тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізгені жөн. Айтылуы мүмкін сындарға нақты әрі жедел жауап беру қажет. Үндемей қалуға болмайды. Конструктивті диалог жүргізу керек. Ұлттық жобалар бекітілгеннен кейін бірден жүзеге асыруға кірісіңіздер", - деп тапсырды мемлекет басшысы.

Президент ұлттық жобалардың жүзеге асырылуына қарай олардың орындалу барысын қарастырып, қажетті шешімдер қабылдайтынын атап өтті.

0