Спорт

Баландин Олимпиаданың жартылай финалына өтті

© Photo : сайт НОК КазахстанаКазахстанский пловец Дмитрий Баландин
Казахстанский пловец Дмитрий Баландин - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2021
Жазылу
Осы жолы қазақстандық спортшы 200 метрді 2 минут 8 секундта жүзіп өтті. Сайыс ережесіне сәйкес, үздік көрсеткішке ие болған он алты жүзуші жартылай финалға өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин 200 метр қашықтықта брасспен жүзуден жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

2016 жылы Баландин дәл осы қашықтықта Рио Олимпиадасының алтын медалін жеңіп алған болатын. Осы жолы қазақстандық спортшы 200 метрді 2 минут 8 секундта жүзіп өтті. Осылайша, 40 қатысушының ішінен 7-ші орынға ие болды. Ал сайыс ережесіне сәйкес, үздік көрсеткішке ие болған 16 жүзуші жартылай финалға өтеді.  

Бұған дейін Баландин 100 метр қашықтықты 59,75 секундта жүзіп өткен. Бірақ жартылай финалға өте алмады. 
Айта кетері, қыздар арасындағы жарыстарда Қазақстан намысын Диана Назарова қорғайды.

Бұдан бөлек, ашық суда жүзуден Виталий Худяков өнер көрсетеді. Оның лицензиясын кеш рәсімдеп берген.

Жаңалықтар
0